Жирар-Спасокукоцкий тәсілі - Жирар тәсілінен айырмашылығы қиғаш және көлденең бұлшықеттердің шеті апоневроздың жоғарғы бөлігінен жекеленбей бірақ тігінмен қоса тігіледі. Ол екі қатар тігінмен шап сіңірін жарақаттандырудан сақтайды.
Кимбаровский тәсілі(1928 ж) - тігін ұрық жолының алдымен салынады. Тігінге сыртқы қиғаш бұлшық ет апоневрозының жоғарғы бөлшегіне қоса ішкі қиғаш көлденең еттің жиегі қоса алынып олар шап сіңіріне тігіледі.
Кукуджанов тәсілі(1949) - сыртқы қиғаш бұлшық еттің апоневрозын тіліп ұрық жолын алға және төмен тартады да жарық қапшығы босатылып ол мүмкіндігінше жоғарыда байланып алынып тасталады. Жарық қапшығының мойны өте кең болса оны үзіліссіз тігінмен тігеді. Көлденең фасция жеке тігіледі. Көлденең ет жамбас жолына және қасаға жалғамына тігіледі де шап арнасының түбі бекітіледі. Тік бұлшық еттің сіңірін шап сіңіріне тігіп ішкі қиғаш бұлшық ет төмендетіледі. Бұл кеңіген шап аралығын тарылтады және шап арнасының артқы бетін күшейтеді. Ұрық жолы тігіндер үстіне орналастырылады.
Сыртқы қиғаш бұлшы арнасы пластикасының 130 - дан астам тәсілдері белгілі. Әр түрлі себептермен олардың көпшілігі қолданылмайды.Ең жиі қолданылатын және жақсы нәтиже беретін тәсілдерді жоғарыда атадық.