Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет288/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Екінші тәсіл.
Егер эмульгатор ретінде бидай ұны қолданылса, оны 
гидрофобты сұйықтық мөлшерімен бірдей және бірдей мөлшерде глицерин 
алып, мия тамыры ұнтағымен тығыздайды. Дайын пилюляларды ликоподиймен 
опалайды. Құтыға салып безендіреді. 
Үшінші тәсіл.
Мия тамырының ұнтағымен және глицеринмен 
эмульгирлеу. Мысалы, қара май мен скипидар пилюля құрамына кірсе, онда 
глицерин қара майдың жартысындай мөлшерде, скипидармен теңдей мөлшерде 
алынады. Мия тамырының ұнтағы барлық гидрофобты сұйықтықтар үшін екі 
есе мөлшерде алынады. Гидрофобты сұйықтықты глицеринмен араластырып
бетіне мия тамырының ұнтағын сеуіп, глицирризин экстракциялануы үшін 20 
минутқа қалдырады, содан соң илейді. 
Төртінші тәсіл.
Итмұрын жемісінің ұнтағымен эмульгирлеу. 
Итмұрын жемісінің ұнтағын және қантты глицерин суымен араластырады, 
содан соң гидрофобты сұйықтықты эмульгирлейді, итмұрын жемісінің 
ұнтағымен және қантпен тығыздайды. Егер пилюлялық масса құрамына 2 г 
дәрілік зат кірсе, онда эмульгирлеу үшін итмұрын жемісінің ұнтағын және 
қантты 1,0 г, глицерин суын 0,5 мл алады. Егер дәрілік заттар мөлшері көп 
болса, онда итмұрын ұнтағын және қантты 1,5 г, глицерин суын 1 мл алады. Кей 
жағдайда пилюляларды қабықшалармен қаптау керек болады, мысалы пилюля 
ішекте еруі қажет болса, пилюляны фенилсалицилатпен қаптайды. Ол үшін 
фенилсалицилаттың эфирдегі 20% ерітіндісі 5% таннин қосу арқылы 
дайындалады, пилюляларды осы ерітіндіге салып, эфир толық ұшып кеткенше 
драждеуші қазанда айналдырады. 
Пилюляларды сонымен қатар стеарин қышқылының қабатымен қаптауға 
болады, ол ішек перистальтикасымен ыдырап кетеді. 
Көбіне пилюляларды қантпен қаптайды, оның крахмалмен бірдей 
қатынастағы қоспасын жағымсыз иіс пен дәмді бүрку (жасыру) үшін қолданады.
Пилюляларды дайындаудың жаңа тәсілдері 
1.
Пилюляларды драждеу арқылы дайындау.
Негізгі принципі еритін 
ингредиенттерді ерітінді түрінде дайындап алып, шырынмен араластырады. 
Қатты ингредиенттерді жұқа қоспа етіп майдалайды. Қазанға қант 
түйіршіктерін салады, ол кондитер фабрикаларынан дайын түрінде алынады. 
Қазан айналғанда түйіршіктер дәрілік заты бар қант шырынымен 
ылғалданады. 
2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет