Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет342/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова
Отсканированные документы, Программа снижения веса 1, Бердіхан Бахаргүл. РМ
Орамдау және буып түю. 
Көз тамшыларын сыйымдылығы 5-10 мл 
флакондарда, резина тығынмен және металл қалпақтармен бекітілген күйінде 
босатылады. Мұндай орауышта көз тамшыларын жиі қолданған кезде
микроорганизмдермен ластануы мүмкін, яғни қойылатын талаптарға жауап 
бермейді. Көз тамшыларының орауышы олардың стерильділігін қамтамасыз 
етуі және қолданғанда ыңғайлы болуы керек. Шет елдерде, науқасқа 
гигиеналы және қолдануға қолайлы оригинальды орауышта шығарылады. 
Олар полиэтиленнен жасалынған пипеткасы бар арнайы флакондар. 
Стандартты пипетканың болуы ерітіндіні дәл және жеңіл дозалауға мүмкіндік 
береді.
Көз жағар майлары - Unquenta ophthalmіcaе (oculenta). 
Көз жағар 
майлары көз конъюнктивасына жағуға белгіленеді. Көздің конъюнктиві өте 
нәзік қабық, сондықтан көз жағар майларын бөлек топқа жатқызады және 
оларға келесі талаптар қойылады: 
-
көз конъюнктивін жарақаттайтын, өткір ұштары бар қатты бөлшектер 
болмауы; 
-
ылғал кілегей қабатта жеңіл және өз бетінше таралуы қажет
-
жағар майдың рН мәні көз жасы сұйықтығының рН мәніне сай болуы, 
басқа жағдайда жас ағып, дәрі тез жуылып кетеді; 
-
көз жағар майлары өте жоғары сапалы негізде дайындалуы және қатты 
фазасы өте майда дисперсиялы болуы керек.
Көз жағар майларында негіз ретінде «көз жағар майы үшін» сортындағы 
вазелин және әр түрлі қатынастағы вазелин мен ланолин балқымасы 
қолданылады. Егер жазылымда негіз көрсетілмесе, онда МФ ХІ басылымы 
«Жағар майлар» мақаласына сәйкес 10 бөлік сусыз ланолин мен 90 бөлік 
вазелин балқымасы қолданылады. Қоспаны балқытып, фильтрлейді, содан 
соң стерильденген құрғақ банкіге салып, пергамент қағазбен жауып, 
кептіргіш шкафтарда 180 
0
С 30 минут немесе 200 
0
С 15 минут стерильдейді. 
Дайын негіз жарықтан қорғалған жерде 25 
0
С температурада 2 тәулік немесе 
3-5 
0
С 30 тәуліктей сақталады.
Егер көз жағар майына арналған вазелин болмаса, онда кәдімгі вазелинді 
арнайы өңдеуден өткізеді. Ол үшін вазелинді эмаль ыдысқа салып 2% 
белсендірілген көмір қосып, үнемі араластыра отырып 150 
0
С 1 сағат 
қыздырады. Қабатты фильтр арқылы стерильденген вазелинді фильтрлеп, 
тығындап жабылатын ыдыста сақтайды. Көз жағар майы негіз ретінде 
физиологиялық индифферентті гидрофильді негіздер де: метилцеллюлоза, 
карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы қолданылады. 
Көз жағар майы асептикалық жағдайда дайындалады. Барлық көмекші 
материалдар алдын-ала стерильденеді. 
Дәрілік заттар негізге дерматологиялық жағар майлардағы секілді жалпы 
ережелер бойынша енгізіледі. Суда еритін заттарды алдын-ала стерильді суда 
ерітеді. Мырыш сульфаты, резорцин, пирогаллол дерматологиялық жағар 
майлардан өзгешелігі, көз жағар майына құрамына сулы ерітінді түрінде 
енгізіледі. Суда және негізде ерімейтін дәрілік заттарды қосымша 


434 
сұйықтықпен мұқият ысқылап, майда ұнтақ (суспензия) түрінде негізге 
енгізеді. 
Көз жағар майларын тығыз жабылатын стерильді шыны немесе фарфор 
банкілерде босатады. Жағар май қолдану кезінде ластанбауы үшін, оны 
стерильді қалақшамен бірге босатқан орынды. Көз жағар майларының 
бұралатын қақпағы бар тубаларда босатқан ыңғайлы. 
Асептикалық жағдайда сақталып және стерильді тубаларға салынған көз 
жағар майлары, микробтық контаминацияға (1 г 100 микроб клеткалары) 
ұшырамайды. Бірақ үнемі қолданғанда көз жағар майы микробтармен 
ластануы мүмкін. Сондықтан жағар майларға көз тамшылары сияқты 
консервантар қолдану орынды. Бұл мақсатта бензалконий хлориді 1:1000, 
нипагин және нипазолдың қоспасы нипагин 0,12%, нипазол 0,02%, сорбин 
қышқылы (0,1 - 0,2%) және басқа медицинада қолдануға рұқсат етілген 
консервантар ұсынылған. 
Көз жағар майының рецептурасы әр түрлі. Негізінен бұл екі фазалы және 
одан 
көп 
күрделі 
дисперсті 
жүйе. 
Құрамында 
антибиотиктер, 
сульфаниламидтер бар, сынап тотығымен көз жағар майлары жиі кездеседі. 
Қолдану мақсаты әр түрлі (дезинфекциялау, ауырусыздандыру, көз 
қарашығын ұлғайту және кішірейту, көз іші қысымын төмендету) болады.
Rp.: Zіncі sulfаtіs 0,05
 
Vaselіnі 18,0
 
Lanolіnі anhydrіcі 2,0
 
Mіsce fіat unquentum 
 
Da Sіgna.
Көз жағар майы 
Есептеу: 
m
ж

0,05+18,0+2,0
= 20,05 
Рецептіде көз жағар майы берілген мырыш сульфаты суда жеңіл ериді
негіз дифильді. Жағар май эмульсиялы. 
БП 
Zіncі sulfatіs 0,05 
Lanolіnі anhydrіcі 2,0 
Vaselіnі 18,0 
m
ж
= 20,5 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет