Орындаған: Махмуджанова а
«Тағам өндірісі» факультеті
«Қайта өңдеу технологиясы» кафедрасы
Тақырыб- 3:Меншік
Жоспар: Меншік дегеніміз не Меншік және иемдену заңдары. жүргізудің формалары. мақсаты Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады. Біздіңше, иелену, пайдалану мен іске жарату – бұл толық меншік емес. Меншік - Меншік- адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдалынатын немесе иелік ететін заты.
- Экономикалық мағынасында, меншік, бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынасын білдіреді.
- Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Меншіктің негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани мәдениет заттары, т.б. жатады.
Меншік иелері үш типке бөлінеді:
Потенциалдың (мұрагердің) меншік иесі.
Меншік иесі, заттаң тұтынушысы
( иемденуші).
Толық меншік иесі.
1. Потенциалдық (мұрагер) меншік иесі. Бұлар иемденуге кіріскенде ғана нақты ақиқатты меншік иесіне айналды. Осы жағдай құқық актісімен бекітіледі.
2. Меншік иесі заттың тұтынушысы (иемденуші). Иемденуші меншіктің толық иесі емес. Сондықтан иемденуші затты сата алмайды, оны өсиет арқылы өткізбейді, залогқа сала алмайды, сыйлық етіп жұмсай алмайды. Сонымен қатар, иемденуші, келісімге сәйкес, өзіне түскен табыстың бір бөлігін меншік иесіне беруге тиісті.
3 Толық меншік иесі меншікке толық иеліктін өлшемі қызметін атқарады. Толық меншік иесінің өзі, заттардың пайдалылығын өзі қолданып өндіріс жүргізе алады. Технология жағынан бұл әрекет тек ұсақ өндірісте ғана мүмкін болады: шаруалардың шаруашылығында, қолөнерінде, қызметтер сферасында, т.б
Меншік түрлері
Жеке меншік
Бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің немесе ресурстың иесі болып табылуы.
Мемлекеттік меншік
Бұл субъектісі мемлекет болып табылатын меншіктің түрі. Меншіктің бұл түрін басқаруды және оған билік етуді мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктің басты ерекшелігі болып оның бөліске түспейтіндігі ретінде саналуы табылады.
Меншік құқығы
Меншік Құқығы — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі.
Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.
Меншік және иемдену заңдары.
1 Иелену құқығы – затты нақты иеленудің және оны өз иелігінде ұстаудың заңмен берілген мүмкіндігі.
Пайдалану құқығы – мүлікті тұтыну, оның игілігін көру, кіріс алу, пайдаға жарату мүмкіндігі.
Билік ету құқығы – мүлікке өз қалауынша және өз мүддесі үшін билік ету мүмкіндігі.
Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны «Әлеуметтік қатынастар немесе меншік бойынша қатынастар өндірістің кез келген әдісінің басты өндірістік қатынастары болып табылады. Олар өндірістің заттық факторлары мен жеке бірігу әдісін сипаттайды және бөлудің, айырбастаудың және тұтынудың қатынастарын анықтайды. Қоғамдық қатынастардағы меншіктің рөлі мен орнын келесі жағдайлар анықтайды: Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторЛАРЫ
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады – өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі.
Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылады.
Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: Меншік дегеніміз не? Меншік түрлері? Меншік құқығы деген не? Меншік типтері? Иелену деген не? ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: - С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.
Достарыңызбен бөлісу: |