Операциядан кейін кездесуі мүмкін асқынулар- жараның іріңдеуі. Бұның алдын алуда асептика, антисептика шарттарын сақтаудың, сапалы гемостаздың маңызы зор.
- Гипостатикалық пневмония - операциядан соң ұзақ уақыт төсек тартып жатқан ауруларда жиі кездеседі.
- Зәр шығарудың қиындануы катетерді қолдануға мәжбүр етеді. Ал ол цистит ауруына әкелуі мүмкін.
- Ішек – қарын парезі.
Аталған операциядан кейінгі асқынуларды алдын алу үшін науқасты төсекте қозғалыссыз ұзақ ұстамай ерте аяғына тұрғызу қажет.
7 тәуліктен соң операциядан кейінгі тігін жіптері алынады да 8 тәуліктен соң ауру үйіне шығарылып, 1,5-2 ай бойы қара жұмыстан босатылады. Қайталанып жасалынған операциядан соң ауыр жұмысқа кірісу уақыты 2-3 жұмаға ұзартылады.
Аталған операциялардың еш біреуі жарық қайталануынан толық қорғай алмайды. Операциядан соңғы қайталану 2-20% арасында байқалады. Ең нәтижелі тәсілдер болып шап өзегінің артқы бетін бекітетін операциялар саналады.
Әр қашан операция тәсілін жарықтың түрімен (қиғаш, тік, қайталанған) санаса отырып шешеді.
Жарық қайталануының негізгі себептері - анатомиялық жағдайлар және операцияны орындаудағы техникалық қателіктер, ауруды ерте ауыр жұмысқа шығару.
Сурет № 5. Жарықтың орнына жалған түсірілуі
а) Жарық капшығы және қысылған мүше ішпердеден тысқары аймаққа ығысқан
б) Париетальды ішперденің жарық қапшығы-мойыны тұсында жыртылуы салдарынан қысылған ішектің қысушы сақинаның іш куысына еніп кетуі.
1-ші науқас, 18 жаста. Шағымы - қозғалу, жүру қиындауы. Бұл құбылыстардың ауыр жұмыста күшеюі және оң шап тұсында төмпешіктің пайда болуы. Бұл ісік бұдан екі жыл бұрын ауыр атлетикамен шұғылдану әсерінен пайда болған . Алғашқыда ісік кішкене, жаңғақтың үлкендігіндей және қатты болатын.
Биыл медициналық тексерісте оң шаптың жарығы анықталды. Кейінгі уақытта ісіктің аумағы үлкейіп тауық жұмыртқасындай мөлшерге жетті. Ісік жұмсарды. Оның айналасы тіпті азғана әсерден - жөтелгенде, күшенгенде ауыратын болды. Сондықтан бұл жігіт біздің бірінші қалалық емханаға клиникаға жатқызылды. Ауруды аяғына түрғызып қарағанда оң шап тұсында сопақша келген төмпешік пайда болады. Бұл ісік жұмсақ, ауруды жатқызғанда ісік ішке еніп жоғалып кетеді. Жөтел симптомы анық Шап тесігі саусақты өткізеді. Ісік ұрық жолынан сыртқары шығады. Ұрық безі өзгермеген.
Науқастың шағымы, шапта жұмсақ ісіктің пайда болуы, ол ісіктің жатқанда жоғалуы, шап каналының сыртқы тесігінің кеңеюі және жөтел симптомының анықталуы ісіктің ұрық жолынан тысқары шығуы негізінде келесі диагноз қойылады. Оң шаптың кейін пайда болған қиғаш, орнына түскіш жарығы.