4 1, Гинекологиялық науқастарды тексерудің арнайы гинекологиялық әдістерін көрсетіңіз Арнайы



бет1/4
Дата06.04.2023
өлшемі21,08 Kb.
#173921
  1   2   3   4
Байланысты:
Document (6)
шетелдік білім беру тұжырымдамаларына шолу, 0-дік бақылау жұмыстары. Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігі., САБАҚ КЕСТЕСІ 2023-2024 күнделік 1 ауысым

4
1, Гинекологиялық науқастарды тексерудің арнайы гинекологиялық әдістерін көрсетіңіз


Арнайы : сұрау , жалпы тексеріс және анамнез жинау .

  • Сыртқы жыныс мүшелерін тексеру :

  • Залалсыздандырылған бір рет қолдануға арналған қолғапты екі қолыңызға киіңіз.

  • Сыртқы жыныс мүшелерін қарау үшін екі қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс ернеуін ашамыз, онда қынап кіреберісін, қынап қабырғасының шырышты қабатының өңін, сыртқы несеп жолы саңылауы каналының, парауретральды және қынап кіреберісінің үлкен безінің шығару жолдарының жағдайын қараймыз

Айнамен қарау : Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарауды жүргізіңіз: ол үшін екі жаққа ашылмалы айнаны оң қолға алып, сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеуін ашамыз. Айнаны қынапқа жамбастың тік өлшемімен тереңдете енгізіп көлденең өлшемге бұрамыз.
Жатыр мойнын және қынапты ашамыз
Екі жақты ашылмалы айнаны жабамыз және көлденең өлшемнен тік өлшемге келтіре отырып, ақырын қынаптан шығарамыз,. Екі жаққа ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа саламыз.

  • Қынаптық тексеріс: Ол үшін сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен жыныс ернеулерін ашамыз. Қынапқа оң қолдың екі саусағын енгіземіз, бірінші – қынаптың артқы қабырғасын басатын ортаңғы саусақты, содан соң сұқ саусақты енгіземіз. Сол қолды алдыңғы құрсақ қабырғасына ауыстырып және ұқыптап енгізілген оң қолдың саусақтарына бағыттап басамыз. Екі қолдың саусақтарын бір біріне жақындатып жатыр денесін және мойнын пальпация жасау керек. - Қынаптық бимануальды зерттеу:

Ал жатыр қосалқыларын және қынап күмбездерін екі жақты (оң, сол) зерттеу үшін екі қолдың саусақтарын кезекпен жатыр бұрышынан жамбастың бүйір қабырғасына ауыстырыңыз. Оң қолдың саусақтарын қынаптан шығармас бұрын .
Қынаптан саусақтарыңызды шығарыңыз, бөлінділер сипатын қараңыз және бағалаңыз (қанды, іріңді, шырышты).
Қолғапты шешіп, оларды арнайы контейнерге салыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет