Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы


КЕУДЕНІ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ



бет242/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

9.2. КЕУДЕНІ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ


Кеудені зерттеуде көзбен көру, демді зерттеу (шапшандығы, дұрыстығы, терендігі), кеудені қолмен сипау, саусақпен соғу, тыңдау, өлшеу, кеудені қысу (басу), денені қозғау, омыртқаны басу, кеуде пункциясы, рентгенмен тексеру (скопия, графия, фистулография) пайдаланылады.


Көзбен көру кеуденің формасын, ондағы төмпешіктер мен ойықшаларды, терінің түсін, жарақатты, тыртықты, кеуденің екі бөлігінің бір қалыпсыздығы (ассиметрия), қабырға арасы кеңдігі, шеміршек астының кең - тарлығы анықталады.
Демді зерттеумен — кеуденің екі бөлігінің дем алуға қатысуын (соғылу, қабырғалар сынуы, плеврит) анықтайды.
Өлшеумен - кеуденің айналма мөлшерін сантиметрлі лентамен еркектерде — сүт безінің еміздіктері тұсымен, әйелдерде — емшектің түбімен өлшейді. Орташа есеппен еркектерде 88, әйелдерде 83 см. болады. Өлшемнің маңызы — демді алған мен демді шығарғандағы көрсеткіштер болады. Дені сау адамдарда бұл көрсеткіш 5—8 ден 10 см. жетеді. Кеуденің ауруларында бұл көрсеткіш азаяды.
Жеке қабырғаларды басу - қабырғаның сынығын, не ауыруын анықтауға көмектеседі.
Кеудені алдынан артына қарай қысу — төс сүйегіне байланысты жоғарғы жеті қабырғанын сынығын не ауыруын анықтау үшін пайдаланылады.
Омыртқалар қозғалысы (еңкею, шалқаю, бір жанына бүгілу, бұрылу) — жеке не бірнеше омыртқаның жағдайын анықтауға көмектеседі.
Омыртқаға күш салғанда науқас адам отырады, не тік тұрады, зерттеуші дәрігер науқастың басын еқі қолымен күштеп басады. Бұл сәтте жаракат омыртқа түсында қатты ауыру сезімі пайда болады.
Палъпациямен — ауырғыш жерді, тері астының эмфиземасын, сүйек сықырын, флюктуацияны, дене ісігін, лимфа бездерінің жағдайын анықтайды.
Перкуссиямен аускультация көмегімен кеуде мүшелері (өкпе, жүрек) жағдайын және кеуденің өзінің жарақаттары мен ауруларын анықтайды.
Аускультациямен (өкпені тындау) - демнің нашарлауын, не бұзылуын анықтайды. Ашық пневмотораксте — кеудеге енетін және одан шығатын ауа дыбысы естіледі.
Рентгенография - кеуде сүйектері сынықтарының түрін, орнын, сүйектің остеомиелит не ісік ауруларына шалдығуын көрсетеді. Рентгенографияны кеудеге дарыған темір заттардың орналасқан орнын анықтау үшін де пайдаланады.
Пункция — кеуде қуысында жиналған сүйықты (қан, ірің, лимфа) және кеуде қабаттарының, қабырғалар мен омыртқалардың жарақаттары (гематома) мен ірінді ауруларын (абсцесстер, флегмоналар) анықтауда және емдеуде пайдаланады.
Кеуденің пункциясы аурудың диагнозын анықтау және оны емдеу үшін қолданылады. Кеуде жаракаттарын анықтауда диагностикалы пункцияны пайдалануға еш кедергі жоқ. Плевра пунқциясы, ондағы бөтен затты алып оны лабораториялық, бактериологиялық анализге жіберуге де қажет.
Плевра қуысынан қан алыну—гемоторакстың ең маңызды көрінісі. Тек ұйыған гемоторакста пункциямен қан алынбауы мүмкін.
Пункциямен алынған қанды Петров сынағын пайдаланып, оның стерилъді не инфекцияланғанын анықтауға болады. Ол үшін пункциямен алынған қанды дистилденген сумен 5 есе сұйылтады. Егер эритроциттер гемолизденгеннен соң зерттелетін сұйық қызыл түсті және мөлдірлігін сақтаса - қан инфекциясыз. Ал сұйық қойыртпақ тұнбаланса —қанның инфекцияға шалдыққандығын көрсетеді.
Рувилуа—Грегуар сынағын пайдаланып, плевра қуысына қан құйылуы тоқтағанын немесе әлі ағып жатқанын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет