385
және бу түтігі (7) арқылы, сыртынан суық сумен салқындалатын,
конденсациялық камераға (3) түседі және конденсацияланып апирогенді суға
айналады. Апирогенді су ниппель (5) арқылы ағып түседі. Камералардағы (3)
және (10) қысымның жоғарылауын болдырмау үшін,
артық бу шығаратын,
қорғау саңылауы (6) болады. Салқындатылған су, вентиль (4) арқылы
конденсатордың су камерасына, камерадағы су деңгейін бір қалыпта ұстап
тұратын булану камерасымен (10)
өз-ара байланыста болатын, төгетін түтік
(15) арқылы жинағыш-теңестіргішке (25) төгіледі. Жұмыстың басында
аппараттағы буландыру камерасында су орналатылған деңгейге дейін
толтырылады. Әрі қарай, су қайнағаннан кейін буға айналады, су
булану
камерасына жарым-жартылай түседі, оның негізгі бөлігі штуцер (26) арқылы
канализацияға төгіледі. Булану камерасындағы (10) судың деңгейін визуалды
бақылау, жинағыш-теңестіргіштің штуцерінде (25) орналастырылған су
көрсеткіш шыны (27) арқылы жүргізіледі. Су жинағыш-теңестіргіш (25)
сонымен қатар, фармакопеялық талаптарға жауап беретін сапалы апирогенді су
алу үшін булану камерасына қосылатын,
химиялық реагенттермен суды
араластыруға арналған. Бұл мақсатта жинағыш-теңестіргіште, сумен бірге
химиялық реагенттер булану камерасына (10) түсетін, арнайы түтік бар.
Химиялық реагенттердің қатаң дозасы, резеңке түтікпен байланысқан, екі
дозаторы (18), екі фильтрі (21), тамызғышы (24) бар екі шыны түтіктен
тұратын, арнайы дозалаушы қондырғымен жүргізіледі.
Дозалаушы қондырғы
жинағыш-теңестіргішпен (25) тамызғыш (24) арқылы қосылған саңылауы бар,
кронштейнге (19) бекітіледі. Дозаторлар (18) кронштейнге контргайкалармен
(17) бекітіледі.
Сурет 50.
Достарыңызбен бөлісу: