Мектепке дейінгі сәбилік кезең. Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі келеді. Ойлау кабілеті дамиды. Жаңадан шартты рефлекстер калыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгіреді.
Мектепке дейінгі естияр кезең. Бұл кезенді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы артады. Бұл не? деген сұрактарға жауап іздейді. Ми көлемі артып, дами түседі. Анық сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін әр түрлі ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, көңіл күйі қалыптасады. Әсіресе, кимыл-өрекеті қажет ететін ойындар арқылы каңқасы мен бұлшыкеттері дұрыс жетіле түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |