Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет291/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

дайын өнімнің стерильдігі
, яғни дамудың барлық 
сатысында болатын микроорганизмдердің барлық түрлерінің болмауы. Ол 
үшін, біріншіден дәрілік түрді дайындау кезінде асептика жағдайларын 
сақтау және екіншіден, сәйкес әдіспен дәрілік түрді стерильдеу қажет. 
Дәрілік түрлердің құрамына кіретін дәрілік заттардың табиғаты және 
дайындаудың технологиялық процесіне байланысты стерильді дәрілік түрлер 
екі топқа бөлінеді. 
1.
Соңғы орамасымен стерильденетін дәрілік түрлер (инъекциялық 
ерітінділер, көз тамшылары, жууға арналған ерітінділер және т.б.); 
2.
Стерильдемей, дәрілік түрді дайындау үшін стерильді еріткіш, ыдыс, 
қосымша заттарды және т.б. пайдаланады. Құрамында антибиотиктері бар 
дәрілік түрлер, термолабильді заттары бар шаншуға арналған ерітінділер 
асептикалық жағдайда дайындалады. 
Ерітінділерді дайындау процесінде микробтармен ластану мүмкін 
болғандықтан, асептика ережелерін қатаң сақтауға, өнімнің микробтық 
ластануын максималды болдырмаудың жағдайларын жасауға көңіл бөлу 
қажет. 
Стерильді дәрілік түрлердің сапасына қойылатын талаптар - 
халықаралық стандарттардың санитарлық-гигиеналық талаптарына жауап 
беретін асептикалық жағдайды дайындауды білдіреді. 
Асептика
- дәрілік препараттарға микроорганизмдердің технологиялық 
процестің барлық сатысында түсуін минимумға келтіруге мүмкіндік беретін 
іс-шаралар комплексі, жұмыс режимі. 
Асептика жағдайын қамтамасыз ету үшін микробтық контаминация 
көздерін ескеру қажет. Оларға: бөлме, ауа, дәрілік заттар, қосымша және 
орамдау материалдары, еріткіш, сонымен қатар жұмысшы персонал жатады. 
Асептикалық жағдайда дайындау, бір-бірін толықтыратын, міндетті 
шарлардың берік тізбегі. Бір этапта жіберілген қате, барлық істелген 
жұмысты жоққа шығаруы мүмкін. Бұл жағдайларды міндетті түрде орындау, 
барлық стерильді дәрілік түрлерді, сонымен бірге стерильденетін дәрілік 
түрлерді 
дайындау 
кезінде 
қолданылады. 
Стерильдеу 
өлген 
микроорганизмдердің 
жасушалары 
немесе 
микроорганизмдердің 
метаболизмдері болатын, пирогенді заттарды жоймайды. Асептикалық 
жағдай, термиялық стерильдеуге төзімсіз дәрілік түрлерді дайындаған кезде 
өте маңызды. 
Асептикалық жағдайды әзірлеу келесі мәселелерді қарастырады: 
1.
Арнайы бөлмелердің - асептикалық блоктардың болуы. 
2.
Стерильді және асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік түрлерді 
дайындау кезінде санитарлық ережелерді сақтау. 
3.
Қосымша материалдарды, дәрілік заттарды дайын дәрілік түрлерді 
стерильдеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет