Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет149/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Медициналық эфир 
C
2
H
5
-O-C
2
H
5
- Aether medіcіnalіs. 
Медициналық эфир – диэтил эфирі - түссіз, мөлдір, жеңіл тұтанатын
қозғалғыш, өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар, ұшқыш сұйықтық. 
Органикалық еріткіштермен: этанолмен, өсімдік майларымен, эфир майларымен 


211 
жақсы араласады; суда 1:12 қатынасында ериді. Хлороформда еритін заттар 
эфирде де жақсы ериді. Хлороформ сияқты, эфир есірткі зат. 
Бейсу ерітінділер технологиясында эфир сирек қолданылады, тек қана басқа 
еріткіштермен бірге пайдаланылады. Ол салмақ бойынша дозаланады. 
Дайын дәрілік препараттар технологиясында эфир кейбір тұндырмалар мен 
экстракттарды дайындаған кезде және коллодий (Collodіum) өндірісінде 
қолданылады. Коллодий - коллоксилиннің спиртті-эфирлі ерітіндісі. 
Эфирдің жеңіл тұтанатыны, оның буларының ауамен қоспасының 
жарылғыш қаупі қатаң техника қауіпсіздігін сақтауды талап етеді.
Эфир жақсы тығындалатын ыдыста, салқын, жарық түспейтін, оттан алыс 
жерде сақталады. Эфир салмақпен дозаланады.
 
Ұшпайтын бейсу еріткіштер. Глицерин 
C
3
H
5
(OH)
3

 
Glycerіnum.
 
Глицерин - 
түссіз, шырын тәрізді, тәтті дәмді, иіссіз сұйықтық. ҚР МФ II т., 173 б., 176 б. 
«Глицерин 98%» және «Глицерин 85%» енгізілген. Фармацевтикалық практикада 
абсолютті глицерин қолданылмайды, оның 86-90% сулы ерітінділері 
қоланылады. Ол сусыз глицериннің өте жоғары гигроскоптығын және 
тітіркендіргіш қасиетіне байланысты. Салыстырмалы тығыздығы 1,224-1,235 
г/мл. Глицеринді сумен келесі теңдеу бойынша араластырады: 
)
1
(
)
1
(






a
b
b
a
x
m

мұндағы: m - дистилденген (сусыз) глицериннің мөлшері, г; 
х - сұйылтылған глицериннің мөлшері, г; 
а - дистилденген (сусыз) глицериннің тығыздығы, г/мл; 
b - сұйылтылған глицериннің тығыздығы, г/мл; 
1- судың тығыздығы, г/мл. 
Глицеринді сұйылтуға қажетті судың мөлшерін айырма бойынша 
табады:
у = х – m 
мұндағы: х - сұйылтылған глицериннің мөлшері, г; 
m - дистилденген (сусыз) глицериннің мөлшері, г; 
у - судың мөлшері, мл. 
Глицерин барлық қатынаста сумен араласады, бірақ, спиртпен 
салыстырғанда, глицерин эфир және өсімдік майларымен араласпайды. 
Глицеринде бор қышқылы, натрий тетрабораты, хлоралгидрат, натрий 
гидрокарбонаты жеңіл ериді. Глицериннің 25% және одан жоғары 
концентрациядағы ерітінділері микробтық контаминацияға ұшырамайды, ал 
сұйылтылған ерітінділері микроорганизмдердің дамуына қолайлы орта болып 
саналады. Глицерин салмақпен дозаланады. 
Глицерин жоғары гигроскоптығына байланысты, жақсы тығындалатын 
ыдыста сақталады.


212 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет