4. ҚР-ның "Неке мен отбасы туралы" (1999 жылдың 1 қаңтарындағы) жаңа
заңында неке келісімшарты туралы айтылады. Онда неке келісімшарты
дегеніміз некеге түсуші тұлғалардың немесе жұбайлардың келісімі екендігі
некедегі не оның бұзылуы кезіңдегі жұбайлардың мүліктік құқықтары мен
міндеттерін анықтайтыны айтылған.
Неке келісімшартына отыру мүмкіндігі заң жүзінде 1993 жылдың қазан
айынан бері белгілі. Бірақ 1996 жылдың 1 шілдесіңдегі жағдай бойынша
республикада не бары 13 неке келісімшарты жасалып, нотариалды
куәландырылған (некеге отырғандар саны 10 мың есеге артық). Бұл тек
Алматы қаласында ғана, ал Қазақстанның өзге қалалары мен облыстарында
мұндай жағдай мүлде жоқ. Қазіргі кезде статистика айтарлықтай өзгере
қойған жоқ.
Зерттеушілер мынадай сұрақ қояды: некелелесушілер мен некеде
бұрыннан тұрғандар таласты жағдайларды шешуге арналған неке
келісімшарты бойынша өздерінің мүліктік құқығы мен міндеттерін шешуге
43
тілек білдіретіндер саны неге аз? Біздің қоғамда мазасыздануға негіз жоқ
шығар? Бірақ практика көрсеткендей, статистика нақтыланғандай: үш жұп
некелесуге өтініш білдірсе, екі жұп ажырасуға тілек білдіреді. Ажырасудың
жалпы коэффициентінің арту үрдісі 2015 жылға дейін болжанған. Ал бұл әлі
де көптеген отбасылық жұптар олардан рухани, дене және материалдық
шығындарды қажет ететін процестерге тартылатынын көрсетеді. Көріп
отырғанымыздай, біздің қоғамымызда ажырасу коэффициенті өте жоғары.
Бірақ отбасын жеке өмірді ұйымдастыру формасы ретінде тұрақты және
салыстырмалы түрде жоғары мәртебе санайтын отбасылар да азаймайды.
Бірақ ажырасуға әкеп соғатын драмалық жағдайлар жойылып кете ме? Оның
үстіне, ажырасуға дәлелді себептер де негіз болуы мүмкін, оған түсіністікпен
қарау керек.
Сонымен қатар, бала мен ата-ансының қызығушылықтарын қорғауға
арналған бағыттарда, яғни азаматтардың жеке және отбасы өмірінің
құпияларын заң арқылы сақтауды қарастырған. Бала асырап алу құқығына
біршама жаңартулар еңгізіліп, олардың маңыздылығын арттыра түсті.
Осымен қатар, депутаттар көкек аналардыңда (суррогатная мать)
құқықтарын қорғап (репродуктивті мақсатта), заңдастыру мақсатында жаңа
ережелерді еңгізді. Көкек ана 25 -30 жас аралығындағы «кемінде өзінің бір
баласы бар ана» бола алады. Оның отбасылық жағдайы ешқандай мәнге ие
емес. Республика ішінде бала асырап алуды ынталандыру мақсатында
баланы қамтамасыз етуге жәрдем ақы беру қарастырылды. Ал бала асырап
алуға шет ел асып келгендердің жағдайы Сыртқы істер министерлігінің
қарауында болады.
№7 Дәріс: Мәдениет әлеуметтануы.
Жоспары:
1. Мәдениет: мәні, әдістері, қызметтері.
2. Мәдениет түрлері. Мәдениет дамуының заңдылықтары.
3. Субмәдениет және контрмәдениет.
1. Мәдениет әлемінің күрделілігі мен көп қырлылығы соншалық, әрбір
ғылым – философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану,
әлеуметтану – осы құбылысты тануды оқып үйренуде. Әлеуметтану ең
алдымен қоғамның дамуы мен қызмет етуіне мәдениеттін тигізер әсерін
зерттейді. Мәдениет социумда орын алып жатырған барлық өзгерістерді
басынан кеше отырып, әлеуметтік үдірістердін мәнің анықтауға өз үлесін
қосады. Алғашында «мәдениет» сөзі жерді өңдеу тәсілі мағынасын білдірді (
colege – лат. өсіру, күту, ол туралы қайғыру). XYII-XYIII ғасырларда
европаның қоғамдық санасының мәдениетке деген басқаша кең ұғымда
қарауы, мәдениетті европаның өзіндік санасының орталық ұғымына
айналдырды.
44
Ағартушылық дәуірінде мәдениетті «натура», табиғилыққа қарсы
тұратын ұғым ретінде қарастырды. Оның талдануы екі мағынада өрбіді:
табиғат барынша жетілмеген, ал мәдениет болса соған жетудегі құрал
немесе, керісінше, табиғат - идеалды үйлесімділікте, ал мәдениет – оны
жасандылыққа, өнің айналдыруға алып келеді - деп қарастырды.
XYIII ғасырдың аяғында мәдениет негативті жағынан көрінуін мүлдем
тоқтатып, мәдениет құрал ретінде түсіндіріледі, яғни адамдар соның
арқасында табиғи-жаратылысынан жоғарыға биіктеп асып өтеді.
XYIII-XIX ғасырларда Германияда, одан кейін Ресейде мәдениет пен
өркениетке басқаша антитезистер беріле бастады. Мәдениет рухани, моралды
және эстетикалық құндылықтарымен өркениетке қарсы тұрушы.
Өркениет ең алдымен материалдық және технологиялық үдірістермен
байланыста болса, ал мәдениет – адамдардың жоғарғы құндылықтарының
негізінде қалыптасқан рухани, идеалды үдірістермен байланыста, яғни үдіріс
ктегориясын жатсынушы.
ХХ ғасырда мәдениет астарында тек шығармашылық өнер үдірістері
ғана емес, адамдардың әлеуметтік өзін өзі түсінуі, қоғамдағы орын алып
отырған ең алдымен ізгілік, құндылық, көзқарас және т.б. түсіндірілді.
Осыдан келіп адамдар тіршілігінің сыртқы жағдайлары мен адамдар
табиғатының ішкі дүниесіне қызығушылықтар пайда болады. Мәдениет
ұғымының мазмұнын анықтай отырып, қазіргі зерттеушілер, ереже ретінде,
қоғамдағы әлеуметтік бағыттың атқарушы функциялары норма, құндылық,
идеалдардың жиынтығымен тепе-тең қояды. Адамдардың өмірлік әрекетінің
дамуы мен ұйыдастырыу әдісінің ерекшелігі, материалдық және рухани
еңбектерінің жемісі болып табылады. Мәдениет адам мен табиғат, адам мен
қоғам, адам мен адам арасындағы жүйелік қатынас ретінде қарастырылады.
Осылайша, мәдениет тірі адам қызметі ретінде оларды жасаушы және
құндылықтардың жиынтығын (рухани және материалдық) таратушы,
сонымен қатар сақтаушысы.
Осыдан келіп мәдениеттің негізгі функциялары анықталады:
адамзат шығармашылығы (гуманистік), яғни оның өмір сүруінің
барлық формаларындағы адамдардың шығармашылық әлеуетінің дамуы
(басты функция);
гносеологиялық (танымдық), мәдениет қоғамның, әлеуметтік топтың
және жеке адамның өзін өзі тану құралы болып табылады.
ақпараттық - әлеуметтік әдістерді тасмалдау қызметі, өткенді, осы
уақытты және болашақты байланыстырумен қамтамасыз етуші.
коммуникативті - өзара түсінушілікпен қамтамасыз ететін, әлеуметтік
тіл табысу қызметі.
бағытталған құндылықтар, мәдениет белгілі бір жүйеге координат
қалыптастырады, яғни «өмір құндылықтарының картасы» осыған қарап
адамдар бой түзейді.
нормативті ретке келтіруші, яғни мәдениет адамдардың мінез-құлқын
реттеп отырушы әлеуметтік құралдың бақылауы.
45
«Мәдениет»
ұғымының
біріңғай
түсіндірілмеуі
әлеуметтік
зерттеулердің де әртүрлі әдісте болатындығын көрсетеді. Мәдениет
әлеуметтануы мәдениет дамуының әлеуметтік заңдылықтарын зерттеумен
айналыса отырып, олардың адамдар әрекетінде пайда болуын, идея түрінде
таралуын және сақталуын анықтайды.
Кең мағынада мәдениет әлеуметтануы әлеуметтанудың бір саласы ғана
емес, ол қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін қамтып, өзінің ерекше
дүниетанымымен басқаша қырынан қарайды. Кез келген мақсатты
әлеуметтік әрекеттерден мәдениеттің мәнің көруге болады: еңбектен,
тұрмыстан, саясаттан, денсаулық сақтаудан, білім беруден және т.б. Тар
мағынада мәдениет әлеуметтануы рухани салада ғана орын алатын пән
болып табылады. Мәдениетті әлеуметтік тұрғыдан зерттеуде оның
аксиологиялық аспектілері ерекше мәнге ие болады, яғни мәдениеттің
элементтерін біріктіріп жүйеге айналдыруға мүмкіндік тудырады.
Мәдениет әлеуметтік зерттеулер барысында келесі міңдеттерді шешуі
қажет: а) репрезентативтік идеяларды анықтауға, б) олардың өндірушілерін
тағайындауға, в) каналдары мен оларды тарату құралдарын анықтауға, г)
әлеуметтік топтар, институттар мен қозғалыстардың қалыптасуы мен
құлдырауына тигізер ықпалдарын бағалау.
2. Әлеуметтануда бөлудің біршама дәстүрлі формалары мен мәдени
құбылыстарды эмпирикалық талдаулар орын алады.
Тасмалдаушы – субъект бойынша мәдениет қоғамды тұтас бөліп
қарастырады. Осы тұста мәдениет әрдайым өз үйлесімділігін табалмай
жатады. Мысалыға бүгінгі тандағы ұлттық мәдениеттерді, қоғам мен жеке
мәдениет араларындағы келіспеушіліктерді келтіруге болады.
Функционалдық ролі бойынша мәдениетті жалпы, яғни қоғамның
барлық мүшелеріне қажет және ерекше, яғни тек кәсібіне ғана байланысты
бөлуге болады.
Бірақ та бұлардың арасында қатаң орын алған шекара жоқ, яғни олар
қажеттіліктеріне байланысты бір біріне өтіп, қабылданып отырады.
Пайда болуына байланысты (генезисіне) халықтық мәдениет, яғни
нақты жеке авторының болмауы (мысалы, фольклор) және «ойшылдар
мәдениеті», яғни кәсіпқойлардан, интелегенциядан туылған; олардың
авторын кездестіруге болады.
Мәдениеттің түріне байланысты материалдық мәдениет (мысалы,
материалдық игіліктерге байланысты өндірілген мәдениеттер) және рухани
мәдениет (өнер, шығармашылық, ғылым және т.б.)
Мәдениеттің материалдық және рухани болып бөлінуі шартты түрде.
Өзінің сипатына және «арнаулы мақсатына» байланысты мәдениет діни және
зиялы болып бөлінеді.
Әлеуметтану мәдениет дамуының негізгі бірнеше занңдылықтарын
бөліп көрсетеді.
Қоғам өмірінің табиғи және жасанды жағдайларына тәуелді мәдениет
түрі өзгермелі болып келеді.
46
Мәдениет дамуының сабақтастығы. Ол уақытша (тік) және кеңістікте
(көлденең), позитивті (мәдени дәстүрдің жалғасуы) және негативті (бұрынғы
мәдениетті терістеуші) болуы мүмкін.
Мәдениет дамуының біркелкі болмауы, яғни екі аспектіде орын
алады: а) өркендеу мен құлдырау мәдениеті; б) мәдениет түрінің өзі біркелкі
дамымайды. Бүгінгі экологиялық мәдениеттің мүлдем болмауы.
Мәдениет үдірісіндегі жеке адамдардың, тұлғалардың ерекше ролі.
Мәдениеттің қызмет етуі мен дамуы үшін жоғарғы маңызға ғылым мен
технология ие болып, өндірістер мен мәдени құндылықтардың таралуы үшін
жаңа мүмкіндіктерді ашуда. Сапалы үш секірісті атап көрсетуге болады:
жазбаның пайда болуы, көптеген мәдени шығармалардың сақалуына
алып келді.
кітап баспаларының пайда болуы, мәдени өнімдердің көптеп
таралуына алып келді.
ғылым мен техниканың бүгінгі жетістіктері (теледидар, география,
архитектурадағы жаңа материалдар және т.б.). Олардың және негатиаті
жақтары.
Ғылыми техникалық революция бұқаралық мәдениеттің кең таралуына
мұрындық болды. Бұқаралық мәдениет идеясы 20 жылдары бұқаралық қоғам
доктринасының шеңберінде пайда болды. ХХ ғасырдағы бұқаралық қоғам
теориясының пайда болуы, класстық поляризация жоғалып және тарихи
үдірістегі басқарушы ролді «бұқараның» алуынан. «Бұқара» ұғымы тек
сандық тұрғыдан ғана сипатталмай, сонымен қатар сапа жағынанда көрінеді:
тұлғаның жоғалуы, сезімнің орын алуы, интеллект және өз ісіне, шешіміне
жеке жауапкершіліктің азаюы. Лебон мен Тардтың ойынша, қоғам бұқара
(немесе тобыр), жан жағындағы орын алып жатырған әрекеттердің мәнің
түсінбейтін және жоғарғы мәдени құндылықтарға қол жеткізген элита болып
екіге бөлінеді. Осыдан келіп «тобыр» әлеуметтік машинаның элементін
құрап, «бұрандасына» оның қажеттілік жатады. Тобырлық мәдениет шынайы
мәдениетке қарсы шығады.
Тобырлық мәдениеттің мәнінің астарында тек қажеттілік қана жатыр.
Оның басты функциясы – көңіл көтеру, ләззат алу. Бұл әлеуметтік тапсырыс
негізінде ішкі даму көзі мен функцияларынан айрылған мәдениет болып
саналады. Тобырлық мәдениеттің орын алуы адамдардың тез, жеңіл оймен
бейімделуінен. Нәтижесінде тобырлық мәдениет бизнестің ерекше бір түріне
айналады, яғни адам оның қажеттілігін қанағаттандырушы. Тобырлық
мәдениеттің мысалы ретінде теледидардағы шексіз сериалдарды келтіруге
болады.
Тобырлық мәдениеттің шоғырланып таралуы – китч (нем. сөзінен
Kitsch-халтура, талғамсыз, штамп). Ол бұқаралық урбанизациялану кезіңде
пайда болады, яғни ауылдан қалаға келіп, өзінің ортасын таба алмаудан.
Китчаның міңдеті – сағым бақытты тудыру. Дәл осы китчаның кең тарлуы
батыс әлеуметтанушыларын мынадай қорытындыға алып келді, яғни
халықтардың материалдық және мәдениет деңгейлерінің арасында керісінше
47
байланыс бар: өмір сүру денгейінің тез арада өсуі, олардағы рухани
сұраныстын азаюына алып келеді.
Батыста 60- жылдары тобырлық мәдениет өзінің мазмұны жағынан
күйзеліске ұшырады. Батыс европалық елдердегі мақсатсыз жасалған жастар
бүлігі, тобырлық мәдениеттің тиімсіз жақтарын көрсетіп берді. Мынадай
қорытынды жасалды, яғни бір қоғамдық идеалды әртүрлі топтар (жасына,
кәсібіне,
аймағына
және
т.б.)
әртүрлі
әдістермен
қабылдады.
Әлеуметтанушылардың алдында мынадай міңдеттер тұрды:
мәдени белгілеріне байланысты топтарды анықтау.
олардың бір-бірімен байланысындағы ортақ қызығушылығын
анықтау.
сол немесе басқада топтарға әрект ету құралдарын, жолдарын және
әдістерін анықтау.
Тобырлық
мәдениет
әртүрлі
әлеуметтік
топтардың
ерекше
сипаттарымен толықтырылады. Шынайы және тобырлық мәдениет өздерінің
мақсаты және құндылықтары бойынша бір-бірінен ерекшеленсе, онда суб
және контрмәдениеттер - әртүрлі әлеуметтік топтын мәдениеті: ересектер,
кәсіпқойлар, аймақтық және т.б. Одан басқа оларды ұсақ мәдениет деп те
атайды. Кез-келген субмәдениеттің жалпыдан ерекшелеп тұратын, өзінің
құндылықтары, мінез-құлқы, киім киюі, тіл табысу мәнері болады. Осымен
қатар субмәдениет белсенді түрде осы өмір сүру бейнесін және
қызығушылықтарын қорғауға әрект етеді (жабық немес ашық агрессиялар).
Соңғы жылдары әлеуметтанушылар жастар субмәдениетін зерттеуге көп
назар аударуда. Ұзақ уақытқа дейін кеңес қоғамында, яғни әлеуметтік
біркелкілікте жастардың өздеріне тән құндылықтары бар екендігін
мойындамай келді. Өзіндік ерекшелігі бар басқа формадағы мінез-құлықтар
орын алуы аномалия, әлеуметтік ауытқулар немесе батысқа еліктеу ретінде
қарастырылды. Кейбір позициялар бұл ауытқуларды, қоғамды өзіне назар
аудартушылар - деп ұсынды. «Формалды емес жастар ұйымы» термині
осылайша өмірге келіп, күнделікті қолданысқа айналды. Батыс
әлеуметтануында бұл құбылысты түсіндіру үшін peer group категориясын
пайдаланады. Peer латынның par(тен) сөзінен шыққан, яғни теңдік тек жас
жағынан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік статус, көзқарас, құндылық,
міңез-құлық нормаларының бірдей болуы.
Жастардың субмәдениеттік белсенділігі бірнеше факторларға тәуелді:
білім алу денгейінен. Студенттер мен арнайы мамандандырылған оқу
орындары студенттері.
жас ерекшелігінен. Белсенділіктін арту шыны- 16-17 жас, 21-22 жас
аралығында ол аздап төмендей бастайды;
өмір сүретін жеріне байланысты. Қалада тұрушылардың саны көптеп
кездеседі, оларда мүмкіндіктер көп бола тұрсада.
Жастардың формалды емес бірлестіктері әлеуметтік бағыттарының
сипатына, топтық құндылықтарының түріне, бос уақыттарын өткізу
ерекшеліктеріне
байланысты
ерекшеленеді.
Олардың
біршама
48
танымалдылары қазіргі әртүрлі спорт түрлеріне, музыкаға, биге әуесқойлар
– шамамен 80%. Қалғандары әртүрлі салада.
Субмәдениет, билік етіп отырған мәдениетке ашық түрде
келіспеушілікке шықса, онда ол контрмәдениет деп аталады. Бұл термин
американ әлеуметтанушысы Т.Раззактын еншісінде, яғни ол бұны Батыстын
60 жылдарындағы жастар қозғалысын сипаттау үшін қолданды. Басқаша
айтқанда, контрмәдениет - бұл белгілі бір әлеуметтік топтың комплексінің,
құндылық және нормаларының жиынтығы, яғни қоғамда билік етіп отырған
жалпы мәдентке қарсы шығу.
Мәдениеттің іштей біркелкі емес екендігін ескере отырып,
әлеуметтанушылар көп қырлы моделін жасауға тырысып, яғни қоғамның
жан-жақты өзгеруі мәдениеттің әртүрлі өлшемін қалыптастыруда. Осы
жүйенің астарында мәдениет субординация принципі бойынша емес,
бағынушы, қосымша принцип бойынша қатынас жасауда. Осы модель
әлеуметтік құрылым, әлеуметтік тапсырыстың белгілі бір мінез-құлық
арасындағы өзара байланысты анық қадағалауына мүмкіндік тудырады.
Тұтас адамзат мәдениеті көптеген әртүрлі мәдениеттен жинақталып,
толысқан мәдениеттін бейнесін жасайды. Барлық мәдениеттер қажетті,
толысқан және бір-бірінін орының баса алмайды.
Ешбір мәдени үдірісті категориалды және бір жақты «жақсы немесе
жаман» айтуға болмайды, әсіресе біздің елімізде орын алып отырған бүгінгі
мәдени жағдайды.
Бірақта біршама тенденциялар өз мәнің ашуда.
Мәдениетті деидеологизациялау және мәдениетке деген мемлекеттік
монополияның жойылуы. Бір жағынан қарағанда бұл мәдениет сферасында
еркін тандауға және біршама шығармашылық еркіндікке алып келсе, екінші
жағынан мәдени өнімдердің сапасының жоғалуына, денгейінің түсуіне алып
келуде.
Мәдениетті коммерцияға айналдыру және жекелендіру. Бүгінгі
уақытта бұл үдіріс бір жақты бағыт алуда: қайтадан жинақталған отандық
капитал – эротикалық және детективтік жеңіл индустрияға көп көңіл
аударуда.
Революцияға дейінгі мәдени мұраларға қызығушылықтын артуы, дін
мен мешіттерге.
Ұлттық мәдениеттің ерекшеленуі және оларды саясаттың құралы
ретінде пайдалануды.
Мәдени-коммуникативтік дүниелердің орын алуынан кітап оқу,
театр, музей, кітапханларға барудың азаюы.
Қоғам өміріндегі мәдениеттің ролі мен орнының, даму заңдылықтарын
зерттеудің тәжірибелік мағынасы өте зор. Қазіргі жағдайда анық көруге
болады: халықтың мәдени деңгейін көтермей экономикалық және саяси
бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкін еместігін. Басқаша айтқанда мәдени
денгейді көтеру – әлеуметтік - экономиканың өсуінің алғы шарты.
49
№8 Дәріс: Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.
Жоспары:
1. Бұқаралық коммуникация түсінігі, теориясы.
2. Бұқаралық коммуникацияның заңдылықтары мен механизмі.
3. Қоғамдық пікір әлеуметтануы.
1. Әлеуметтік
үдірістердің
ішінде
алдынғы
қатардағы
орында
қоммуникация (лат. Commuicatio – хабарлау, беру әдістері) алады, яғни адам,
топ, халық, мемлекеттердің өзара байланысқа түсетін қажетті элементі
болып, ақпарат, сезім, бағалау, құндылықтар мен т.б. өзара тасмалдауды
жүзеге асырады. Коммуникациясыз әлеуметтік қауым, әлеуметтік жүйе,
институт, ұйымдар мен т.б. қалыптасуы, әлеуметтену мен социумның бүгінгі
таңдағыдай болуы мүмкін емес. Коммуникация қоғам өмірі, әлеуметтік
топтар мен жеке адамдардың барлық жағынан жіпсіз байлауды. Әлеуметтік
өмірдің барлық зерттеулері олардың барлық формаларын қамтуда.
Коммуникацияның көптеген анықтамалары бар. Әлеуметтану түсінігіне
жақын келетін солардың біршамасын айтып көрейік. Коммуникация ақпарат,
идея, эмоция, дағдылар мен т.б. нышандар арқылы – сөз, сурет, кесте және
т.б. беру. Коммуникация – бұл үдіріс, яғни әлемнің бір бөлігімен екінші
бөлігін жалғастырушы. Коммуникация – бұл үдіріс, яғни көпшілікке
жариялаушы. Ақырында коммуникация – бұл механизм, яғни биліктін бір
тұттқасын ұстаған.
1948 ж. Американ политологы Г.Лассуэл бес элементті өзіне қамтыған,
қарапайым коммуникативтік үдірістің моделін ұсынды:
1. Кім? (хабар беруші) - коммуникатор
2. Не? (беріледі) - хабар
3. Қалай? (хабардың жүзеге асуы) - канал
4. Кімге? (хабардың бағыты) - аудитория
5. Қандай эффектімен? - эффективті
Схемада көрсетілген әрбір элемент көптеген зерттеулердің объектісіне
айналды.
Коммуникацияның келесі түрлерін бөліп көрсетті: тұлға аралық, топтық
және бұқаралық.
Тұлға аралық коммуникация адамдардың «бетпе-бет» тікелей
байланыста болуы. Бұндай коммуникация серіктестердің психологиялық өте
жақын екендігін, яғни бір-бірін түсініп және қолғабыс беретіндігін
анықтады. Тұлға аралық коммуникацияда үш өзара байланыстын жақтарын
бөліп көрсетеді: коммуникативтік (тар мағынада «коммуникация»),
перцевтивті және инерактивті. Тұлға аралық коммуникацияның
коммуникативті жақтары серіктестер арасындағы пікірлесудегі ақпараттын
алмасуы. Тұлға аралық коммуникацияның интерактивтік жақтары
(«интеракция» - өзара байланыс сөзінен шыққан) өзара әрекет етушілердің
арасындағы әрекет алмасуы (мысалы, сұрақ – жауап, өтініш- бас тарту
50
немесе келісу.) Тұлға аралық коммуникацияның перцептивті жақтары
адамдардың бір бірін түсінуі мен қабылдау үдірісі, белгілі бір тұлға аралық
қатынастын қалыптасуы.
Бұқаралық коммуникация – бұл ақпараттардың таралу үдірісі мен
арнайы құралдар арқылы қоғамға ықпал етуі: баспасөз, теледидар, радио,
кино және т.б., нәтижесінде хабарлама үлкен топ адамдарының қолына
түседі.
Бұқаралық коммуникация әлеуметтік субъектілердің өзара байланысын
ұсынып, бұқаралық ақпарат алмасу арқылы жүзеге асады. Бұқаралық
ақпараттың айтарлықтай кең таралуы ХХ ғасырда орын алуда, яғни оған
себеп радио, теледидар, телефон, интернет және т.б техникалық құралдар
қазіргі қоғамымыздың ажырамас бөлігіне айналуынан, Бұқаралық
коммуникация ролінің бүгінгі біздің қоғамымызда әрдайым арта түсуі тек
техника мен технологияның дамуынан ғана емес, күрделенген және өзара
байланысқан әлемнің сұраныс талабы жаңа ақпараттар көзінің қажеттілігіне
келіп тіреуден.
Бұқаралық коммуникацияның қазіргі уақытта бірнеше теорияларын
атауға болады, яғни қоғамдағы бұқаралық ақпараттар құралдарының ролін
әртүрлі мағынада түсіндіруге байланысты. Мысалы, қоғамдағы бұқараның
көзқарасы бойынша бұқаралық ақпараттар құралдарының теориясы, билік
институтымен астарланып халық тағдырын шешуге атсалысады. Бұл өз
кезегінде билік құрылымын бұқараның орталықтанған бақылауымен
қамтамасыз етіп, тұтастай қоғамда тұрақтылық сақтайды. Маркстік теория
бұқаралық ақпараттар құралдарын рухани өндірістің, яғни иелік етуші
класстардың сойылын соғатын құралы деп қарастырды. Батыс саяси-
экономикалық теория бұқаралық коммуникация шеңберінен жеке меңшікті
бөлу механизмі мен нарықтық күштін әрекетін анықтайды. Франкфурт
мектебінің сыни көзқарасы бұқаралық ақпараттар құралдарын билік
механизмі ретінде өзгерістерді тежеуге, эконмикалық дамудың тарихи
үдірісін тас-талқан етуге қабілеті бар суперқұрылым деп түсіндіреді.
Гегемония теориясы масс-медияны идеалогияға теңейді, яғни үстемдік етуші
класс бұқаралық ақпарат құралдары арқылы басқалардан өздерін биік қояды.
Культуралогиялық әдіс бұқаралық мәдениеттің бұқаралық ақпарат
құралдарын пайдалана отырып, жалпы әлеуметтік контексте девиантты
мінез-құлықтарға
қарсы
шығудың
жолын
іздестіруді
түсіндіреді.
Құрылымдық-функуионалдық теория масс-медияны әртүрлі әлеуметтік
жүйенің
өзара
байланыс
құралы,
яғни
олардың
қажеттілігін
қанағаттандырушы ретінде қарастырады.
Қарастырылған әдістерді жинақтап қорытындылай келе бұқаралық
коммуникацияны жеке және топтық санаға былайша ықпалын тигізетіндігін
көруге болады. Әлеуметтік институттар мен бұқаралық ақпарат құралдары
аудиторияларымен
өзара
байланыса
отырып
адамдарда
әртүрлі
қажеттіліктер, қызығушылықтар және әуестіктерін қалыптастырады.
Осылайша мотивациялық жүйенің қалыптасуы, адам қажеттілігін
51
қанағаттандыру үшін оны өз мақсатына икемдеуге ықпал етеді. Өзіне қажетті
ақпарат көзін табушы адам кейін келе оған тәуелді болады. Мысалы, жасы
келген адамдарға қозғалу қиын болғандықтан олар сыртқа шығудан қалып,
теледидардан берілетін бұқаралық ақпарат құралдарына тәуелді болады. Жас
өспірімдер болса осылайша видеоиндустрияға тәуелді болып, өз алдына
әлеуметтік топты құрайды.
Коммуникациялық технологияның дамуы негізінде бұқаралық
коммуникацияның жаһандануына, яғни интеграция теориясының тууына
алып келеді. Бірақ та, қазіргі әлемдегі технология мен әлеуметтік даму
екпінінің сәйкес келмеуінен әртүрлі әлеуметтік жүйедегі бұқаралық
ақпараттардың ерекшелігіне ойшылдар назар аударуда. ХХ ғасырдың
90 жылдарындағы теория өтпелі қоғамдағы бұқаралық ақпараттын негізгі
концепсиясына айналуда.
Бұқаралық коммуникация өзінің күрделілігімен біршама пәндер мен
халықтардың өзекті мәселесіне айналуда. Бұл үдірісте маңызды ролге ие
болған 1957 жылы ЮНЕСКО мен әлемнің 80 елінің 2500-ден асатын
зерттеушілерінің бірігуінен құралған Халықаралық ассоциация бұқаралық
ақпаратты зерттеуде. Бұқаралық коммуникацияны зерттеуде бұл ассоциация
бірнеше әдісті ұсынды: коммуникация секциялары, халықаралық
коммуникация, саяси коммуникация, құқық, саяси экономика, әлеуметтану
және әлеуметтік психология, зерттеу методологиялары, касіптік білім беру,
құжаттар мен ақпараттар жүйесі, коммуникациялық технологиялық саясат
және т.б.
Кеңес Одағында бұқаралық коммуникацияны зерттеу 60 жылдардың
ортасынан бастап қолға алынды.
Ал Қазақстанда 90 жылдардың басынан бастап белсенді орын алды.
Достарыңызбен бөлісу: |