7.3 ҚАЛҚАНША БЕЗДІ ТЕКСЕРУ ТӘСІЛДЕРІ
1. Физикальдық тексерістер:
а) Көру - мен қалқанша безінің жағдайы бұзылғандарға тән көріністер - науқастың мінезінің бұзылуы, көз симптомдары, саусақтар дірілдеуі, бездің төс сүйегі артында өсуінде - мойын, кеуде көк тамырларының созылғандығы анықталады.
б) Безді сипау (пальпация).
Безді көру және сипау арқылы қалқанша безінің үлкеюінің дәрежесі анықталады:
0- дәрежеде - бездің мөлшері бұзылмаған,
I - дәрежеде без жұтынғанда ғана анықталады (көзбен көрінбейді, қолмен сипалады),
II - дәрежеде без жұтынғанда анық көрінеді, мойын өзгермеген,
III- дәрежеде мойын түсі өзгерген (жуан мойын),
ІV - дәрежеде мойын формасы ауыр өзгерген,
V – дәрежеде без ауыр өскен, мойын ауыр "ісінген", өңеш, кеңірдек қысылған -жұтыну, тыныс алу бұзылған.
2. Лабораторлы және аспапты тексерістер:
а) Негізгі алмасуды тексеру,
б) йодтың қалқан безімен сіңірілуін анықтау.
Қалыпта 131 - йодтың 2 сағатта - 5-10%, 24 сағатта - 20-30% сініріледі. Гипертиреозде сіңіру көбейеді, гипотиреозда - азаяды.
в) Ұйқы безін сканерлеумен - 131 йодтың безде орналасқан көлемін, аумағын анықтау (аденома, киста, ісік)
г) Қалқанша безінің гормондарын анықтау (қалыпты 64-128 н/моль/л/); трийодтиронинді (қалыпты 0,9-216 н/моль/л).
д) Рентгенді тексеріс - бездің кальцификацияланған бөлшектерін эхография көрсетеді.
е) Улътрадыбыстық эхография (УЗИ).
ж)Биопсия.
з) Ларингоскопия.
и) Лимфография.
к) Ангиография - (бұғана асты немесе сыртқы ұйқы артерияға контрасты зат жіберіліп орындалады)
29-шы науқас - 37 жасар әйел клиникаға келесі шағымдармен түскен. Мойынның алдыңғы бетінің ісініп жуандауы. Тағам жұтқанда осы ісіктің тұсының ауырсынуы, бас ауыруы.
Бұрын безгекпен, тұмаумен ауырған. 4 жыл бұрын гинекологиялық ауру себебінен операция жасалып, жатырдың екі түтігі байланған.
Тұрмыс жағдайы орташа. Шылым шекпейді. Суды құдықтан алады. Ақырғы 5-6 жыл эпилепсиямен ауырады. Сондықтан жұмыс істемейді. Мойында кішкене, қозғалғыш ісіктің пайда болғаны бұдан 4 жыл бұрын анықталған. Бұл ісік мысқылданып үлкейе басталғанмен дәрігерге бір жыл бұрын ғана көрінген. Осы уақыттан бастап йод препараттарын пайдаланған. Бірақта одан көмек болмаған. Мойынның алдынғы бетінде 2 бөлшектен құралған қозғалғыш, ауырмайтын ісікшелер (2-3 см) анықталады. Грефе, Мебиус симпомдары жоқ, қол саусақтарының, бастың қалтырауы байқалады. Көз бадырағы жоқ. Негізгі алмасу + 24% (+10%). Диагноз - эутиреоидты диффузды - түйіншекті (аралас) жемсау.
Достарыңызбен бөлісу: |