г) Тоқ ішектің қатерлі ісігі
Көлденең тоқ ішек қатерлі ісігі 50-70 жасқа жеткен әйел-еркектерде бірдей жиілікте кездеседі.
Аурудың басталуына ішектің қатерлі ісікке шабатын аурулары зор әсер етеді (полиптер, полипоз, ворсинді ісіктер, ойық жаралы колит, Крон ауруы).
Ісіктің 50% сигма тәрізді ішекте, 15% соқыр ішекте, 12% көтерілуші, 8% оң иілімде, 5% көлденең тоқ ішекте, 5% сол иілімде, 5% төмендеуші ішекте өседі. Тоқ ішек рагі кілегейлі қабатта басталып, одан соң ішектің басқа қабаттарына жайылады. Ісік эндо және экзофитті өседі. 90% дейін ісік аденокарцинома болады. Ісік (30%) лимфогенді және (50%) гематогенді, ал 20% имплантациялы жолмен метастазданады. Көбінесе метастаз бауырға, сирек өкпеге, сүйекке, ұйқы безіне шабады. Бұл ауру туралы толық мағұлматтар онкология кафедрасында беріледі.
17-ші науқас 46 жасар шахтер, клиникаға 1979 ж. 21 қазанда түскен. Шағымдары : Іштің екі бүйірінің ауыруы, желмен толуы, нәжіс шығуының қиындануы. Нәжіс 4-5 күн шықпай одан соң іш өтуімен алмасады. Нәжіске қоса ішек шырыны және қан шығады. 1960 жылы дизентериямен ауырған. Емханада емделгеннен соң 2 жыл бойы жағдайы жақсы болатын. Кейінгі 5-6 аптада күніне 3-4 рет іш өтетін болды, және мұнымен қатар тенезмалар күшейе түсті. Ауру қатты жүдеді. Бойы 179 см, салмағы 63 кг. Лимфобездері ісінбеген, тізе буындары ісінген, ауырсынады.
Іші жұмсақ, тоқ ішектер ауырсынады, олар желмен толған. Терісі таза, тілі дымқыл. Сигма тәрізді ішектің тұсын басу қатты ауыртады. Қан анализінде өзгеріс жоқ.
Аурудың дәжісін тексеріп ондағы микрофлоралардың түрі және олардың антибиотиктерге сезімталдығы анықталады. Пеницилинге, биомицинге, левомицитинге сезімтал микрофлоралар табылды. Дизентерия бактериялары жоқ. Қарын қышқылының анализінде -жалпы қышқыл - 20, бос қышкыл - 0.
Қарынды рентгенмен тексергенде өзгерістер жоқ.
Ректороманоскопиямен тік және сигма тәрізді ішектердің кілегейлі кабатының қызарып қабынғандығы, оларда кішкене ойық жаралар және эррозиялар барлығы, ішекте кілегейдің көптігі көрінеді.
Аталған субьективті, обьективті және инструментальды көріністер негізінде спецификалық емес ойық жаралы колит диагнозы қойылды. Қан аралас сұйық дәреттің жиі шығуымен, тенезмамен, ойық жаралар және эррозиялармен қатар буындар ісінуі, ауырсынуы колит ауруының негізгі симптомдарының бірі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |