Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министрлігі


Такырып: Қорғасын және оның қосындыларымен улану



бет9/29
Дата23.12.2021
өлшемі1,28 Mb.
#128004
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
ЖҰМАБЕКОВА Б.КӘСІБИ АУРУЛАР БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
tutorial 337, c673398d-e133-4db0-93ed-eba61fb4d685, БЖБ 8 қаз т 3 т
Такырып: Қорғасын және оның қосындыларымен улану

Жоғарыда аталған симптомдар қорғасынмен кәсиби емес жағдайларда, тұрмыста да болулары мүмкін. Тұрмыстық уланулар көбінесе шаруашылықта қыш-құмыраны қолдан жасағанда дамиды. Қорғасын глазурдың құрамына кіреді де, ол құмыраның өң бойын жабады. Құмыраларды қолдан жасағанда, оларды ұстап-қақтау үшін 1200 градус-тай температура қажет, ал оң қолдан жасағанда тудыруға мүмкіндік жоқта, температура мақсаты деңгейге жетпей, қорғасын кремний қышқылығымен қосылмай, бос күйінде қалып, бұйымдарда сұйық тағамдарды сақтағанда, әсіресе шарап, ашытқы, қышқылдандырылған көкөністерді – қорғасын сұйық ерітіндісіне ауысады да, ол тағамдарды ішіп-жегенде улануға шалдықтырады.

Қорғасынмен улануды ажырату диагнозы

Уланудың негізінен әртүрлі негізінен әртүрлі туынды анемияларды ажыратады:

1. Ең жиі кездесетін анемия, әйелдерде темір жетіспеу анемиясы. Бұл анемияға тән: қанның түрлі – түсті көрсеткіш 0,65 деңгейіне дейін төмендейді; сарысудағы темір; қасарысуының темірді байлау қабілеті жоғары, темір жетіспеушілік дәрежеде байқалады: дисфагия, атрофитрит, тырнақтардың сынғыштығымен сызбанушылығы, ауыр жағдайларда тырнақтың қисық тәрізділенуі, шаштардың түсулері, ауыздағы дәм сезу бұзылады, бордықты жеушілік т.б. ғама еместерді жеуге науқымшылықты т.б.сезбеу.

2. Гемолитикалық анемия жоғарғы деңгейдегі 60% ретикулоцитозбен, билирубиннің алмасуының бұзылуымен, дене түктерінің сарығыштануымен, стеркобилинмен уробилиннің көп шамада үзілулерінің салдарынан өте күшті боялануларымен. Гемотикалық анемия спленомегалия тән. Оның иммундылық түрі Кумбе реакциясының оңдылығымен дәлелденеді.

3. Анемияның сирек түріне жататын гемоглобинопатия – талассемия. Талассемияға тәнді морфологиялық белгінің бірі – ол эротроциттардың нысаналығы, ортасында қара дақта, шетіне қарай ақшылдануы. Сонымен қатар талассемияда қосымша гемолизбен спленомегалия, билирурубинемия байқалады.

4. Гипопластикалық анемияға – эритроциттердің санының азаюы мен бірге басқа қан жасушаларының – лейкоциттері азайып, тромбоцитопанцитопения тәнді. Сүйек миынан пунктат алғанда, оның жасушыларының азайып сүйек миында майлы жерлері – бос, қуысталу байқалады. Қорғасынмен кәсибі улануда шешуші рольді – анемиялы науқастарда – АЛК-мен копропорфиринның деңгейлері несепте қалыпты, қорғасын қанмен несепте табылады. Ішекті түйілуін ургенттік түрде іш –қуысының патологияларынан – жедел аппендицитпен, ішектің өткізбеушілігімен, бүйрек коликасымен жедел хирургиялық салада ажырату керек. Қорғасынды ішектің түілуінде-ішпердені тітіркендіру симптомдарына, аппедицинттегідей клиникасы үдемейді. Ауыспалы ұрықсыз порфирияда, ұстамалы түрде ауырсынады, полиневропатия синдромы дамып, несеп қызыл түсті болады...

Сонымен, ажырату диагнозында – қорғасын мен қарым – қатынасты болып, өндірістің түрі, порфириндердің алмасулары, А.Қ-ның деңгейімен несепте копропорфириннің болуларының маңызы зор.

Созылмалы уланудың бастапқы түрі.

Клиникалық симптомдары әлбетте болмайды, бірақ электрофизиологиялы әдістерді кейіннен пайдаланып жан-жақты іздеп-текмерсе, жүйке жүйесінің кейбір функционалды өзгерістерін табуға болады. Лабораторияық түрде тексерткенде: несепте АЛҚ-ның 6-дан 15мг.г краетинин. КП-100-ден 300 мкг/г креатинин, қанда қорғасынның мөлшері 50 мкг % аспайды, ал несепте 100 мкг/л. Порфириндік алмасудагерістер ретикулоцитобезбен 20-25% - дейін, эритроциттердің базофильденген түйіршіктігі 25-40%- дейін. Гемоглобинмен эритроциттердің шамалы қалыпты деңгейде.

Қорғасынмен созылмалы уланудың жеңіл түрі

Уланудың бұл түрінде, клиникалық белгілері негізінен жүйке жүйесінін қызметінің өзгеруінен қабылдайды: шеткі полинервропатияның бастапқы түрі (вегетативтік-сензитивтік полиневрит), астениялық немесе астено-вегетативтік синдром. Бұл аталанғандармен қатар, асқазан-ішек трактыларын өзгерістердің болулары мүмкін-моторлары дискенезиялық синдром, жеңіл не орташа бауріндет. Бауыр арасының жекеленген функцияларының көрсеткіштерінің бұзылуы. Лабораториялық көрсеткіштерде: Д-АЛК, АКП-ның несептегі активтілігі едәүір төмендейді. КП несепте – 300-500 мкг/г креатинин, ПП эритроциттарда 1500 мкг/г дейін, қанда қорғасын – 80 мкг%, эритроциттардың базофильді үйіршіктеулуі есейіп, 60 %-дейін. Гемоглабиннің мөлшері қалыпты көрсеткіштің ең төменгі деңгейіне дейін – 120 г/л еркектерде, 100 г/л әйелдерде.

Созылмалы уланудың айқын түрі.

Бұл уланудың түрі қорғасын коликасының анемиялық синдромымен, бауырдың функционалдық сынауларының көрсеткіштерінің, жүйке жүйесіннің қызметтерінің айқынды түрде, шеткі полиневропатиялық синдромдардың түрлерінің дамуларымен байқалады. Сондай-ақ, астено-вегетавтік немесе астениялық синдромдармен. Ал, астеноорганикалық синдром қазіргі уақытта өте сирек байқалады. Сатурнизмнің бұл лабораториялық зерттеулерде едәуір өзгерістер табылады: несепте – Д-АЛК, АЛК 25 мг/г креатининнен көп. КП несепте 500 мг/г артық, эритроциттерда – 1500мкг/л артық, қорғасын қанда 80мкг/л, ал несепте – 150 мкг/л редикулоциттер - 40% көп, базофильді түйіршікті эритроциттер 60 % артық. Көптеген жағдайларда анемиялық синдром, еркектерде Нб 120-дан төмен, ал әйелдерде – 110 г/л төмен.

Уланудың түрін анықтарда, аталған синдромдардың түгел байқалулары міндетті емес. Кейбір жағдайларда, жеке ағзалардың, жүйелердің зақымдануы жеңіл түрде білінеді, басқа жағдайларда - өте күшті түрде.

Қорғасынмен қарым-қатынас бар адамдар медициналық қаралуды жүргізгенде, олардың ішінен қорғасынның әрекеттерінің кейбір белгілірінің табылулары мүмкін: несепте АҚ және КП, немесе АҚ-ның активтілігінің төмендеуі, басқа зерттеулердің нәтижелері дұрыс болса да. Бұл аталған адамдар, күдікті тобына жатқызылады да, олар қосымша, мұқиятты түрде тексеріліп қаралулары қажет (3-6 ішінде).

Қорғасынмен улануды емдеу.Қорғасынмен улануды емдеуде негізгі емдеу принциптерін пайдалану қажет – этиологиялық патогенетикалық, симптоматикалық. Этиологиялық қағидада – қорғасынды енгізетін дәрілермен қосып, оны ағзадан тез арада шығару. Қорғасын ішекте пектиндермен байланады, сондай-ол, күкірт ұқсастау. Аурулардың тамақтарына, құрамында – пектин мен күкірт бар тағамдар енгізу қажет: капуста, сәбіз, алма. Капустада күкірт – 74 мг/100 г; сәбізде – пектиндер – 2,93 мг/100 г; алмада пектиндер едәуір шамада бар. Көкөністік салаттарда аскорбинқышқылы бар, ал қорғасынмен уланған науқастарда азайған. Жоғарыда аталған көкөністерден істелген салаттар ішті жүргізеді де, қорғасынның ағзаға сіміріл уын азайтады.

Қорғасынды ағзадан шаруаға не қолайлы дәрілер комплексондар (хелаттар). Олар қорғасынмен координациялық байламдарымен, құрамындағы арқылы жақсы еритін, усыз құрылымдар түзіп, несеппен шығарылады.

Комплексондарға этилендиаминтетрасірқы (ЭДТА) тұздары жатады: кальций динатрий тұзы, тетацин-кальций, кальций-үш натрий тұзы, пентацин.

Комплексондарды пайдаланғандағы теріс қолайсыз жағдайлар:


  • Гемодезбен заттарды (кобальт, темир, мыс) организмнен шығарулары;

  • ЭДТА-нің препараттарымен емдегенде, бүйректің ерекшеліктерінің зақымданулары;

  • Қорғасынды массивті түрде ағзадан көп шығарғанда, ол сүйек қанқасымен қанның араларында тез ара мөлшерде бөлініп, онымен уланудың өшуі. Осы ұрғыдан қарағанда ЭДТА-ның препараттарымен емдеу қазір шектелген.

ЭДТА-ның препараттарын қорғасындық коликада пайдаланады. Тетацинді 2,0 (20 мл 10% ерітінді) – 150 мл физиологиялық ерітіндімен көк тамырға, тамшылай немесе қарын 20 мл 40% глюкозаның ерітіндісімен. Ішек шаншуында тәулігіне 2 рет, ара қашықтығы 6 сағат аз емес уақытта беруге болады. Пентациннің жеке дара дозасы 10 мл 5% ерітінді. Комплексонды 3 күн бойы береді де, 4-5 күндей үзіліс жасайды. Емдеу 3 күн. ЭДТА-ның препараттын нефриттерде, бауырдың дерттерінде, денеқызыуы көтерілгенде (лихорадка) беруге болмайды.

Қазіргі уақытта кеңінен пайдалатындардың бірі Д-пеницилламин (Д- ПАМ, синонимы купренил, купримин, бетамеркапвалин, металкаптаза ж.б.) ол сульфирин аминқышқылы, цистеинге жақын. Қолдануға 150 мг капсуларындағы да, амбулаториялық жағдайларда қолдануға ыңғайлы. Д – ПАМ-организмнен шығарылғанда, қорғасындық улану өршіленбейді. Сондай-ақ, бұл препаратты дәнекер тканнің кейбір дерттін емдеуге қолданады, мысалы ревмотоидық артрит, склеродермияны. Д- ПАМ-нің организмдегі әрекетін зерттегенде, металлданған хелаттандыру қабілеттілігімен қатар, белоктардағы дисульфидтік байланысты бұзады да, микроглобулинді деполимеризацияға әкеліп, ерімейтін коллагеннің өнімдерін өте көп шығаруға қарсы бағытта әсер көрсетеді Д-ПАМ қорғасынды шығаруы бір деңгейде; несепте қорғасынның мөлшері бұрынғы шамадан 6-8 есе көп те, тәулігіне 0,6-0,8 мл дейін. Уланудың ауыр дәрежесін емдеуге препараттың 450-600 мг тәулігіне 10-14 күн, сосын, үзіліс 3-4 күнге.

Осыдан кейбір бір дүркін 5% - 5 мл бұлшықетке унитиолмен емдеу 7-10 күн. Әрекет ету үшін шағынан унитиол комплексондарға жақын, оның молекуласында екі сульфгидрильді тобы бар, осы екі топқанда және ткандарда улы заттарқосылып, несеппен жеңіл түрде шығарылатын улы емес комплекстерді құрады. Шығару эффектісі тетациннен аздау, бірақ осы екі препаратты Д –ПАМ-ді және унитиолды бірге қосып ем тиімді болады. Унитиол, сондай-ақ, жүрек гликозидтарын көп бергенде, созылмалы түрдегі маскунемдікті (алкоголизмді), диабеттік полиневропатияны емдегенде қолданылады.

Қорғасынмен улануды сукцимермен де емдейді. Ол мезодимеркаптоянтар қышқылының дитиолы, қорғасынмен мықты комплексоннің ерітіндісін сүзеді де, организмнен бір қатар микроэлементтерді-кобальт, темір, мыс қолдандырмай шығарады. Сукцимер ағзаға 0,5 күніне 3 реттен 7-10 күн бойы (10-12 гр. Бір дүркін емге) беріледі. Уланудың айқын түрінде ол Д –ПАМ-мен немесе ЭДТА-ның препараттарымен алма – кезек беріледі. Препарат гемопоэзға, электролиттермен микроэлементтерге тимді әсер көрсетіп, миокардтың жиырымдылық қасиетін жақсартады. Бірақта, сукцимермен емдегенде бауыр мен бүйрек қызметін қадағалап отыру керек.

Этиологиялық ем, қорғасынмен созылмалы түрде уланғанда қосымша дәрілермен толықтырылып отыруы керек. Қанның түрлі түсті көрсеткіштері қалыпты не төмендесе және сарысуда темірді деңгейі жоғарласа, темірдің препараттарын беруге болмайды, себебі оның протопорфириндік шеңберге енуі қиындалған. Бұл жағдайда вит. В6 көп дозада тағайындалады. Вит. В6, пиридоксин-пиридоксальфосфат түрінде триптофал, метионин, цистеин ж.б. аминды қышқылдардың алмасуында активті түрінде қатысып, ферменттік рекациялар ды қуаттандырып, нормобластардыгеиоглобиндандырады. Вит. В6 орташа дозаларда 5% ерітінді 1-2мл бұлшық етке күніне 1 не 2 рет қанның көрсеткіштері жақсарғанға дейін. Онымен қатар, фолиев қышқылын 0,001- нан 3 рет күніне, вит. В2 (рибофлавин) 0,01-нан 3 рет күніне, вит. В12- 200мкг бұлшықетке күн арасында. Егерде анемия тиреоидтық түрде болса – қалқанша бездің қызметінің төмендеуімен – онда 5-7 күн тиреодин не Л-тироксинді 0,02-нан тәулігіне. Қорғасынды ағзадан шығаратын препараттарды бергенде, іштің (іштектің) түйілуі біртіндеп өтеді де, 3-4 күннен соң іш жүреді. Іштің ауырсынуы 7-10 күнге дейін байқалады. Содықтан ішек колик әсер ететін патогенетикалық емдерді қолдану керек. Асқазан-ішек трактысының моторлы-эвакуциялық қызметін жақсарту үшін церукал, реглан 1таб. Күніне 3 рет тамақ алдында, миотроптық спазмолитиктер (но – шпа, папаверин) тағайындалады. Ұйқы безінің сыртқы функциясын жақсарту үшін полифер менттік препараттарды, тамақты қорытуды жақсартатын: панкреатин, фестал т.б. дәрі-дәрмектер тағайындалады.

Абдоминалдық сидромды емдеуде, дискинетикалы бұзылыстарды реттеп, ішек ферменттерінің түзілулерін күшейту. Ол үшін фолиеқышқылын 0,001 –нан 3 рет күніне. Астениялық жағдайларда: глюкоза дәріумендер: В6, В1 аскорбин қышқылын, адаптогендерді (элеутерок лимоннигі, аралия), транквилизаторлардың күшнйтетін әрекетті аз дозалары (триоксазин, медазепам), қажет болса-кофеин ұсынылады. Ұйқыны жақсарту үшін –валерианканы пустырник тұнбасымен, тежеп әсер ететін транквилизаторларды (мепротан, хлордиазэпоксид, ниьразепам және т.б.) тағайындайды. Сондай-ақ, хош иісті ванналар (былаулар), хлорлы кальцийді Щербик на электрофорез түрінде, жалпы кварцтік сәулелендіру.

Астеновегетативтік синдромы емдеу комплексінде седативтік, жалпы қуаттандырғыштық, орталық жүйке жүйесін күшейтетін дәрілер, вегетотроптық препараттар, транквилизаторлар, биогендік стимуляторлар, орталық холинолитиктер (амизил және т.б.), антигистаминдік дәрілер пайдаланылады. Астениялық негізддегі жыныстық өзгерістерді, андрогендік гормондардың аз дозаларымен және пантокринмен емдейді. Бұлармен қатар біртіндеп күшейтілетін душ,инемен шашылық түбінің безін сылау, хлорэтилді блокадалар – бел-сегізкөз маңайына.

Астеноорганикалық синдромда, қорғасынды қордану жерінен шығаруға ынталандырылған емдеудің түрінен басқа, комплекстік ем-дом жүргізген жөн. Ол бас миында алмасу процесстерін жақсарту: глюкозаны инсунизні дозасымен, аскорбин қышқылын, аминалонды, церебролизинді, ноотропилді, рибоксинді, поливитаминдерді, оттегімен дем алдыру және бас миндаы қанайналымын күшейтетін әдрілерді: циннаризин, комламин, пармидин, кавинтон, трентал т.б. Шеткі полиневропатияларда В1, В6, В12, Е, прозеринді, нивалинді немесе галантаминді егу, дибазолды ұзақ уақыт аз дозаларда: 0,003*3 рет күніне, тіл астына, ганглиоблокаторларды, фосфадені, аденилді, АТФ. Физиотерапиялық емнен – нафталиннің эмульсиясынан 4 – камерлі ванналар, сазбен аппликациялау, массаж, емдік жаттығу, ал парездер байқалса-элетростимуляция.

Профилактикасы. Сатурнизммен улануды ескерту-гигиеналық және медициналық іс-әректтерден тұрады. Ағзаға қорғасынның зиянды әсерін тидірмеу үшін өндірістерде қорғасында басқа заттармен ауыстыру, құрамында қорғасын бар бояуларды пайдаланбау, қорғасындық ақ бояуды (белиланы), глазурларды, пастыларды айырбастап, баспаханаларда гартовталынған шрифтарды қолданбау т.б.

Жұмыс орындарында қорғасынмен қосындылары жайылып, бөлінетін болса, онда оларды жекеленген өндіріс бөлмелерінде сақтау. Мұндай бөлмелерде берілетін ауаның мөлшері, шығарылатын аудан аз болуы қажет.

Берілетін (енгізілетін) ауа жарылау немесе жұмысшылар дем алатын зонаға жіберушілер қажет. Пайдаланған ауаны жергілікті сорып шығаратын жүйе арқылы, өндірістік үйлердің төменгі қабаттарынан шығару керек. Қорғасынның зиянды әрекетін, әсіресе жұмысшылардың ағзаларына ескерту қондырғылармен аппараттардың герметизацияланулары және жабудын маңызы зор.

Егерде технологиялық процесстерінің ерекшеліктеріне байланысты қондырғылармен аппараттарды жабуға мүмкіндік болмаса, жергілікті түрде српырқорғасынды жұмыс орнының ауасынан тазарған дұрыс.

Егерде, қорғасынның рұқсат етілген доза өндірістік бөлмелерде 0,01 мг/м3 көп болса, жұмысшылар «лепесток» дейтін респиратор пайдаланулары керек. Жеке бас қорғайтын құрал – жабдықтары дұрыс пайдалану өте қатал түрде администрация жағынан бақыланып отырып, жұмыс орындарынды тамақ ішіп, темекі шегілмеуі қажет. Ол үшін жеке таза бөлмелер болулары керек, онда арнайы қол жуатын орын және сірке қышқылының жай ғана ерітіндісі тұру қажет.

Профилактикалық-емдеу №278 ДМ бұрынғы бойынша, әртүрлі шаралар іске асырылады. Жан-жақты қамдандырылған рационалды түрде тамақтану, онда құрамында пектині көп және күкірті бар (капуста, сәбіз, жеміс, жеміс шырыны) тағамдар керек.

Пектиндер табиғи комплекс құрушыларда, күкірт қосындысы да қорғасынды тежеп, байлап ағзадан тез шығаруға ыңғайландырады. Сонымен қатар, жұмысшыларды күнде дәрумендермен, оның ішінде С дәруменімен ай бойы 2 реттен аз емес қамдандырып отыру қажет. Кезекті және алғашқы медициналық бақылауларында маңыздары зор.

Еңбекке деген қабілеттілікті сараптау.Сараптау мәселелері, сатурнизммен уланудың дәрежесіне қарай шешіледі. Уланудың жедел түрінде, науқасты емдеп, оған 2 – ай бойы жұмыстан босатып, орташа ай жалақысы төленетін профбюллетень беріледі. Уланудан соң ішінде созылмалы түрінде – жеңіл дәрежесінде, дәрігерлік консультативті комиссия арқылы науқасты қорғасынмен байланысты жұмысқа рациональды түрде орналасу деген ұсыныс – нұсқау беріледі. Ал, басқа ауыр үрлерімен, клиникалық белгілері өте айқын болған жағдайларда науқасты медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына, оның жұмысқа деген кәсіби қабілеттілігін анықтау үшін бағыттама (№88) – жолдама береді, онда оның жұмысқа деген қабілеттілігінің пайыздық шамасын айырады.


7 Дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет