Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет22/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

Операциямен емдеу - Гиппократ дәуірінен белгілі. Сол көне заманның өзінде жарық қапшығының мойнын байлау және қапшықты кесіп алып тастаудың қажеттілігі анықталады. Бірақта мұндай операциялар аурудың өлімімен аяқталады. Өйткені олар жансыздандырусыз, асептика және антисептика қағидаларынсыз орындалынатындақтан шок, жараның асқынып іріңдеуі т.б. асқынуларға әкелетін.
Шап жарығын операциямен емдеудің 3 кезеңін бөлуге болады:
1. Алғашқы кезең І871-І900 жылдар арасында. Бұл кезеңде белгілі классикалық операциялар ұсынылады. Ол операциялардың ерекшелігі - шап арнасының пластикасына шап аймағының барлық тіндері пайдаланылады.
2. Екінші кезең I900-I940 жылдарда - oпeрация тәсілдерінің кейбіреулерін жеңілдетіп, ал кейбіреулерінің орындалу техникасын күрделендіріп, операцияның түрін науқастың жағдайымен, жарықтың түрімен байланысты шешу насихаттанған.
3. Үшінші кезеңде 1940-1990 жж. арасында жарықты операциямен емдеуде аурудың патогенезімен және хирургиялық анатомия ерекшелігімен санасудың қажеттігі талап етіледі. ХХ-ғасырға дейін шап жарығын операциямен емдеу тек қысылған, орнына түспейтін, бандажбен басылғанда орнынан шығып кететін жарық түрлерінде орындалатын.
Операцияны жарықтың каналын ашпай, жарық қапшығын каналдың сыртқы тесігі тұсында байлайтын (Koher, Nussbaum, Marcy) тәсілдер 17-39% - дейін рецидив беретін.
Ең бірінші болып Riesel, 1887 ж. шап арнасын тіліп ашуды орындап, шап қапшығын толығымен алып тастау және жарық қақпасын бұлшық етті - апоневрозды қабырғаны ұрық жолынан жоғарыда шап сіңіріне тігу (А.А.Бобров, L. Championnier ) орындалады. Ferrary екі қабатты тігінді-ішкі және көлденең бұлшық еттің шетін шап сіңіріне, ал оның үстінде сыртқы қиғаш бұлшық ет шандырының жиектерін бір-біріне тігуді орындаған.
Wolffler, Girard - сыртқы қиғаш ет апоневрозын екі қабаттап тіккен.
1888 ж. Bassini 251 науқасты операциямен емдеп, олардан 2,8% жарық қайталануын кездестірген. Жарық қақпасын ұрық жолының асты және көлденең еттерді көлденең фасциямен қоса шап сіңіріне тігумен жабады. Жараның ең бірінші ішкергі тігінін орындауға автор зор маңыз берген. Бұл үшін тік бұлшық еттің сіңірін қасаға сүйегінің қабығына тігеді. Сыртқы қиғаш бұлшық еттің сіңірін ұрық түтігінің үстінен жиегін жиегіне тігеді. Бұл операцияны Бассини жарық арнасының артқы қабырғасының атрофиясы және жарық қақпасының кеңеюінде қолдану қажет деп санаған.
1889 ж. Marcy шап каналының қиғаштық бағытын қалыптастыру үшін көлдөнең фасцияны кетгут жібімен ен баудың іштен шығатын тесігіне дейін тігуді, одан соң ұрық тамырының үстімен бұлшық еттермен апоневрозды шап шіңіріне тігуді ұсынған.
Halsted, Postempsky, М.С.Субботин, В.А.Красинцев іш бетінің бұлшық еттерін және сыртқы қиғаш бұлшық еттің апоневрозын қосып ұрық жолының астында шап сіңіріне тігуді ұсынған.
Andrews - тігінге сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозының ішкі бөлшегін және онымен қоса оның астындағы бұлшық еттерді ұрық жолының астымен шап сіңіріне тігіп, ал апоневроздың сыртқы бөлшегін ұрық жолының үстінде тігуді қолданған.
Өткен XIX ғасырдың 90-жылдарынан бастап екінші топты операциялардың кемістіктері анықтала бастаған. Жарықты жою операциясының қауіпі азая келе, ауруды операциямен емдеу жиілей бастайды.
Karewsky, В.И.Разумовский, С.Л.Тимофеев балаларда, ал Lameris және Mermingas ересектерде тек жарық қапшығын кесіп алып тастаумен операцияны пластикасыз аяқтаған.
Merrey, Chiene, Mores, А.В.Мартынов,А.А.Немилов - жарық қапшығын алып тастауды және сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозын ұрық жолының үстінен екі қабаттап тігуді қолданған.
С.И.Спасокукоцкий, Girard операциясын аз ғана өзгертіп-еттерге қоса апоневроздың ішкері бөлшегін бірге шап сіңіріне тіккен.
Г.С. Топровер және М.А.Кимбаровский бұл үшін ерекше тігінді ұсынған. Жарық қақпасының пластикасын баудың үстінде орындайтын тәсілдерге А.Н.Тимофеев және Я.Л.Леви операциялары жатады. Бұл авторлар сыртқы қиғаш бұлшық ет шандырының сыртқары бөлшегін канатиктің үстімен көлденең бұлшық етке тігеді.
Сонымен, аталған операцияларды 2 топқа: жарық қақпасын ұрық жолының астында (Andrews, Bassini, Marcy, Postempsky) және ұрық жолының алдында (Ferrary, Girard, Championnier) тігу ұсынылған.
Шап жарығының пайда болуында және оның ескірген түрінде ең алдымен жарықтың терең тесігі кеңейеді, тек одан соң шап арнасының алдыңғы қабырғасы созылып жұқарады. Осы себептен шаптың қиғаш жарықтарын жарық каналының алдыңғы бетін бекітумен орындалатын операциялар жарықтың қайталануынан рецидив сақтандыра алмайды. Сондықтан, шаптың тік жарықтарын Бассини тәсілімен емдеуден соңғы рецидив 20% жететінді. Операция нәтижесін жақсарту ниетімен P.P.Вреден жарықтың артқы қабырғасын іштің тік бұлшық етінің апоневрозынан алынған құрақпен бекіткен.
А.П.Крымов, Г.П.Ковтунович, Stetten ен баудың астымен сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозының дубликатурасын қолданған.
Н.И.Кукуджанов, Girard артқы қабырғаның пластикасында ішкі қиғаш және көлденең бұлшық еттердің біріккен сіңірін Купер байламына тігуді ұсынған.
Wangensteen артқы қабырғаны бекіту үшін жамбастың жалпақ сіңірінен даярланған құрақты пайдаланған.
Аталған операциялардың жеңіл түрлері жиі қолданылатындығынан жарықтың қайталануы 23 - 42,5% - ке жететін. Осы себептен ХХ ғ. 60-жылдарынан бастап жарықтың ауыр түрлерінде шап арнасының артқы қабырғасын бекітуге негізделген операциялардың жаңа тәсілдері ұсынылады (И.И.Булынин, В.И.Кузнецов, К.С.Токуев, Н.Н.Каншин т.б.).
Дегенмен, шап каналының артқы қабырғасын бекіту жарықтың ауыр түрінде, ал жеңіл түрлерін – арнаның алдыңғы қабырғасын бекітуді қазіргі мамандардың да қолдайтындары бар .
Қазірде пайдаланылатын бірнеше қабатты пластиканың ерекшелігі - пайдаланылатын тіндердің әрбір қабатын өзара тігумен бірнеше қабатты тігін салу болады.
Mac Way 194I ж. рецидивті және ауыр қиғаш және тік жарықтарды емдегенде көлденең бұлшық еттің сіңірін Купер байламына тігуді, ал сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозын канатиктің үстімен дубликатуралап тігуді ұсынған.
Dyson, Piere, Read - жарық пластикасын көлденең жолмен орындауды ұсынған. Жарық қапшығын алып тастаған соң жарықтың артқы қабырғасын бекіту үшін көлденең бұлшық еттің сіңірің Купер байламына немесе жамбас – қасаға сіңіріне тігеді.
Жарықтың артқы қабырғасының нашарлауы зор болған сайын орындалатын операцияның техникасы қиындай түседі.
Егер жарықтың терең тесігінің көлемі 2 см-ден аспаса, бұны жарықтың жеңіл түрі деп атайды. Бұл 30-40 кездеседі. Тесік 3,5 см-ден аспаса 37 - 44% өткінші, ал одан кеңісе 22-24% - ауыр, асқынған жарықтар болып саналады.
Жеңіл жарықта операцияның бapлық түрлері нәтижелі, ауыр жарықтарда - арнаның алдыңғы қабырғасының пластикасы нәтижесіз, сондықтан, тек арнасының артқы қабырғасын бекіту және терең тесікті тарылту қолданылады.
Жарықтың пайда болуына және оны емдегенде жарық арнасының артқы қабырғасының жағдайы шешуші маңыз атқаратындығы көптен белгілі. Бірақта осы уақытқа дейін хирургтердің көпшілігі мұнымен санаспай келеді. Анығында, шап арнасының артқы қабырғасының нашарлануы, көлденең фасцияның созылуы, жарықтың терең тесігінің кеңеюі жарық патогенезінің негізі болады.
Қазіргі уакытта жарықты жою операциясы А.В.Вишневскийдің жергілікті инфильтративті жансыздандыру тәсілі немесе жалпы жансыздандырумен орындалады. Операцияның барлық белгілі тәсілдерін екі топқа (шап арнасын ашып және ашпай орындалатын) бөледі. Көбінесе каналды ашып орындалатын тәсілдер пайдаланылады.
Бұл үшін қажетті жансыздандырудан соң шаптың терісі, тері асты май қабаты, фасция, пупарт сіңіріне қатар және одан 2 см. жоғары жерде 8-10 см. ұзындықта тілінеді. Шап арнасының сыртқы тесігінен енгізілген науалы темір сүнгі арқылы өзектің алдынғы беті тілініп ашылады. Жараның төменгі шетінен жарық қапшығы табылады да оны шандырдан және кремастер етінен, жалпы қынапты қапшықтан тазартады.
Тазартылған қапшықтың түбі кесіледі, қапшық ішіндегі мүше ішке енгізіледі. Қапшық ішіне енгізілген саусақ және тупфер көмегімен қапшық мойнына дейін тазартылып босатылады. Қапшық мойын тұсында жібек жіппен байланады да оның денесі мен түбі толық кесіліп алынады. Жарадан қан ағуы мұқиат тоқтатылады. Бұдан соң ашылған шап арнасы белгілі тәсілдердің бірімен қайта құрастырылады.
Бассини (Bassini, 1888 ж.) - жарық қапшығы мүмкіндігінше жоғарыдан алынады. Ұрық жолы кеңінен ашылып, ол жараның бір жанына көтеріліп тартылады да терең тігін деп аталатын тігіндер салынады. Бұл тігінге жоғарыда қиғаш және көлденең бұлшық еттер, көлденең шандыр коса алынады. Кейде шеткі 1-2 тігінге тік еттің шеті де қоса алынып олар шап төмпешігіне тігіледі. Бұдан соң аталған тіндер шап сіңіріне тігіледі. Ұрық жолы тігілген тіндер үстіне жатқызылады да оның үстінен сыртқы қиғаш еттің апоневрозы тігіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет