© Сарсенбекова А.Ж., Власова Л.М., 2009.
Мазмұны
Қысқартылған сөздер тізімі
|
4
|
Алғы сөз
|
5
|
I тарау. Фуран, бензопиран, пиррол, пиразол, имидазол және индол туындыларын талдау
|
6
|
1.1 5 – нитрофуран туындылары
|
6
|
1.2 Бензопиран туындылары
|
13
|
1.2.1 Кумарин туындылары
|
13
|
1.2.2 Хроманды қосылыстар
|
19
|
1.2.3 Фенилхроманды қосылыстар
|
22
|
1.3 Пиррол туындылары
|
25
|
1.4 Пиразол туындылары
|
30
|
1.4.1 Анальгин
|
36
|
1.4.2 Пропифеназон
|
39
|
1.4.3 Фенилбутазон
|
39
|
1.5 Имидазол туындылары
|
42
|
1.6 Индол туындылары
|
48
|
1.6.1 Индометацин
|
51
|
1.6.2 Резерпин
|
52
|
Тесттер
|
55
|
Қолданылған әдебиеттер
|
69
|
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ
ДЗ – дәрілік заттар
ИК – электромагнит спектрінің инфрақызыл аймағы
МФ – мемлекеттік фармакология
УК – ультракүлгін спектр аймағы
ФЭК – фотоэлектроколориметр (фотометриялық өлшеулер жүргізуге арналған аспап)
АЛҒЫ СӨЗ
Фармацевтикалық дәрі-дәрмектердің көбі органикалық заттар болып табылады. Бүгінде органикалық заттардың жалпы мөлшері бес миллионнан астам. Ал оның саны жыл сайын жүздеген мыңға артып отырады.
Органикалық дәрілік заттардың жіктелуі мен оларды топтарға бөліп оқудың ғылыми үлкен маңызы бар. Олай дейтініміз: көптеген әртүрлі органикалық заттардың басын біріктіріп, олардың молекулалық құрылысын және физикалық, химиялық қасиеттері арасындағы ұқсастықтарды салыстыра зерттеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде жалпылама ғылыми тұжырымдар, теориялар жасауға, ғылыми бастаулар тудыруға себеп етеді де, жалпы молекулалық формулаларын және барлығына ортақ сапалық реакцияларын жазып көрсетуге мүмкіндік береді.
Оқу-әдістемелік құрал дәрілік заттардың химиялық құрылыстары туралы, физикалық, химиялық және фармакологиялық қасиеттерімен байланысы туралы заңдылықтарын, дәрілік препараттардың сапасын бақылау әдістерін, сақтау жағдайлары және қолдануы туралы қарастырылған.
Бұл оқу-әдістемелік құрал фармацевтикалық институттар мен медицина университеттерінің фармацевтикалық факультеттерінің студенттеріне арналған.
I ТАРАУ. ФУРАН, БЕНЗОПИРАН, ПИРРОЛ, ПИРАЗОЛ, ИМИДАЗОЛ ЖӘНЕ ИНДОЛ ТУЫНДЫЛАРЫН ТАЛДАУ
Гетероциклді жүйе негізінде синтетикалық көптеген дәрі-дәрмекті заттар синтезделген. Олардың көбісінің алынуы гетероциклді табиғи қосылыстардың биологиялық активтілігін зерттеу нәтижесінде іске асты. Кейінгі кезде көбінесе кең көлемде дәрілерді талдау да, компьютерлі модельдеу программасы қолданылады.
Осы топтағы ДЗ (дәрілік заттар) әр түрлі химиялық қосылыстарға жатады да, басқа кластың химиялық қосылыстар тобына тән болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |