Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер



Pdf көрінісі
бет117/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   137-бап. Үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер 
      1. Жұмыс берушімен жұмысты өз материалдарымен және өзінің немесе жұмыс беруші 
бөліп беретін не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-
саймандар мен құрылғыларды пайдалана отырып, үйде жеке еңбегімен орындау туралы еңбек 
шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс істейтін жұмыскерлер деп есептеледі.
 
      2. Жұмыскердің жұмысты үйде орындауы еңбек шартын жасасқан кезде, еңбек шартының 
қолданылу мерзімі ішінде де еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізіле отырып белгіленуі 
мүмкін.
 
      3. Үйде істелетін жұмысты орындау туралы еңбек шартында:
 
      1) жұмысты жұмыскерге меншік құқығымен тиесілі немесе жұмыс беруші бөліп беретін 
не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, материалдарды, құрал-
саймандар мен құрылғыларды пайдалана отырып орындау;
 
      2) жұмыскерді жұмысты орындау үшін қажетті шикізатпен, материалдармен, жартылай 
фабрикаттармен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімдері;
 
      3) жұмыскерге төленетін өтемақы және өзге де төлемдер туралы талаптар міндетті 
түрде көзделуге тиіс.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет