Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет130/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

Жалпы көріністер - дене қызуы қөтерілмеген, тамыр соғуы минутына 80, шамалы ентігу, қан қысымы аз ғана төмендеген, бет пішіні үрейленген, қызарған. Тілі құрғаған, зәрі азайған. Алғашқыда байқалатын бұл жеңіл өзгерістер ішек түйілуінің жоқтығын дәлелдей алмайды. Біраз уақыттан соң (48 сағат) странгуляциялық ішек түйілуі науқастың өліміне әкелуі мүмкін.
Науқастың ішін тексеру - ішті көзбен көріп оның өзгергендігін анықтаудың маңызы зор. Ол арқылы іштің кебуі, көлемінің бұзылғандығы, операциядан соңғы тыртықтар анықталады.
Ішті қолмен сипау ,басу - ішті қолмен басып, сипап тексерумен іштің кебуі салдарынан пайда болған "ісік" – (шектелген іш кебу), шұжық формалы "ісік", обтурация беретін ісік немесе қабыну инфильтраты анықталады.
Ішті саусақпен соғу (перкуссия) ментимпанитті - жіңішке дыбыс және ішектің экссудат жиналған орындарынан жуан дыбыс шығатындығы анықталады.
Ішті тыңдаумен (аускультация) - ішектегі газдың және сұйықтың қозғалып ағуына байланысты дыбыс, кейде тамшы дыбысы естіледі. Перитонитпен асқынған ішек түйілуінде ішек дыбысы жоқ - іште "үрейлі тыныштық". Бұл ішек салдануымен байланысты симптом - жаман, қатерлі жағдайдың куәсі. Егер бұдан әрі қажетті операция кешіксе коллапс басталып науқас өліміге ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет