Бауырдың алкогольді зақымдануының сипатбелгілері
Алкогольды анамнез
Жедел гепатиттің қайталама эпизодтары
Созылмалы алкоголизм стигмалары: арнайы сыртқы бейнесі
(«умаждалған келбет»), ісінген қызарып - кӛгерген бет, кӛз капиллярлары
кеңейген, «ішкіштің қызарған мұрыны», қызарған мойын, құлақтар,
қабақтың ісінуі, кӛздің қанталануы, бұрын алынған жарақаттар мен
сынықтардың іздері, күйіктер, үсу іздері.
Абстиненция синдромының белгілері. Қабақтың, тілдің, саусақтардың
треморы.
Тәбетінің үнемі болмауы, дене салмағының тапшылығы, жануар
ақуызының жетіспеушілігі бар балансталмаған тамақ пайдалану.
Дюпюитрен контрактурасы, құлақ маңы безінің гипертрофиясы.
Бұлшық ет атрофиялары.
Мінез - құлқы мен эмоционалдық статусының ӛзгеруі (эйфория,
бейжайлық, психикалық депрессия, кӛңіл күйінің тұрақсыздығы,
ұйқысыздық).
Ер адамдарда айқын байқалатын гипогонадизмнің белгілері (жұмыртқа
бездерінің атрофиясы, шаштанудың әйелдік сипаты, екінші жыныстық
белгілердің аз байқалуы, гинекомастия).
Созылмалы алкоголизм туындыларының болуы - гастрит, пептті
ойықжара, диарея, полиневрит, кардиомиопатия, энцефалопатия).
Кӛкбауырдың ұлғаюысыз гепатомегалия.
Қан сарысуында АлАТ шамалы, айқын АсАТ, де Ритис
коэффициентінің (АсАТ:АлАТ) екі есе, аммаглютаминтранспептидазаның,
триглициридтердің, зәр қышқылы деңгейінің жоғарылауы.
Иммуноглобулин А мӛлшерінің жоғарылауы;
Гистологиялық сипатбелгілері: гепатоциттерде алкогольді гиалиннің
(Мэллори денешіктері) анықталуы, майлы дистрофиясы, гепатоциттердің
перивенулярлық зақымдануы, перицеллюлярлық фиброз.
С-реакциялық ақуызға оң реакция, ЭТЖ жоғарылауна бейімділік,
лейкоцитоз (алкогольді эксцестен кейін), эритроциттердің макроцитозы.
Достарыңызбен бөлісу: |