Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет76/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова
Отсканированные документы, Программа снижения веса 1, Бердіхан Бахаргүл. РМ
 
Технологиясы
Құрамындағы заттардың мөлшері шамамен бірдей
сондықтан, олардың физикалық касиеттері салыстырылады. Терпингидрат 
натрий гидрокарбонатына қарағанда ірі кристалды зат. 
Жұмыс орнын дайындап, келіге 1,5 г терпингидратты BP-5 қол таразысында 
өлшеп алып, ұнтақтайды, ұнтақталу дәрежесін тексеріп, шамамен 1/20 бөлігін 
келіде қалдырып, қалғанын қағаз капсулаға төгеді. Қол таразысы (BP-5) 
көмегімен 1,8 г натрий гидрокарбонатын өлшеп, келіге салып, ұнтақтап, 
терпингидраттың капсуладағы мөлшерін қайтадан келіге салып, біртекті ұнтақ 
болғанша, целлулоид қалақшамен жинай отырып қайта-қайта араластырып, 
біркелкілігін тексеріп, ВР-1 қол таразы көмегімен 0,55 г-нан балауызданған қағаз 
капсулаларға бөлшектейді, орамдап, босатуға ҚР ДСӘД министрінің 2015 
жылғы 16 сәуірдегі № 227 бұйрығы талаптарына сай безендіреді. 
Есептеулер: 
б) 
Rp.:
Natrіі hydrocarbonatіs
0,3 x 10 = 3,0 

Magnesіі oxydі ana 0,3 
0,3 x 10 = 3,0 

Mіsce fіat pulvіs 
m
ж
= 3,0 + 3,0 = 6,0 

Da tales doses № 10 
m
1 ұнт.
= 6,0 : 10 = 0,6 

Sіgna
. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.
Б.П. 
Natrіі hydrocarbonatіs 3,0 
Magnesіі oxydі 3,0 
m
ж
= 6,0; m
1 ұнт.
= 0,6; № 10
Дайындаған: 
(қолы) 
Тексерген:
(қолы) 
Босатқан:
(қолы) 
Дайындалған күні 
Магний тотығының көлемдік салмағы үлкен, ол оңай тозаңданатын зат
натрий гидрокарбонаты – кристалды зат, сондықтан, бірінші натрий 
гидрокарбонатын ұнтақтап, ұнтақталу дәрежесін тексеріп, магний тотығын 
ұнтақтамай тек келінің бетін қағазбен немесе шынымен жауып біртекті масса 
болғанша араластырады. Содан соң BP-5 қол таразысымен 0,6 г-нан өлшеп, 
балауызданған қағазға орап, ішуге арналған дәрі ретінде ҚР ДСӘД министрінің 
2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 бұйрығы талаптарына сай безендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет