Балалық шақ кезеңінің ерекшелігі.
Балалық шақ кезеңінің (1-3 жас) бір қатар сапалы, физиологиялық және психикалық ерекшеліктері бар, ол тәрбиелеудің әдістері мен маңызын анықтайдыжәне осы жастағы балалар үшін арнайы жағдайларды жасауды талап етеді.
Балалық шақтың ерекшелігі:
1) Дене және психикалық дамудың қарқындылығы. Бала өмірдің бірінші кезеңінде өз салмағын еселейді,бойы орташа 25 см. өседі, кейінгі 2 жылда салмағы мен бойының өсу қарқыны қысқарады: екінші жылда ол 11см өсіп, салмағы 2,5-3 кг артады; үшінші жылда бойы 8см, салмағы- 1,5-2 кг артады.
11-12 айда бала өз еркімен жүре бастайды, 6-10 сөз айтады, 2 жасында – 200 - 300 сөз, 3 жасында 1200-1500 сөзге дейін. Бала қарапайым мінез-құлық ережесінмеңгеріп, оның құштарлығы, дағдысы,талғамы қалыптасады.
2) Бала организмі қамкөңілдігінің артуы, органдар мен жүйенің жеткіліксіз морфологиялық жетілуі. Дамудың тез қарқыны, қолайсыз фон күйінде болады – организм дамымаған кезде, бұл оның ренжігіштігін арттырады. Көп жағдайда балалар ішкі органдар іс-әрекетінің жетілмеушілігіне шалдығады. Бұған қоса, олар тез шаршайды, бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуы қиын, жоғары қозғыштықтарымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |