Майлар, линименттер, суппозиторийлер салқын, жарықтан қорғалған жерде тығыз тығындалған ыдыстарда сақталады.
Аэрозольді препараттар +3С-тан +35С-ке дейінгі температурада құрғақ, жарықтан қорғалған, оттан және жылыту құралдарынан алшақ жерде сақталады.
Аэрозольді препараттардың тасымалдану, сақталу кезінде механикалық бүлінуінен қорғалуына көңіл бөлінеді.
Дәрілік өсімдіктер шикізаттары құрғақ, ауасы таза бөлмелерде жақсы жабылған шыны, металл ыдыстарда, қақпағы бар жәшіктерде сақталады. Дәрілік өсімдіктердің кесілген шикізаттық талшықтары қаптарда, ұнтақтары-қос қабатты қаптарда (ішкісі-көп қабатты қағаз, сыртқысы талшықты) сақталады.
Эфир майларынан тұратын дәрілік өсімдік шикізаттарын жақсы тығындалған ыдыстарда оқшау сақтайды.
Кептірілген жемістерді сақтау кезінде, оларды кеміргіштерден сақтау үшін сақталу жәшіктеріне хлороформ құйылып, тығынына түтікше енгізілген сауыттарды салып қояды.
Құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізаттарын сақтауға айрықша назар аударылады. Олардың сақталу мерзімдері қатаң қадағаланып, биологиялық белсенділктері тексеріліп отырады.
Улы және күшті әсерлі дәрілік өсімдік шикізаттары құлыпталған бөлмелерде немесе бөлек шкафтарда сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |