Шап арнасының анатомиясы
Арнаның ұзындығы 4-5 см. Ол жоғарыдан-төмен, арттан-алға, сырттан-ішке бағытталып іштің алдыңғы бетін тесіп өтеді. Еркектерде шап арнасы арқылы ұрық жолдары, қан, жүйке тамырлары және ұрықты көтеруші бұлшық еттер өтеді. Барлық аталған мүшелер фасциямен (fascia spermatica externa) жабылып ұрық жолын (funiculus spermaticus) құрайды (№ 1 сурет).
Әйелдерде шап арнасынан жатырдың жұмыр сіңірі өтеді.
Шап арнасының алдынғы бетін іштің сыртқы қиғаш бұлшық еті құрайды. Төменде апоневроздың жоғарғы және төменгі аяқтары шап сүйегіне байланып жарықтың жоғарғы тесігін құрайды.
Шап арнасының төрт қабырғасы бар: алдынғы-сыртқы қиғаш бұлшық етінің шандыры (апоневроз), артқы - көлденең фасция, жоғарғы - ішкі қиғаш бұлшық ет және көлденең бұлшық ет, төменгі - шап жалғамы.
Шап арнасының терең тесігі шаптың тысқары ойшығында (fossa inguinalis lateralis) орналасқан.
Кіндіктің орталық қыртысы төс шеміршегінен басталып кіндікке жетеді де ішпердені екі бөлшекте - оңға және солға бөледі.
Орталық қыртыстың екі жанында екі қосымша орталық кіндік қыртыстары, олардан шеткері тағыда екі сыртқы кіндік қыртыстары бар. Осы аталған үш қыртыстар арасында ішперденің ойшықтары орналасады.
Орталық және ортаңғы қыртыстар арасында қуықтан жоғарыда fjossae supervesicales, ортаңғы және сыртқы қыртыстар арасында fasciae inguinales mediales, шеткі қыртыстан тысқары - f. inguinales laterales орналаскан. Сыртқы ойшықта шап арнасының терең тесігі - antilus inguinales profundus орналасқан. Бұл жерден ұрық жолы өтеді және шаптың қиғаш жарығы осы жерден басталады.
Сонымен, қорыта айтқанда анатомия мен эмбриологияны білу жарық ауруының басталуына қажетті ерекшеліктердің маңызының зор екендігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |