Жемсау ауруының этиологиясы мен патогенезі - қазіргі уақытқа дейін көптеген теориялар ұсынылған.
1. Су теориясы (водная теория) - суда кейбір заттардың көбеюі. Бұл теорияның дәлелі ретінде келесі жағдайды атауға болады. Егер суды қайнатып ішсе без өспейді. Бұл суды қайнату ондағы зиянды заттарды жоятындығының дәлелі болып саналады.
2. Жер, топырақ (почвенная) теориясы. Кейбір белгілі жерлерде жайылатын малдарда ауру басталуы мүмкін. Бұл малдарды басқа жерлерде жайса, немесе басқа жерде өсетін шөптермен көректендірсе без өспейді.
3. Инфекция теориясы - судың, тағамның кемістіктері, санитарлы - гигиеналы жағдайдың нашарлығы.
4. Йод жетіспеушілік теориясы - 1849 ж. Прево (Prevot), Шатен (Chatin) суда, жерде, ауада йодтың мөлшерін анықтап, йоды көп жерде кретинизм және жемсау ауруы кездеспейтіндігін жазған.
Теңізді аймақтың тұрғындарында жемсау ауруы жоқ. Өйткені теңіз суында, ауада йод көп. Сонымен, жемсау ауруы йод кемістігінен басталады және ауруды емдеудің негізі йод кемістігін толықтандыру болады. Йод ағзадағы алмасу үрдістерінің катализаторы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |