149-бап. Келісімдерді дайындау жөнінде келіссөздер жүргізу құқығы
1. Әлеуметтік әріптестіктің кез келген тарапы келісімді әзірлеу, оның мазмұны, оны
жасасу, өзгерту, толықтыру жөніндегі келіссөздердің бастамашысы болуға құқылы.
2. Республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде жұмыскерлер мен жұмыс берушілер
уәкілеттік берген бірнеше өкіл болса, олардың әрқайсысына өздері өкілдік ететін
жұмыскерлер мен жұмыс берушілер санына байланысты пропорционалды өкілдік ету қағидаты
негізінде келіссөздер жүргізу құқығы беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |