Қатерлі ісік ауруында - жалпы жағдай ауыр, тәбеті нашар, ауру жүдеу, қарын сөлінің қышқылдығы төмен. Рентгендік тексерісте - толу кемістігі (ойық жарада - ниша), асқазан рагі көбінесе қарт адамдарда кездеседі.
Тәбетті кризде анамнезде мерез, көз қарашықтарының аумағының өзгешілігі және қозғалыссыздығы. Ромберг симптомы, тізе рефлексінің жоқтығы, Вассерман реакциясының оңдығы байқалады. Аталған көріністер жұлын мерезін дәлелдейді.
Холецистит - көбінесе жедел басталады. Іш қатты түйреп ауырады. Ауру көбінесе майлы тағам кабылдаумен байланысты басталады, қарын кышқылы өзгермеген, анамнезінде ойық жара қабынуы жоқ, кейде дене сарғайған.
Созылмалы аппендицитте іш ауруының мерзімдік күшеюі, құсық, қыжылдау жоқ. Іштің ауыратын орны басқа. Анамнезде бұрын аппендициттің жедел түрі орын алғаны анықталады.
Ойық жара ауруының ағымы ойық жарадағы өзгерістерге сәйкес өзгеріп отырады - аурудың жағдайы ауырлануы жақсаруымен алмасып тұрады. Ойық жара тыртықтанады немесе жаңа жаралар пайда болып, олардан қан ағуы, жараның көрші мүшелерге шабуы мүмкін, кейде ойық жараның тесілуі кездеседі. Диетаның жағдайсыздығы асқазан қабынуын күшейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |