7
Қосымша диагностикалық зерттеулер
:
1.
Аминотрансферазаны анықтау;
2.
Кардиологтың кеңесі;
3.
Ӛңеш сілемейлі қабатын гистологиялық зерттеу;
Емі:
Емнің мақсаты:
ситмптомдарды жою, ӛмір сүру сапасын жақсарту,
эзофагитті емдеу, асқынулардың алдын алу немесе жою;
Дәрісіз емдеу: режим және емдәм бойынша жалпы ұсыныстар, ӛмір сүру
қалпын ӛзгерту:
салауатты ӛмір салтын қалыптастыру: шылым шегуден және алькогольді
сусындардан бас тарту;
рационалды тамақтану: кӛп мӛлшерде
тағам қабылдамау, түнгі уақытта
тамақ қабылдамау, ыстық және ащы тағамдарды қолдануды шектеу;
семіздік кезінде дене салмағын тӛмендету;
рефлюксті тудыратын (антихолинергиялық, спазмолитикалық, седативті
препараттар,
транквилизаторлар, кальций каналдарының ингибиторлары,
простагландиндер, нитраттар) және ӛңештің сілемейлі қабатын
зақымдайтын (СЕҚҚЗ, глюкокортикоидтар)
препараттарды тек қатаң
кӛрсеткіштер болған жағдайда ғана қолдану;
Дәрілік ем: Әр бір ауырсыну ұстамасын және қыжылдауды антацидтермен,
альгинаттармен немесе антисекреторлы препараттармен жою керек
(қосымша 2,3), бұл симптомдар ӛңештің сілемейлі қабатының үдемелі
зақымдануын кӛрсетеді.
Асқазан секрециясын тӛмендету үшін ППИ және H2- гистаминді
тежейтін препараттар қолданады. Емдеудің қолайлы нәтижесі ең күшті
ППИ блокаторларын қолданағанда алынды. Олар H2-
гистамин
рецепторларына қарағанда симптомдарды жеңілдетуде және эзофагиттің
емінің алдыңғы орында тұр. Бүгінгі таңда ГЭРА емдеудің “алтын
стандарты ретінде” ППИ ішінен жылдам (бірінші тәуліктерде) және күшті,
әсері ұзақ антисекреторлы препарат ретінде рабепразол ұсынылған.
Асқазан-ішек жолдарының моторлы-эвакуаторлы қызметін қалпына
келтіру және ӛңештің тӛменгі сфинктерінің тонусын жоғарылату
мақсатында прокинетиктер (домперидон, итоприда гидрохлорид)
қолданады (қосымша 1). ГЭРА ауырлық
дәрежесіне байланысты
медикаментозды емі 2 кестеде ұсынылған.
HP анықталғанда эрадикационды ем жүргізу ұсынылады.
(Эрадикациялық емдеу үлгісі “Созылмалы гастрит” бӛлімінде ұсынылған).
Зақымдаушы
әсерлерге
ӛңештің
тұрақтылығын
арттыру
үшін
цитопротекторларды (сукральфат, де-нол, вентрисол, бисмофальк)
қолданамыз.
Он екі елі ішек құрамының ӛңешке кері ӛтуімен байланысты дамыған
ГЭРА- да ӛт қышқылдарын нейтралдау мақсатында урсодезоксихоль
қышқылы препараттарын 5мг/кг тәулігіне 6-8 ай
қолдану ұсынылады,
прокинетиктермен біріктіріп беру.
8
Хирургиялық ем
. Хирургиялық емнің мақсаты кардий қызметін
қалпына келтіру арқылы рефлюксті жою болып табылады.
Операцияның
негізгі әдісі- Ниссен бойынша фундопликация.
ГЭРА- ды оперативті емдеуге кӛрсеткіш:
Консервативті емнің нәтижесі болмаған жағдайда;
Кӛкет ӛңеш саңылауының жарығы;
ГЭРА асқынуы (стриктура, қайталамалы қан кетулер);
Жиі аспирациялық пневмония;
Баррет ӛңеші (ӛңештің сілеймейлі қабатының цилиндрлік
метаплазиясы);
Алдын алу.
ГЭРА-ның дамуының алдын алу болып табылады.
Біріншілік профилактика салауатты ӛмір салтын сақтау және
рациональды тамақтануды іске асыру жатады.
Екіншілік профилактика болып рецидивтің алдын алу және ауру
ӛршуінің алдын алу табылады. Ол салауатты ӛмір
салтын қалыптастыру
және рациональды тамақтану және демеуші мӛлшерде медикаментозды
емді жалғастыру болып табылады (2 кесте). Эрозивті эзофагит жазылған
соң 26-52 апта бойы кӛрсеткіш бойынша демеуші ем жүргізіледі, ауыр
ағымды эзофагитте ол ӛмір бойы жүргізіледі.