Байланысты: ГЕРОНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕРИАТРИЯНЫҢ ТАҢДАУЛЫ СҰРАҚТАРЫ
Егде және қарт жастағы науқастарды тамақтандыру ережесі Қазіргі кезде калориясы аз және көлемі шектелген диета мерзімінен бұрын қартаю үрдісімен күрестің ең тиімді тәсілі ретінде қарастырылады. Егде жастағы науқастың тамақ рационында ақуыз, май және көмірсулардың қатынасы 1:0,9:3,5, құрайды, яғни, қолданатын май мен көмірсудың мөлше-рін азайту керек (ой еңбегімен шұғылданатын орта жастағы әйелдер мен еркектерге ұсынылатын қатынас 1:1,1:4,1). Құрамында пурин негіздері, қымыздық қышқылы және холестерин бар тамақтарды қолдануда шектеп, калий, магний тұздары, темір, микроэлементтер дәрумендер және органика-лық қышқылдар бар көкөністер мен жемістер жеткілікті болуы керек. Егде және қарт жастағы науқастар үшін төрт рет тамақтану рациональды болып саналады. Ұсынылатын тамақ калориясы 60 жастан асқан әйелдер үшін 1900-2000 ккал, ал осы жастағы еркектер үшін 2000-3000 ккал. Бірінші таңертеңгі ас калориясы сөткелік рационның 25% құрайды, екінші таңертеңгі ас – 15%, түскі ас – 40-45% және кешкі ас (ұйқыға дейін 2 сағат бұрын) – 15-20%.