Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы



Pdf көрінісі
бет120/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   140-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының және заңды тұлғаның алқалы 
атқарушы органының басқа да мүшелерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері 
      1. Атқарушы органның басшысымен еңбек шартын жасасу, оның еңбегіне ақы төлеу 
тәртібі мен шарттары, оны тәртіптік жауаптылыққа тарту, жұмыстан шеттету осы Кодекске, 


Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, құрылтайшылар, заңды тұлға 
мүлкінің меншік иесі не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адам (орган) немесе 
заңды тұлғаның уәкілетті органы бекітетін құжаттарға, заңды тұлғаның оқшауланған 
құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерге және еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      2. Егер жалғыз құрылтайшы (қатысушы, акционер) заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы 
органы болып табылған жағдайда, еңбек шарты жасалмайды. Еңбек қатынастары жұмыс 
берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісімен ресімделеді, онда еңбек функциясы, еңбек 
қызметін жүзеге асыру мерзімі, жұмыстың басталу күні, жұмыстың орындалатын орны, сондай-
ақ еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттар қамтылуға тиіс.
 
      Құрылтайшылардың (қатысушылардың, акционерлердің) құрамы өзгерген жағдайда, 
атқарушы органның басшысымен еңбек шарты жасалады не құрылтайшылардың, заңды тұлға 
мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адамның 
(органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі негізінде онымен еңбек 
қатынастары тоқтатылады. 
 
      3. Атқарушы органның басшысын жаңа мерзімге тағайындаған (сайлаған, лауазымға 
бекіткен) жағдайда, еңбек шартына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. 
 
      4. Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы актісіне 
құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не құрылтайшылар, меншік иесі 
уәкілеттік берген адамның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімімен 
не олар бекітетін құжаттармен уәкілеттік берілген адам қол қояды. 
 
      5. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басшысына және басқа да мүшелеріне 
тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей, бірақ ол анықталған 
күннен бастап екі айдан кешіктірілмей қолданылады.
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысына тәртіптік жаза қолдану тәртібі 
Қазақстан Республикасы заңнамасының және заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының 
ерекшеліктері ескеріле отырып, құрылтайшылардың, заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не 
құрылтайшылар, меншік иесі уәкілеттік берген адамның (органның) немесе заңды тұлғаның 
уәкілетті органының шешімімен бекітілген жұмыс берушінің актісімен белгіленеді.
 
      6. Осы Кодексте көзделген заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының еңбегін реттеу 
ерекшеліктері заңды тұлғаның жеке-дара атқарушы органына, сондай-ақ заңды тұлғаның 
алқалы атқарушы органының басқа да мүшелеріне қолданылады.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет