Кіндік жарығын емдеу - жас нәрестелерде консервативті болуы мүмкін. Бұл үшін жасанды бандаж (күміс тиыннан жасалған), пластырь қолданылады. Нәрестенің жалпы жағдайын жақсартады (тазалық, тамақтандыру). Конервативті ем нөтиже бермесе 7-8 жаста операция жасалады. Кіндіктен төмен доға тәрізді тілікпен тері мен тері асты май қабатынан тұратын лоскут жасалып, оны жоғары қарай тартып тұрып жарық қапшығы ашылады да, оны теріден айырады. Қапшық тілінеді, оған енген шарбы ішке енгізіледі. Қапшықтың мойыны байланады, содан соң кесіліп алынады.
Кіндік сақинасы жібек жіппен қөлденең бағытта толық тігіліп бітеледі. Тері кесіндісі өз орнына қондырылып тігіледі.
Ересектердің кіндік жарығын операциямен емдеу қиын. Өйткені бұл жарықтармен қоса тік бұлшық еттерінің диастазы жиі кездеседі. Семіз әйелдердің майлы "алжапқышы" да операцияны қиындатады. Мұндай жағдайда алдымен артық терімен тері асты май қабатын кесіп алып тастайды. Ал кіндік сақинасын Лексер тәсілімен кисетті тігінмен жабады, оның үстінен тік бұлшық еттердің шеттерін бір біріне тік бағытта тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: |