Қазақстан Республикасының дсұ-ға ену процесі



бет4/5
Дата08.07.2017
өлшемі1,18 Mb.
#20927
1   2   3   4   5

2003 жылдың 22 сәуірінде Оттава қаласында Канадамен тауарлар мен қызмет көрсетулерге арнап рыноктарға жол ашу жөніндегі қазақстандық ұсыныстарды, жүйелік мәселелерді, Қазақстан Республикасының стандарттау мен сертификаттау, стандарттау мен тауарларды сертификаттау жөніндегі талаптарды үйлесімдеу саласына қатысты заңдарындағы өзгертулерді талқылау жөніндегі екітараптық келіссөздер жүріп өтті. Тараптар өнеркәсіптік тауарларға қатысты тарифтер сласындағы екітараптық келісімдерді бір-екі раундтан кейін аяқтауға деген екі жақты талпынысын білдірген болатын.

2003 жылдың 23 сәуірінде Вашингтонда Америка Құрама Штаттарымен Қазақстанның ДСҰ-ға енуінің шарттары бойынша екітараптық келіссөздер жүріп өтті. Бас қосуда сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ның санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі, инвестициялық шаралардың саудасымен байланысты зерделік меншік құқықтарының саудалық аспектілері жөніндегі, демеуқаржылар мен өтемақылау шаралары, ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімдеріне қосылу бойынша өтінген өтпелі кезеңдерінің ұсынылу мәселелері талқыланған болатын. Келіссөздердің басты нәтижесі болып тараптардың рынокқа тауарлар мен қызмет көрсетулерге арнап жол ашу мәселелері бойынша детальді келіссөздерге өту туралы өзара келісімге қол жеткізуі табылды.
2003 жылдың 9 және 15 шіледесі аралығында Женевада нарыққа тауарлар мен қызмет көрсетулерге арнап жол ашу туралы екітараптық келіссөздердің 9-ш раундысы жүріп өтті.

Рынокқа тауарлар мен қызмет қызмет көрсетулерге арнап жол ашу туралы екітараптық келіссөздер

Тарифтік ұсыныстарды талқылау жөніндегі екітараптық келіссөздер 14 елмен, және Қазақстанның қызмет көрсетулер бойынша міндеттемелері жөніндегі екітараптық кездесулер 7 елмен – Жұмыстық Топтың мүшелерімен өткізілген болатын.



Аталмыш келіссөздердің барысында қазақстандық тарап Болгария, Канада, Швейцария және Жапония тәрізді елдермен ауылшаруашылық және өнеркәсіп тауарлары бойынша тарифтік ұсыныстарды детальді түрде талқылай алды. Қазақстанның қызмет көрсетулерінің рынокқа жол ашуы жөніндегі міндеттемелері қоржынының өзара тиімді нұсқасын келісуде прогреске қол жеткізілген, жекелеген елдердің сұратулары алынды.
2003 жылдың 17-19 желтоқсанында Брюссель қаласында ЕО-мен рынокқа тауарлар мен қызмет көрсетулерге жол ашу мен жүйелі мәселелер бойынша екітараптық келіссөздер болып өтті. Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын талқылау мен оның ДСҰ келісімдерінің ережелеріне, атап айтқанда, қорғаныстық, демпингке қарсы және өтемақылау шараларын экспорттық демеуқаржыландыруды қоса алғанда, өнеркәсіпті демеуқаржыландыру саласында сәйкес келуіне ерекше көңіл бөлінген болатын. Болып өткен келіссөздерде жеке тақырып болып ДСҰ-ның келесі Келісімдеріне қосылу мәселесін талқылау болатын: саудамен байланысты болып келетін инвестициялар шаралар жөніндегі, санитарлық және фитосанитарлық шараларды қабылдау жөніндегі, саудадағы техникалық тосқауылдар жөніндегі. Осыған орай Еуропалық одақ Қазақстанға ТАСИС бағдарламасының шеңберінде халықаралық талаптарға сәйкес келетін техникалық регламенттер мен еркін түрдегі стандарттарды әзірлеуде техникалық көмек көрсету туралы ниетін білдірген болатын. Келіссөздердің қатысушылары Қазақстанның ДСҰ-ға ену процесін ілгері жылжыту мақсатымен бұдан былай зерделік меншік құқықтары бойынша тығыз ынтымақтасудың қажеттігін атап, және Тараптардың қарсыфактік өніммен өзара тиімді негізде күрес жүргізу бойынша іс-әрекетін жандандырудың айрықша өзектілігін атап өтті

2004 жылдың 15 шілдесінде Женева қаласында Жұмыстық Топтың Бейресми отырысы болып өтті. Отырыста Жұмыстық Топтың соңғы отырысы (2002 жылдың желтоқсаны) болып өткен сәттен кейінгі Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласына қатысты заңдарындағы орын алған өзгерістер туралы ақпарат қарастырылған болатын. ДСҰ мүше-елдері Қазақстанның жүзеге асырып жатқан реформаларының жағымды беталысын атап кетті. Қазақстанның ДСҰ-ға ену процесі үшін шешуші сәт болып
Жұмыстық Топтың осы Бейресми отырысында қабылданған Жұмыстық Топтың келешек Баяндамасының негізі ретінде Қазақстан Республикасының сыртқы саудалық режимі туралы қорытынды құжаттың – Фактологиялық түйіннің әзірленуі туралы шешімі болды, бұл Қазақстанның ДСҰ-ға ену процесінің ақпараттық кезеңінің аяқталуының белгісі болатын.

Жұмыстық Топтың 6-шы отырысында (2004 жылдың 4 наурызы) құжаттың аталмыш жобасы мұқият талқылаудан өткізілген болатын. Тұтастай алғанда, Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бойынша жүргізілген жеті жылдық жұмыстың қорытындылары бойынша айта кетуге болатын нәрсе: келіссөздік процестің елдің келешектегі ДСҰ-дағы мүшелігінің параметрлерін детальді талқылау арнасына іс-жүзінде ауысуы байқала бастады.
Ену процесінің ағымдағы күйін қарастыратын болсақ
Қазақстанның ДСҰ-ға ену жөніндегі келіссөздер негізінен ДСҰ Хатшылығында Женева қаласында Жұмыстық Топтың мүдделі мүше-елдерінің қатысуымен көптараптық форматта – жүйелік мәселелер, ауыл шаруашылығы бойынша және екітараптық форматта – рынокқа тауарлар мен қызмет көрсетулерг жол ашу бойынша өткізіледі. Келіссөздер келесі негізгі төрт бағыт бойынша жүргізіледі:

1. Рынокқа тауарларға жол ашу жөніндегі келіссөздерге ДСҰ-ның мүше-елдерімен Қазақстан ДСҰ-ға қосылғаннан кейін өздерін пайдалану құқығына ие болатын импорттық кедендік баждарды байланыстырудың ең жоғары деңгейлерін белгілеу мен келісу кіреді. Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі Жұмыстық Топтың құрамына ДСҰ-ға мүше 36 елдің ішіндегі 15 ел кіреді, олардың аса маңыздылары АҚШ, ЕО, Жапония, Канада, Австралия және Швейцария рынокқа тауарларға арнап жол ашу жөніндегі детальді екітараптық келіссөздерді жүргізуде. Қазақстанның тарифтік ұсыныстары келесі ұстанымдарды ескерумен қалыптастырылады. Бірінші ұстаным –2003 - 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы мен 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік агроөнеркәсіптік бағдарламасымен белгіленген басымдылықтарға негізделумен ортамерзімді және ұзақмерзімді келешекке арнап ұлттық экономиканы қорғаудың тиімді дәрежесін қамтамасыз ету қажеттігі. Екінші ұстаным – Қазақстанның ЕврАзЭС-тегі мүшелігінің шартарын барынша ескеру.

Қазақстанның тарифтік ұстанымдарының негізін импорттық кедендік баждардың мөлшерлемелерін байланыстыру деңгейлері құрайды, олар салалық министрліктердің ұсыныстары мен отандық тауар өндірушілердің пікірлерін ескерумен әзірленеді.



2. Рынокқа тауарларға арнап жол ашу жөніндегі келіссөздер, олардың мақсаты шетелдік жеткізушілердің қазақстандық рынокқа қызмет көрсетулерді жеткізу шарттарын келісу табылады. Келіссөздердің негізін Қазақстанның рынокқа тауарларға арнап жол ашу жөніндегі ұсыныстарын талқылау құрайды. Қазіргі кезде қазақстандық рынокқа қызмет көсретулерге арнап жол ашудың шарттары бойынша келіссөздер Жұмыстық Топтың 8 мүше-елдерімен - Австралия, ЕО, Канада, Латвия, Польша, АҚШ, Швейцария, Жапониямен жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстан БҰҰ Жіктемесінің қызмет көрсетулердің жалпы саны 155 сектордың ішіндегі 76 секторы (немесе 49%) бойынша рынокқа қызмет көрсетулерге арнап жол ашу жөніндегі келіссөздерді жүргізуде. Қазақстандық экономика үшін қорғаудың саналы деңгейін қажет ететін аса сезімтал қызмет көрсету секторлары болып қаржылық, құқықтық, коммерциялық, көліктік, телекоммуникациялық, туристік, құрылыстық секторлар табылады.

3. Ауыл шаруашылығы жөніндегі көптараптық арнайы келіссөздер.

Ауыр табиғи-климаттық жағдайларға, ескірген техника мен технологияға ие, өткізу рыногынан географиялық қашықтығымен, теңіз жолдарына шығатын жолдарының жоқтығымен сипатталатын Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы жөніндегі келіссөздер сонымен қатар ерекше әлеуметтік мғынаға ие болуда, себебі Қазақстан халқының 44%-дан артық бөлігі ауылды жерлерде тұрады. Ауыл шаруашлығы жөніндегі көптараптық келіссөздер тарифтік қорғаныстың жеткілікті деңгейін, ауыл шаруашылығы мен экспорттыө демеуқаржылардың көлемдерін іштей қолдау көлемдерін қамтамасыз ету жөніндегі Жұмыстық Топтың мүше-елдерімен жүргізіледі.



4. Жүйелік мәселелер жөніндегі келіссөздер Қазақстан заң саласында қабылдауға тиіс болатын шараларды белгілеу үшін және оның ДСҰ-ның қатысушысы ретінде өз міндеттемелерін орындау үшін сол заңдарды қолдану мақсатымен жүргізіледі. Келіссөздердің негізі болып Жұмыстық топ баяндамасының жобасы табылады. Аталмыш келіссөздерде ДСҰ мүше-елдерімен экономикалық саясаттың жүйелік мәселелері келісіледі: валюталық айырбас пен төлемдер жүйесі, инвестициялық режим, мемлекет меншігі және жекешелендіру, баға құрылымы, бәсекелестік саласындағы саясат. Сонымен қатар тауарлар мен қызмет көрсетулердің саудасына әсерін тигізетін саясатты әзірлеу мен жүзеге асыру механизмі жөніндегі мәселелер қарастырылып, келісуден өткізіледі.

2004 жылы болып өткен келіссөздер туралы

2004 жылы Қазақстан Республикасының келіссөздік командасы Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі Жұмыстық топтың мүше-елдерімен отандық рынокқа тауарлар мен қызмет көрсетулерге жол ашу жөніндегі ұсыныстарды талқылау жөніндегі бірқатар екітараптық және көптараптық келіссөздерді жүргізген.

Мысалы, 2004 жылдың 1 мен 11 наурызы аралығында Женева қаласында ранокқа тауарлар мен қызмет көрсетулерге жол ашу жөніндегі екітараптық келіссөздердің 10-шы раунды болып өтті.

Рынокқа тауарларға арнап жол ашу жөніндегі екітараптық келіссөздер

Қазақстанның тарифтік ұсыныстарын талқылау жөніндегі екітараптық келіссөздер Жұмыстық Топтың 11 мүше-елімен жүргізілген болатын; Бразилия, Жапония, Куба, Канада, Швейцария, Мексика, АҚШ, ЕО, Австралия, Болгария, Корей Республикасы. Келіссөздердің нәтижелері бойынша тауарлар бойынша Жапониямен, Куба және Мексикамен келіссөздерді аяқтауға барынша жақындатуға қол жеткізілген болатын, ал Канада, Болгария, АҚШ және Швейцариямен рынокқа тауарларға жол ашу жөніндегі егжей-тегжейлі келіссөздер жүріп өтті.



Рынокқа қызмет көрсетулерге жол ашу жөніндегі екітараптық келіссөздер

Қазақстанның қызмет көрсетулер жөніндегі міндеттемелер қоржынын талқылау Жұмыстық Топтың 5 мүше-елімен жүргізілген болатын: Жапония, Канада, АҚШ, ЕО, Австралиямен. Келіссөздердің нәтижелері бойынша қарсы серіктес-елдердің құқықтық қызмет көрсетулер жөніндегі бірқатар өтінімдері жойылды, сондай-ақ Қазақстанның қызмет көрсетулердің сезімтал секторларында (құрылыстық, архитектуралық энергетикалық, көліктік, қаржылық, телекоммуникациялық, есептеу техникасының қызмет көрсетулері және т.б.) енгізген шектеулерге қатысты түсініктемелер берілген.



2004 жылдың 3 наурызында Женева қаласында Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі Жұмыстық Топтың ауыл шаруашылығын ішкі қолдау жөніндегі плюрилатеральдік мәжілісі болып өтті. Аталмыш мәжілісте Жұмыстық Топтың 10 мүше-елі қатысты: АҚШ, ЕО, Канада, Жапония, Швейцария, Австралия, Бразилия, Қытай, Тайвань, Корея. Мәжілісте отандық аграрлық секторын, экспорттық демеуқаржыларды қолдау жөніндегі шаралар, ДСҰ-ға енгеннен кейінгі жұмыс жағдайларына және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы заңдарын ДСҰ Келісімдерінің ұстанымдары мен нормаларына сәйкестендіруге әзірлену талқыланды.

2004 жылдың 4 наурызында Женева қаласында Жұмыстық топтың Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі 6-шы отырысы болып өтті, аталмыш мәжілістің барысында алғаш рет Фактологиялық тұжырымның жобасы, Қазақстан Республикасының ұлттық заңдарды ДСҰ-ның Саудадағы техникалық тосқауылдар жөніндегі, зерделік меншік құқықтарының саудалық аспектілері бойынша, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі келісімдеріне сәйкес келтіру жөніндегі жоспарлары талқыланған болатын. Аталмыш мәжілістің аса маңызды нәтижесі болып Жұмыстық Топтың мүше-елдерінің Фактологиялық тұжырымның біріктірілген нұсқасын аяғына дейін әзірлеу мен оны келешек РГ Баяндамасының жобасына өзгерту мәселелері бойынша ортақ шешімге қол жеткізуі табылады.

ЕурАзЭҚ және ЕЭП мүше-елдерінің ДСҰ-ға ену кезіндегі өзара әрекеттесуі туралы

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі келіссөздік процестің ең маңызды элементтерінің бірі болып ену процесін аймақтық бірігу бастамалары бойынша серіктестерімен үйлестіру табылады. ДСҰ-ға Беларуссия, Қазақстан мен Ресейдің енуі жөніндегі келіссөздердің аса белсенді фазасына ауысу жағдайларында Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мүше-елдерінің ДСҰ-ға қосылу жөніндегі біріктірілген көзқарасын қалыптастыру қажеттігі туындады. 2003 жылдың 13 мамырында ЕурАзЭҚ Халықаралық мемлекеттік кеңесінің отырысында ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің басшылары ДСҰ-ға қосылу жөніндегі келіссөздердің барысын талқылау үшін Тараптардың кеңес берулерін жалғастыру жөнінде Шешім қабылданған болатын. Аталмыш Шешімнің негізінде Тараптар ЕурАзЭҚ Біріктіру Комитетінің жанындағы арнайы құрылған институт – Үкіметтік делегация басшыларының, сондай-ақ Тараптардың сарапшыларының жұмыстық топтарының ДСҰ-ға қосылу жөніндегі келіссөздердегі кеңес берулері шеңберінде үйлестіруді жүзеге асырады, олар мерзімді негізде өткізіліп тұрады. ЕЭП шеңберінде бірігудің одан да терең сипаты рыноктарға тауарларға жол ашу жөніндегі келіссөздерді үйлестірумен қатар, рыноктарға қызмет көрсетулерге жол ашу жөніндегі келіссөздердің үйлесімін, қызмет көрсетулер саласын реттейтін заңдардың үйлесімін, соның ішінде жұмыстық күштің қозғалу мәселелерін ескереді. Мемлекеттердің әрекеттерін ЭЕП шеңберінде үйлесімдеуді қажет ететін маңызды фактор болып ДСҰ-мен қосылу туралы өткізілетін келіссөздердің деңгейі табылады. Қазақстан үшін бұл әсіресе Ресей мен Украина тәрізді елдермен әрекеттерін үйлесімдеуге қатысты болып келеді, олардың ДСҰ-мен келіссөздерінің процесі жеткілікті мөлшерде алға жылжыған сатысында орналасқан.


Мүдделі ұйымдардың Қазақстанның ДСҰ-ға енуі туралы мәселені талқылауға қатысуы
Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға ену мәселесінде ұлттық экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған келісмделген және теңгерімделген келіссөздік жайғасымын әзірлеу мақсатында ҚазақстанҮкіметі ұсыныстарды әзірлеу ісіне қоғамның барлық мүдделі топтарын – заңнамалық және атқару билігінің, аймақтардың, қоғамның, ғылым мен кәсіпкерліктің өкілдерін тартуда. ДСҰ жұмыстық топтарымен келіссөздер бойынша шешімдерді әзірлеудің осыған ұқсас тәжірибесі ДСҰ-ның барлық негізгі мүше-елдерінде орын алуда. Қазақстан Республикасының Индустрия мен сауда министрлігі кәсіпкерлердің үйлестіруші органы болып табылатын Қазақстан Республикасы жұмыс берушілерінің конфедерациясымен бірлесе отырып, Қазақстанның ДСҰ-ға ену шарттарын талқылауға арналған бірқатар конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, өткізілген болатын. Жұмыс берушілер конфедерациясы өз мүшелерінің қатарынан ДСҰ-ға ену кезіндегі тауар өндірушілер мен кәсіпкерлердің мүдделерін тарифтік және тарифтік емес қорғау жобаларын әзірлеу бойынша салалық жұмыстық топтарды құру туралы шешім қабылданған болатын. ДСҰ-ға ену кезіндегі рынокқа таурларға жол ашу жөніндегі тарифтік ұсыныстарды әзірлеу мен келісімдеу үшін 2003, 2004 жылдары тағам өнімдерін, машина жасау және құрылыстық материалдарды шығарушылардың проблемалары жөніндегі аймақтық кнференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізілген болатын.

ДСҰ-ға ену кезіндегі ішкі рыноктың қорғалуының тиімді деңгейін анықтау мақсатымен тек 2003 жылы барлық өнеркәсіп салаларының тауарларын шығарушылармен 13 кездесу өткізілген болатын, оларға Қазақстанның 20 артық одақтары мен ассоциациялары және 40 ірі және орта отандық компания қатысты. 2004 жылы бұл жұмыс жалғастырылған болатын.


2004 жылдың 11 қазанында Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі Жұмыстық тобы аяққы баяндаманы әзірлеуге кірісті.

Қазақстанның ДСҰ-ға ену процесі қазіргі кезде басты сатысына ауысты, деп жариялады 8 қазанда Қарағанды қаласында өткен ІІІ аймақтық экономикалық форумдағы сөз сөйлеуінде ҚР Индустрия мен сауда министрлігінің Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев.

А.Қазыбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі Жұмыстық Топ аяққы баяндамасын әзірлеуге кірісті.

А.Қазыбаев, Қазақстанның ДСҰ-ға ену процесі 1996 жылдың 26 қаңтарында ДСҰ Хатшылығына ресми түрде өтінім берілген сәттен басталғандығы туралы еске салып кетті. Сол жылдың ақпан айында Қазақстанға ДСҰ-дағы бақылаушы мәртебесі берілген. Осымен қатар бір уақытта Қазақстанның осы ұйымға енуі жөніндегі Жұмыстық Топ құрылған болатын.

" ДСҰ -ға ену Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады", - деді А. Қазыбаев. Қазіргі кезде ДСҰ-ға әлемнің 147 елі кіреді, және тауарлар мен қызмет көрсетулердің бүкіл әлемдік саудасының 90 проценттен артық бөлігі осы халықаралық ұйымның нормаларымен реттеледі.

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі жөніндегі келіссөздер, - деп хабарлады Комитет төрағасы, - төрт басты бағыттар бойынша көптараптық және екітараптық деңгейлерде жүргізілуде: қазақстандық рыноктарға тауарларға жол ашудың шарттары бойынша; қазақстандық рыноктарға қызмет көрсетулерге жол ашудың шарттары бойынша; ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша; және былайшы атағанда Қазақстанның сыртқы сауда режимі мен сыртқы саудалық заңдарының ДСҰ-ның көптараптық саудалық келісімдеріне сәйкес келудің жүйелік мәселелері бойынша.

Қазіргі кезге қарсы Қазақстан елдің ұйымға енуі жөніндегі Жұмыстық Топтың 6 отырысын, қазақстандық рыноктарға тауарлар мен қызмет көрсетулерге жол ашудың шарттары бойынша көптараптық келіссөздердің 12 раундысын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы ішкі қолдау мен демеуқаржыландыру шаралары жөніндегі арнайы плюрилатеральді келіссөздерді өткізген.

Өзінің сөзінде комитеттің басшысы келесіні атап кеткен болатын: қазіргі кезде Қазақстан зерделік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңдар мен сыртқы сауда режимін Тарифтер мен сауда жөніндегі басты келісім мен ДСҰ-ның зерделік меншік құқықтарының саудалық аспектілері жөніндегі келісімнің нормаларына сәйкес келтірілуін аяқтап қалды. Сонымен қатар «Техникалық реттеу туарлы» заңының жобасы әзірленіп, ел Парламентіне қарастыруға арнап ұсынылып қойған, ол техникалық регламенттердің міндетті сипаты мен саудадағы техникалық тосқауылдарды азайту мақсатымен стандарттардың еркіндік сипатын белгілейді. Сондай-ақ ДСҰ-мен саудадағы техникалық тосқауылдар мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша өзара әрекеттесу жөніндегі Ақпараттық Орталық құрылған, ол қазақстандық тараптың транспаренттік ұстанымын сақтауын және ДСҰ-ға мүше-елдердің осы салада қабылдап жатқан шаралары туралы дер кезінле хабарлап отыруын қамтамасыз етуге арналған.

ДСҰ-ға енудің артықшылықтары туралы айтумен, А. Қазыбаев таза түрдегі экономикалық тиімділігімен қатар, бұл жүйенің қатысушы-елдердегі саяси және әлеуметтік жағдайға, сондай-ақ азаматтардың жеке әл-ауқатына жағымды әсер ететіндігін атап кеткен болатын. Сонымен қатар, оның айтуынша, ДСҰ-ға қосылудан Қазақстанның бидай өндіру, мұнай және газ өндіру, мұнай химиясы, қара және түсті металлургия тәрізді экспортқа бағытталған салалары қазақстандық тауарларға қатысты кемсітпеу ұсытнымын қолданбау түріндегі қосымша артықшылықтарға ие болатын болады.

" ДСҰ-ның толық құқылы мүшесі болумен Қазақстан халықаралық сауда саясатының қалыптасуына әсерін тигізе алады, сондай-ақ проблемалық мәселелер мен дауларды ДСҰ шеңберінде қолданылатын ержелер шеңберінде шеше алатын болады", - деді А. Қазыбаев. Сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы жағдай туындайтыны және қазақстандық инвесторлардың ДСҰ мүше-елдеріндегі мүмкіндіктері кеңейеді деп айтылған. Бұл ретте "сыртқы саудасының тиімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан ДСҰ-ға индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын қоса алғанда, ұзақмерзімді бағадарламаларда көрсетілген біздің ұлттық мүдделерімізге сәйкес келетін барынша тиімді шарттармен қосылуы тиіс"-делінген.

А. Қазыбаевтың айтуынша, қазіргі кезде ел Үкіметі отандық тауар өндірушілерді ДСҰ-ға енгеннен кейін орын алатын қатаң бәсекелестік жағдайларына дарлау мақсатымен бірқатар шараларды қолдануда. Аталмыш шаралардың қатарында кедендік тарифті эскалациялау ұстынымы да бар, ол өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдерінің құрылымында қосылған құн салығының өсу дәрежесіне қарай импорттық кедендік баждардың орнатылуын ескереді. Сонымен қатар, Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы экономика салаларын әртараптандыру мен шикізаттық бағыттан кету арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік экономикалық саясатты қалыптастырады. Сондай-ақ отандық кәсіпорындарда халықаралық сапа стандарттарын енгізу мен жоғары сапалы өнім өндірісін ынталандыру жөніндегі шаралар көзделіп отыр. А.Қазыбаев сонымен қатар былай деп кетті "ішкі рынокты импорттық тауарлардың арам түрдегі бәсекелестігінен қорғау үшін қазақстандық заңдар мен ДСҰ ережелеріне сәйкес қорғау, демпингке қарсы және өтемақылау баждары қолданылуы мүмкін".

"Әрбір кандидат-ел келіссөздерге қатысу барысында ДСҰ-ға қосылудың барынша жақсы жағдайларына, былайша айтқанда, қосылудан көретін артықшылықтары мен тарифтерді төмендету мен ішкі рыноктарды ашу түріндегі жеңілдіктердің аса тиімді өзара қатынасына қол жеткізу мақсатын көздейді. Келіссөздерге қатысушы қазақстандық компания дәл осылай әрекет етуде, оның алдында сондай-ақ келіссөз процесін одан әрі қарқындандыру мен Қазақстанның ДСҰ-ға ену жөніндегі Жұмыстық Топтың Баяндамасын әзірлеуге шығу міндеті тұр. Егер де ел осы Баяндаманы әзірлеп жатқан болса, ол келіссөздердің аяқталуына жақын қалғаны деп саналады", - деп қорытты өз сөзін А. Казыбаев.



ҚОРЫТЫНДЫ
Экономика мен сауда режимін қайта құрудың айрықша маңызды нәтижесі болып ДСҰ арқылы Қазақстанның көптараптық сауда жүйесін жаңарту табылуда. ДСҰ-ны құру туралы шешімнің қабылдануына негіз болған ГААТ “уругвайлық” раундысының сәтті түрде аяқталуы либеральдік сауда жүйесінің ұстанымдарына негізделген тұғырнамаға жаңа тыныс беріп, күш берді. Бұл тұғырнаманың Қазақстан үшін маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. ДСҰ Қазақстанға ғаламдық сауда жүйесіне толықтай бірігудің келешек артықшылығын ұсынуда. ДСҰ ұсынып отырған нығайтылған және кеңейтілген ережелер, даулы мәселелерді шешудің одан да тиімді механизмі мен сауданы дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер Қазақстан экономикасын реформалаудың бағдарламасын елеулі түрдегі сырттай қолдау болып табылуы мүмкін. Қазақстан үкіметі ДСҰ-ға ену туралы өз өтінімін ұсынумен осыны мойындаған. Аталмыш ұйымға ккіру процесінің өзі экономикалық ырықтандыруға ықпал етуде маңызды роль ойнауы тиіс, ал шешімдік бастамасы шетелдік инвесторлардың Қазақстанның реформалардың жолын ұстанатындығына көзін жеткізуі тиіс. ДСҰ-ға енуге арналған күш-жігерлер және солармен байланысты шаралар еркін рынокты қалыптастыруға, ашықтық пен бәсекелестікке бағытталған қазақстандық экономикалық реформалармен бі бағытта қозғалатын болады. Осының барлығы реформаларды тұтастай қолайлы халықаралық деңгейге жақындататын болады, және ені процесі аяқталғаннан кейін ДСҰ жүйесінен тыс қол жеткісіз болған жаңаша мүмкіндіктердің жиынтығын сыйлайтын болады.

Қазақстанның ДСҰ жүйесіне қосылу шеңберіндегі Қазақстандағы сыртқы саудалық саясат реформаларын қарастыру ісін қорытындылай келе оның алдына қойылатын мақсаттарды қорыта кетейік:

1. Сыртқы сауданы реттеу ісінде бағалық әдістер мен механизмдерді артықшылықпен қолдану. Импортты реттеуде басты дәйектеме болып кедендік тарифтер табылуы тиіс. Экспортқа қатысты қолданыстағы экспорттық квоталар біртіндеп ішкі және әлемдік бағаның айырмасымен үйлесетін экспорттық баждармен алмастырылуы тиіс.

2. Үкіметтік сатып алулардың күшін жою. Орталықтандырылған импорттың күші жойылғаннан кейін орталықтандырылған экспорттың саясаты да экспорттаушыларға арнап шешу рәсімдері жойылған тәрізді жойылуы тиіс.

3. Сыртқы экономикалық қатынастарға көптараптық көзқараспен қараудың басымдылығы.

4. Экспорттың кеңейтілуі және оның географиялық және тауарлық құрылымын кеңейту. Бұл жерде негізгі артықшылық болып қолданыстағы экспорттық тосқауылдардың, атап айтқанда, лицензиялау мен түрлі экспорттық баждардың жойылуы табылады.

5. Импортқа қатысты қорғау шараларының баламалы жүйесін қалыптастыру. Импорттық баждардың жақын уақыттағы өсірілуі жекелеген секторларда тиімсіз болып келетін қатаң шаралардың орнатылғандығын көрсетіп отыр. Бұл секторлардың қолдаушылық қысымы кедендік тарифтер мөлшерлемелерінің деңгейіне қатысты шектеу міндеттемелерін, сондай-ақ оларды біртіндеп төмендету жөніндегі мәіндеттемелерді қабылдау арқылы жойылуы тиіс.

6. Сыртқы сауданы реттеу құралдарын пайдаланудан, өзге, іс-әрекеттің бұл саласына қатысы жоқ мақсаттармен бас тарту. Көбінесе бюджеттік түсімдердің тиімді деңгейін қолдау ісін кедендік тарифтердің мөлшерлемелерін, және саудамен байланысты өзге салықтар мен алымдарды арттыру есебімен жүзеге асыру мүмкін болмайды.

Осылайша, талдау көрсетіп отырғандай, сыртқы сауда саясаты реформасының алға жылжуы макроэкономикалық тұрақтындырумен және шаруашылықты жүргізудің нарықтық ұстанымдарына көшу барысында қол жеткізген прогреспен тығыз байланысты. Алайда айта кететін нәрсе, сыртқы экономикалық саладағы реформаның табысқа жетуі өз тарапынан жалпы макроэкономикалық жағдайдың жақсаруына, сол арқылы жалпы экономикалық реформаның алдына қойылған мақсаттарды жылдам түрде жүзеге асыруға ықпал етуі тиіс. Сауда саясаты Қазақстанда шаруашылықты құрылымдық қайта құру тұрғысынан алып қарағанда да стратегиялық роль ойнауы мүмкін және де тиіс.

Қазақстан, әрине, барлық параметрлер бойынша ДСҰ-ға қосылғысы келетін аса мағыналы мемлекеттердің арасында тең жағдайға ие болуда. Қазақстан осы тұрғыда «өлі нүктеден» ілгері жылжығандығына қарамастан оның халықаралық экономикалық қатынастардың толық қанды қатысушысына айналу процесі әлі көптеген күш-жігер жұмсауды қажет ететін болады. Қазақстанның осы бағытта кездестіретін қиындықтары, сондай-ақ оның сол қиындықтарды жеңіп шығуы да ықтимал болып табылады.

Сыртқы сауда саласының реформасын жүзеге асыру жауапкершілігі әрине, Қазақстанның үкіметіне жүктелген. Алайда Қазақстанның халықаралық сауданың көптараптық жүйесіне бірігу процесіне халықаралық қолдаудың көрсетілуі ең алдымен қазақстандық өнімдердің батыс рыноктарына өздеріне жол ашуының жағдайларын жақсартудың арқасында үлкен мағынаға ие болуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет