2) жұмыскер мен оның отбасы мүшелерінің мүлкін тасымалдауға байланысты шығыстарды
өтеуге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өтемақы төлемдерінің тәртібі мен мөлшері
еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
129-бап. Жұмыскердің жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне пайдалануына
байланысты өтемақы төлемдері
Жұмыскер жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне және оның келісімімен пайдаланған
кезде жұмыс беруші құрал-саймандарды, жеке көлікті, басқа да техникалық құралдарды
пайдаланғаны, тоздырғаны (амортизациясы) үшін және оларды пайдалану шығыстарына
тараптардың келісімі бойынша өтемақы төлемін жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: