Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет62/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

Ауруды рентгенмен тексергенде - көк ет астына жиналған газдың көлеңкесі көрінеді.
Аталған объективті көріністерме қоса перфорацияның келесі жалпы симптомдары анықталады. Перфорациядан соңғы алғашқы сағаттарда –шок дамиды. Науқастың терісі бозарған, дымқыл, суық, аурудың есі ауысқан. Дене қызуы қалыпты, қан тамыры нашар анықталады, кейде қиын, немесе тіпті анықталмайды.
1-2 сағат өткеннен соң аурудың жағдайы "жақсарады" алдамыш жақсару байқалады. Іш ауыруы бәсеңдейді. Бірақта қарын тесігінен ішке сүйық ағу салдарынан перитонит дами бастайды. Мұндай "жалған жазылу" дәрігерді алдап қажетті операцияны жедел орындаудан бас тарттыруы мүмкін.
Шок кезеңі өткеннен соң қан тамыры толықтанады, сиректенеді. Тамыр сиректенуі кезбе жүйенің қозуымен байланысты. Жүрек соғуының сиректенуі де.
Перфорация дене қызуын көтермейді, дене қызуы тек перитонит басталғанда жоғарылайды (38-39градус С).
Сонымен, қарын ойық жарасының тесілуі ағымында шок және жалған жазылу және перитонит кезеңдерін бөлуге болады. Перитонит кезеңінде аталған белгіге жалпы және жергілікті өгерісмен қоса Гиппократ пішіні (перитонит пішіні) пайда болады. Оған іш кебуі, жел шықпауы (метеоризм), құсық қосылады.
Алғашқыда ішілген тағамдар құсылса, кейінір өт қосылған, одан қейін нәжісті құсық басталады. Құсық жиі - тоқтаусыз, сасық иісті, көкшіл қара түсті, көп мөлшерде. Егер қажетті операция орындалмаса ауру 24-48 сағат арасында қайтыс болады.
Кейде аурудың операциясыз жазылуы мүмкін. Бұл ойық жара тесігінің шарбымен немесе ішекпен бітелуінде кездеседі. Ал кейде қарыннан аққан сұйық шарбымен т.б. іш мүшелерімен қоршалып абсцесс немесе шектелген перитонит береді. Болашақта абсцесстің ағзаға жайылуы немесе іріңдік ішекті тесіп оған ағуы мүмкін.
Перфорацияны алғашқы 6 сағат ішінде операциямен емдегенде аурулар өлімі байқалмайды. Егер хирург ауруға морфий егіп консервативті ем қолданса әр бір - 4 науқастың 3-і қайтыс болады (Мондор).
Сондықтан, қарын мен ұлтабар ішегінің перфорациясын анықтау өте жедел орындалуға тиіс. Әр бір кешіккен сағат операцияның нәтижесін өте төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет