Асқазан-ішек жолдарының аурулары бар егде жастағы
және қарт науқастарды күту және бақылау
Егде және қарт жаста асқорыту мүшелері ауруларының сипаты ас қорыту жолдарының (АҚЖ) адамның жасына сәйкес анатомия—физиологиялық ерекшелігіне байланысты барынша өзгереді.
Ауыз қуысы: сілекей бездерінің инволюциясы дамиды, шайнау аппараты өзгереді.
Өңеш: шырышты қабаты атрофияланады, перистальтикасы төмендейді, жиі дискинезия дамиды.
Асқазан: секреторлы және ферментті белсенділігі төмендейді, қозғалыс белсенділігі баяулайды.
Бауыр: гепатоциттер саны азаяды, олардың регенерация үрдісі тежеледі, бауырдың функциональды белсенділігі төмендейді. Билирубин деңгейінің төмендеуі, өт қышқылы және фосфолипидтер мен холестериннің жоғарлауы байқалады. Өттің липидті комплексі көрсеткіштерінің төмендеуі ішектің ас қорытуын бұзып, диспепсиялық бұзылыстар байқалады.
Ұйқы безі: жасы ұлғая келе тіндердің атрофиялануы сыртқы секреторлы қызметінің төмендеп, қуыстық және мембраналық ас қорытуды баяулатады.
Ішек: ішек түктерінің биіктігі төмендейді, және мембраналық ас қоры-тылу және сіңірілу жүзеге асатын шырышты қабаттың көлемі кішірейеді. Гипоталамус, гипофиз және қалқанша безінің жасы ұлғая келе өзгеруі ащы ішектің ферментативті спектрінің қайта құрылуына әсер етеді. Ащы және тоқ ішектердің қозғалыс белсенділігі төмендейді, ішек микрофлорасының құра-мы өзгереді, ішек диспепсиясының көрінісі күшейеді.
Ас қорыту мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуі және инервациясы да функциональды және құрылымдық өзгерістерге ұшырайды. Статистикалық мәліметтер бойынша еңбекке жарамды тұрғындардың 50% созылмалы гастритпен сырқаттанады, ал жасы 60-тан асқан адамдарды бұл ауру 100%-ға жақындайды. Егде және қарт жастағы адамдарды созылмалы гастрит жеке ауру түрінде болмайды, көбінесе асқазан он екі елі ішек аймағындағы аурулармен, созылмалы панкреатитпен, ЖИА, қантты диабетпен қосарланады.
Егде жаста атрофиялық гастриттің жиі таралуы бактериальды созылма-лы гастрит ағымының ұзақ болуына, дуоденогастральды рефлюкстің жиі дамуының салдарынан пайда болатын асқазанның шырышты қабатының зақымдалуына және тітіркенуіне байланысты. Сонымен қатар созылмалы гастрит ятрогенді себептерден дамиды (әртүрлі медикаменттерді жиі қолдану).
Егде және қарт жаста созылмалы атрофиялық гастриттің көрінісі спе-цификалық емес. Созылмалы гастриттің симптомдары қосымша патологиямен боялуы мүмкін (ЖИА, созылмалы панкреатит және т.б.).
Кей жағдайда ЖИА ас қорыту жолдарының әртүрлі аурулары түрінде байқалады. (олар мынадай терминдермен белгіленеді «іш ұстамасы», «созыл-малы мезентериальді жеткіліксіздік», «абдоминалді ишемиялық ауру»). Патологияның бұл түрінде созылмалы ишемия соқыр ішек артериясының, жоғарғы және төменгі шажырқай артериясының толық қанмен қамтамасыз етілмеуінен байланысты. Мезентериальды қан айналымның бұзылу себебі бұл тамырлардың атеросклерозды зақымдалуы және басқа да қан айналымды төмендететін жағдайлар:
миокард инфарктісі, жүрек ырғағының бұзылуы (мысалы жүрекше фибрилляциясы), артериальді гипертензия;
тамырдың сырттан қысылуы (экстравазальді қысылуы) ісік және жабыспа үрдісінің болуынан;
тамыр қабырғасының интрамуральды қабатындағы жасына сәйкес пайда болатын іш қуысындағы мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуын күшейтетін өзгерістер.
Осындай науқастарды күту кезінде пациенттердің режимді сақтауын (тамақтанғаннан соң тынығу) және диетаны (қабылдайтын тамақтың көлемін азайту арқылы липид алмасуды қалыпқа келтіруге бағыттау) бақылау өте маңызды.
Егде және қарт жастағы науқастарда ең жиі кездесетін шағымдары іш қату болып табылады. Оның себебі қимыл-қозғалыстың аздығы, ішек атониясы, дұрыс тамақтанбау, дәрілік препараттардың кері әсері және т.б.
Үлкен дәретті қалыпқа келтіру үшін біріншіден, диетаны түзету қажет. Науқасқа таңертең аш қарынға ½ стақан қайнатылған салқын су, айран бері-леді. Мейірбике пациентке қызылшадан, сәбізден, пісірілген алма, картоптың орнына бұқтырылған көкөністер, қарақұмық ботқасын қабылдау керектігі туралы кеңес беруі қажет. Тамақ рационында жемістер мен көкөністер мөл-шері көп болуы тиіс. Құрғақ көкөністерді – кептірілген өрік, қара өрік, мейіз қолдану іштің жүруіне оң нәтиже береді. Оларды ыстық суға батыру керек, егер науқастың шайнауы қиын болса ет тартқыштың көмегімен үгіту қажет. Іш қату ұзаққа созылса мейірбике дәрігердің тағайындауымен науқасқа тазалау клизмасын жүргізеді. (тазалау, гипертониялық, майлы және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |