Ішек аурулары (аппендицит)
15. Құрт тәрізді өсінді деген не?
a) Ас қорыту мүшесі
b) Безді мүше
c) Қорғаныс мүшесі
d) Қалдық мүше
e) Қан жасаушы мүше
16. Аппендицит ауруының себептері
a) Инфекция
b) Аллергия
c) Тоқырау
d) Қан айналысының бұзылуы
e) Эндокринді бұзылыстар
17. Жедел аппендициттің алғашқы көрінісі
a) Щеткин-Блюмберг белгісі
b) Ровзинг симптомы
c) Ситковский симптомы
d) Кохер симптомы
e) Воскресенский симптомы
18. Жедел аппендицитте кездеспейтін көрініс
a) Раздольский симптомы
b) Бартомье-Михельсон
c) Щеткин-Блюмберг
d) Ровзинг
e) Воскресенский симптомы
19. Жүкті әйелдерде анықталатын аппендицит ауруының көріністері
a) Керр симптомы
b) Керте симптомы
c) Ортнер симптомы
d) Михельсон симптомы
e) “Көйлек” симптомы
20. Ретроцекальды аппендициттің көріністері
a) Іш бетінің қатаюы
b) Зәр шығарудың қиындауы
c) Тенезмдер
d) Тоқтаусыз құсу
e) Оң жақ белдеме тұсының ауырсынуы
21. Балаларда аппендициттің қысқа уақытта перитонитке шабуының себебі?
a) Шарбының кішкенелігі
b) Баланың сүтпен қоректенуі
c) Жалпы әлсіздік
d) Лимфоидты аппараттың дамуы
e) Өсіндінің қан айналысының кемістігі
22. Аппендикулярлы инфильтраттың ақыры
a) Қатерлі ісікке шабуы
b) Іріңдікке айналуы
c) Ұйқы безінің жыланкөзіне айналуы
d) Өсіндінің шемені дамуы
e) Асқазан флегмонасы
23. Аппендикулярлы инфильтратты соқыр ішектің ісігінен ажырату
a) Кеуде мүшелерінің рентгенографиясын орындау
b) Лапароцентез
c) Ирригография
d) Фиброгастроскопия
e) Холецистография
24. Жедел аппендицитті оң бүйректің шаншуынан ажырату
а) Лапароскопия
b) Хромоцистоскопия
c) Ирригография
d) Колоноскопия
e) Лапароцентез
25. Қарт адамдардағы аппендицит ауруының ерекшеліктері
a) Іштің қатты ауыруы
b) Лейкоциттер көбеюі
c) Іштің болмашы ауыруы
d) Іш қабырғасының қатты қатаюы
e) Дене қызуының қатты көтерілуі
26. Балалар аппендицит ауруының ерекшеліктері
a) Іштің тұрақты ауырсынуы
b) Қан аралас дәрет
c) Іш қабырғасының күшті қатаюы
d) Іштің толғақша ауырсынуы
e) Дене қызуының болмашы көтерілуі
27. Аппендицит ауруын жедел операциямен емдеуге қарсы көрсеткіштер
a) Қартайғандық
b) Балалық жас
c) Геморроймен ауыру
d) Өкпе аурулары
e) Аппендикулярлы инфильтрат
28. Аппендэктомиядан кейін іште тампон қалдыру қажеттігі
a) Жайылған іріңді перитонит
b) Өсіндінің орнынан қан ағуы
c) Серозды перитонит
d) Пилефлебит
e) Катаральды аппендицит
29. Жедел аппендэктомияда флегмонозды қабынған өсінді әсерінен дамыған іріңді перитонит анықталды. Хирургтың тактикасын атаңыз.
a) Аппендэктомия. Іште тампон қалдыру
b) Аппендэктомия. Ішті жуып тазарту. Жараны толық тігу.
c) Аппендэктомия . Іште дренаж қалдыру
d) Аппендэктомия . Перитонеальды диализ
e) Тек аппендэктомия
Достарыңызбен бөлісу: |