Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет151/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Димексид 
SO - (CH
3
)
2
- Dіmexіdum. Димексид - диметилсульфоксид - 
күкірттің 
органикалық 
қосылысы, 
күкірт 
диоксидінің 
туындысы, 
молекуласындағы бір оттек атомы екі метил тобымен алмастырылған. Димексид 
түссіз, мөлдір сұйықтық немесе түссіз, өзіне тән иісі бар кристалдар, өте 
гигроскопты. Сумен барлық қатынаста араласады, 2:1 қатынаста сумен гидрат 
түзеді, бұл кезде көп мөлшерде жылу бөлінеді. 


213 
Димексидте химиялық табиғаты әртурлі дәрілік заттар ериді (кесте 11), бұл 
димексидтің жоғары полярлығына (25 
0
С температурада диэлектрлік өткізгіштігі - 
49,0), сонымен бірге ассоциат түзу қабілетіне байланысты. 
Димексид ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы және ыстықты басатын 
қасиеттері, сонымен бірге антимикробтық белсенділігі бар зат. Димексид 
эмульсиялар, линименттер, жағар майлар технологиясында кеңінен қолданылады. 
Димексид тығыз жабылатын ыдыста, қараңғы жерде сақталады. 
Полиэтиленоксид-400 
(ПЭО-400) 
н-(OCH
2
CH
2
)
9
-OH 
– 
Polyaethylenoxydum. 
Полиэтиленоксид-400 
(ПЭО-400), 
полиэтиленгликоль-400 
(ПЭГ-400) 

этиленоксидтің 
сумен 
полимеризацияланған өнімі. 
Бұл түссіз, мөлдір, тұтқыр, өзіне тән иісі және тәтті дәмі бар гигроскопты 
сұйықтық. Ол биологиялық индефференті, микробтарға тұрақты. ПЭО-400 суда, 
этанолда, хлороформда жақсы ериді, эфирде іс жүзінде ерімейді. Сонымен бірге 
суда аз және қиын еритін дәрілік заттар: бензой қышқылы, салицил қышқылы
анестезин, камфора және басқалар ПЭО-400 жақсы ериді (11 кесте). 
Тек таза ПЭО-400 ғана емес және оның сулы ерітінділері кейбір заттардың 
ерігіштігін арттырады. Мысалы, фурацилин ПЭО-400 26% ерітіндісінде суға 
қарағанда 25 есе жақсы ериді. 
ПЭО-400 жоғарғы осмостық белсенділік көрсетеді, іріңді тазартуға, жара 
бетін өңдеуге арналған, сондықтан оны сырт тәнге арналған ерітінділер 
технологиясында қолдану маңызды. 
ПЭО-400 фенол, резорцин, танин, тимолмен және т.б. сыйымсыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет