VIII - ТАРАУ. СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ
VIII – ТАРАУ. СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ.
8.1. CҮТ БЕЗДЕРІН ТЕКСЕРУ ТӘСІЛДЕРІ
ҮТ БЕЗДЕРІН ексеру тәсілдері .Анамнез (сұрау, анықтау) көмегімен бұрын ауырған науқастары, бездердің ауыруы, олардың қатаюы, еміздіктерден сұйық шығуы, емшектер терісінің өзгеруі, жүктілік ерекшеліктері, саны, баланы емізу, аборт, жыныс мүшелеріне жасалған операциялар.
Физикалды тәсілдер - Науқас әйелді тексеруді оның кеудесін толық шешіндіріп, ашып, қолдарын көтеріп - түсіріп, ауруды жатқызып - тұрғызып, бір қырына жатқызып тексереді.
а) Пальпацияны еміздіктің айналасынан (ареоладан) бастап барлық аймақтарын тексерумен аяқтайды. Егер ісік байқалса - оның аумағын, қатаңдығын, қозғалғыштығын айырады. Бұдан соң қолтық асты, бұғана үстінің және астының лимфа бездерін тексереді - олардың аумағын, қозғалғыштығын, қатаңдығын, ауырғыштығын анықтайды.
б) Өзін өзі тексеру - сүт безінің ісіктерінің алғашқы белгілерін ерте анықтау үшін әр-бір 25 жастан асқан әйелдер етек кірі циклінің алғашқы жұмасында өз сүт безіні өзі сипап тексеруді үйрену қажет. Емшек еміздігінен қанды, қызғылт немесе түссіз сүйықтың шығуына көңіл бөлінеді.
Бұдан соң емшектерін айнаның алдында қолдарын көтеріп, түсіріп тексереді.
Арнайы тәсілдер:
а) маммография - бездерді рентгенмен тексеру. Екі проекциямен рентгенография орындалады.
б) Галактофорография - сүт тамырларына рентген контрасты зат енгізгеннен соң орындалатын рентгенография. Спиртпен аласталынған еміздік тесігі арқылы 5-6 мм. тереңдікке үші доғал жіңішке ине енгізіледі де ол арқылы 0,3-1% - 60 мл. верографин немесе урографин егіліп рентгенография орындалады.
в) Тепловидение (термография) - теловизор экранында адам денесінен шығатын жылуды бақылау.
г) Ультрадыбысты эхография - сүт безінде пайда болған қатерлі ісікті қатерсіз ісіктерден айыру үшін қолданылады. Рак ісігінде дыбысты күшейтетін қатаң структуралар анықталады.
д) Магнитті-резонансты томография (МР-томография) - сүт безіндегі өзгерістерді және без тіндерінің жағдайын көрсетеді.
е) Морфологиялық тексеріс - пунктаттың цитологиялық тексерісі.
Достарыңызбен бөлісу: |