141
пульверизатордың көмегімен жинаққа себеді, содан кейін еріткіштің толық
кепкенін күтеді. Кептіру - міндетті операция, өйткені, ылғалды өсімдік
материалы ферментативті және микробиологиялық бұзылыстарға оңай
ұшырайды. Кептіру
температурасы ережеге сай, өсімдік шикізатының
құрамдас бөліктерінің денатурациясын болдырмау үшін 60
0
С аспауы тиіс.
Кептірудің аяқталуы жинақты өлшеу арқылы анықталады (кептіргеннен
кейінгі салмағы өсімдік шикізаты мен тұздың қосынды салмағына тең болуы
тиіс).
Rp:
Specierum Antiasthmaticum 100,0
Da. Signa. 1\2 қасығын жандырып, түтінін иіскеу немесе
бронхиалды демікпе ұстамасы кезінде шегу үшін
Құрамы: Меңдуана жапырақтары
1,0
10,0
Итжидек жапырақтары
2,0
20,0
Сасық меңдуана жапырақтары 6,0
60,0
Натрий нитраты
1,0
10,0
M
ж
= 10,0
M
ж
= 100,0
Жинақтың құрамын 13 кестеден қара.
Жинақ жанған кезде
алколоидтардың және оның ыдырау өнімдерінің возгонка процесі жүреді,
жинақтың демікпеге қарсы және ауырсынуды басу әсері осыған негізделген.
Натрий нитраты қыздыру кезінде оттегі бөліп, жануға ықпал етеді. Ол суда
жақсы ериді (1:3). Оны қаныққан сулы ерітінді түрінде енгізеді (1:2). Алдын
ала ұсақталған сасық меңдуана, меңдуана мен итжидек жапырақтарын
өлшеп, шаңнан босату үшін сорумен, тесік өлшемі 0,2 мм елек арқылы
елейді, өйткені, алқалар тұқымдасының шаңы улы болады.
Майдаланған
жапырақтарды (жалпы массасы 9,0 г) өлшенген фарфор табақшада
араластырып, пульверизатордың көмегімен, судағы натрий нитратының
қаныққан ерітіндісін себеді (2 мл судағы 1,0 г натрий нитраты), барлық масса
біркелкі ылғалданғанша араластырады. Тұздардың суда еруін пробиркада
жасаған ыңғайлы, оған алдын ала пульверизаторы бар тығын тағайындалады.
Кептіргіш шкафта 60
0
С
аспайтын температурада, 10,0 г жинақ алынғанша
жиі араластырып, кептіреді. Жинақты пакетке немесе картон қорапқа салып,
дайындалу тәсілі көрсетілген этикетка жапсырады. Салқын, құрғақ жерде
сақтайды.
Компоненттер мен құрамының қатынастары бойынша айырмашылығы
бар, шегетін жинақтардың ресми емес жазылымдары бар.
Rp: Foliorum Stramonii
6,0
Foliorum Belladonnae 3,0
Foliorum Menthae piperitae 1,5
Natrii nitratis
1,0
Misce, fiat species
Da. Signa. 0,5 г гильзаны толтырып шегу
142
БП
Foliorum Stramonii
6,0
Foliorum Belladonnae 3,0
Foliorum Menthae piperitae 1,5
Natrii nitratis
1,0
M
ж
= 11,5
Сасық меңдуана жапырақтарының 6,0 г
мен итжидек жапырақтарының
3,0 г бөлшектерінің өлшемі 2 мм дейін майдалап, мұқият араластырады,
шаңнан тазартып, 2 мл судағы 1,0 г натрий нитратын себеді. Массаны
біркелкі ылғалдандырып, кептіргіш шкафта 60
0
С аспайтын температурада
9,0 г алынғанша кептіреді, содан кейін 2 мм үлкен
емес көлемге дейін
майдаланған 1,5 г жалбыз жапырақтарын қосып араластырады. Картон
қорапта шығарылады немесе целлофанға қаптайды.
Әртүрлі оқу құралдары мен мақалаларда шегілетін жинақтар құрамына
натрий нитратының әртүрлі мөлшерін енгізу ұсынылады. Мысалы, С.Ф.
Шубин, натрии нитратының мөлшері 5 % аспау керек деп есептейді, ал И.А.
Муравьев 6 – дан 30 % дейін рұқсат етіледі деп есептейді, бұл МФ Х
басылымы ұсынылған мөлшерден айтарлықтай жоғары. Натрий нитратының
мөлшерін арттыру, аса қуатты жануға
алып келетінін ескеру қажет, одан
басқа, жану нәтижесінде пайда болатын өнімдер ағза үшін индифферентті
болмайды.
Егер тағайындалған тұздар, спирт пен суда аз еритін болса немесе аса
жоғары мөлшерде тағайындалса, онда келесідей әрекет етіледі. Тұзды (егер
зат ірі кристалды болса) алдын ала бөлшектері 0,16 мм болғанша майдалайды
- № 38 елек. Жинақ ингредиенттерінің ішінен жабысқақ экстрактивті
заттары бар материалды таңдап (мысалы, жалбызтікен, мия тамырлары),
сумен немесе 70%
спиртпен ылғалдандырып, (ылғалданатын шикізат
салмағынан 1\2) содан кейін тұз сеуіп кептіреді.
Rp : Corticis Frangulae
Foliorum Urticae ana 5,0
Florum Helichrisi arenarii
3,0
Radicis Glycyrrhizae
Magnesii sulfatis ana
10,0
Misce, fiat species
Signa. 2 стақан қайнаған сумен демдеп. Күніне 3 рет 2 ас
қасықпен ішу
БП
Corticis Frangulae
5,0
Foliorum Urticae
5,0
Florum Helichrisi arenarii
3,0
Radicis Glycyrrhizae
10,0
Magnesii sulfatis
10,0
M
ж
= 33,0
143
Магний сульфаты суда жақсы ериді (1:1) бірақ тағайындалуда тұз
мөлшері аса жоғары (30% астам). Сондықтан тұзды құрғақ түрінде енгізу
тиімді. Мия тамырын 70%
этил спиртімен ылғалдандырып, майдаланған
магний сульфатын сеуіп кептіреді. Кептіргеннен кейін жинақтың қалған
ингредиенттерін қосады.
Кептіру толықтығын жинақты мерзімді өлшеу арқылы бақылайды.
Дайын жинақты орамдап, босатуға безендіреді.
Гигроскопиялық материалдарды немесе ылғалданудан оңай бұзылатын
материалдарға, дайын қоспаны өңдегеннен кейін тұз ерітіндісін қосып,
кептіреді.
Достарыңызбен бөлісу: