Салық ТӨлеушінің ЖӘНЕ салық агентінің ҚҰҚЫҚтары мен міндеттері. салықТЫҚ Қатынастарда өкілдік ету



Pdf көрінісі
Дата10.02.2020
өлшемі106,39 Kb.
#57582
Байланысты:
лекция 4


САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. 

САЛЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДА ӨКІЛДІК ЕТУ 

Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері

 

      1. Салық төлеуші:



 

       1)  салық  органдарынан  қолданылып  жүрген  салықтар  мен  бюджетке 

төленетін  төлемдер,  Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасындағы 

өзгерістер  туралы  ақпарат,  Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасын 

қолдану жөнінде түсіндірмелер алуға;

 

        2)  Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасында  реттелетін 



қатынастарда жеке өзі немесе осы Кодекстің 16-бабына сәйкес заңды немесе 

уәкілетті  өкілі  арқылы  немесе  салық  консультантының  қатысуымен  өзінің 

мүдделерін білдіруге;

 

       3)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  салықтар  бойынша 



аудит жүргізуге арналған шартты жасасуға;

 

      4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін 



алуға;

 

       5)  салық  органында  салықтық  өтініштердің  белгіленген  нысандарының 



бланкілерін  және  (немесе)  электрондық  нысанда  салықтық  есептілік  пен 

өтінішті ұсыну үшін қажетті бағдарламалық қамтылымды тегін алуға;

 

       6)  тексеру  нәтижелері  туралы  хабарламаға,  салық  төлеушінің  (салық 



агентінің)  тексеру  нәтижелері  туралы  хабарламаға  шағымын  қарау 

қорытындылары туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды 

адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

 

      7) ұсынылуы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, Қазақстан 



Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, сондай-

ақ Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері, 

авиациялық отын, биоотын және мазут өндірісін және айналымын реттейтін 

заңнамасында  көзделген  ақпарат  пен  құжаттарды  қоспағанда,  салық  салу 

объектілеріне  және  (немесе)  салық  салуға  байланысты  объектілерге  қатысы 

жоқ ақпарат пен құжаттарды ұсынбауға құқылы.

 

      2. Салық төлеуші жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы, жер салығы 



және  мүлік  салығы  бойынша  салықтық  міндеттемелерінің  бар-жоғы  туралы 

ақпарат  беру  мақсаттары  үшін  өзінің  телефон  нөмірлері  және  электрондық 

поштасының  мекенжайлары  туралы  мәліметтерді  салық  органына  ұсынуға 

құқылы.


 

      3. Салық төлеуші:

 

      1) салықтық міндеттемелерді уақтылы және толық көлемде орындауға;



 

       2)  салық  органдарының  талап  етуі  бойынша  салықтар  бойынша  аудит 

жүргізуге арналған шартты және осындай шарт жасалған жағдайда, салықтар 

бойынша аудит қорытындысын ұсынуға;

 

       3)  Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасында,  Қазақстан 



Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, сондай-

ақ Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері, 

авиациялық отын, биоотын және мазут өндірісін және айналымын реттейтін 

заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға;

 

       4)  бақылау-касса  машиналарын  қолданған  кезде  қойылатын  талаптарды 



сақтауға;

 

      5) ауыспалы есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу кітаптары мен тауар 



чектерін,  сондай-ақ  жою,  қайтару  чектерін  және  жою  мен  қайтару 

операциялары  жүргізілген  бақылау-касса  машиналарының  чектерін  басып 

шығарылған  немесе  толығымен  толтырылған  күнінен  бастап  бес  жыл  бойы 

сақтауға міндетті.

 

       4.  Салық  төлеушінің  Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасында 



белгіленген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді орындайды.

 

Салық агентінің құқықтары мен міндеттері

 

      Салық агентінің, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық 



төлеуші сияқты құқықтары болады және ол сондай міндеттерді орындайды.

 

Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын қамтамасыз ету және 



қорғау

 

       1.  Салық  төлеушіге  (салық  агентіне)  оның  құқықтары  мен  заңды 



мүдделерінің қорғалуына кепілдік беріледі.

 

       2. Салық  төлеушінің  (салық агентінің)  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін 



қорғау  осы  Кодексте  және  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  заңдарында 

көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

       3.  Салық  органдарының,  олардың  лауазымды 



адамдары  мен 

жұмыскерлерінің  салық  төлеушілерден  Қазақстан  Республикасының  салық 

заңнамасында  көзделмеген  міндеттерді  орындауын  талап  етуіне  тыйым 

салынады.

 

Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету

 

       1.  Егер  осы  тармақта  өзгеше  көзделмесе,  салық  төлеуші  (салық  агенті) 



Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасында  реттелетін  қатынастарға 

заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы қатысуға құқылы.

 

      Осы тармақтың ережесі:



 

        1)  осы  Кодекстің  85-бабының  4-тармағына  сәйкес  салық  органының 

шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық 

төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілігі;

 


       2)  қосылған  құн  салығы  бойынша  тіркеу  есебіне  қою  туралы  салықтық 

өтініш ұсынылған жағдайда қолданылмайды.

 

      2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеушінің (салық 



агентінің)  атынан  өкілдік  етуге  уәкілеттік  берілген  тұлға  салық  төлеушінің 

(салық агентінің) заңды өкілі болып танылады.

 

       3.  Салық  төлеуші  (салық  агенті)  салық  органдарымен,  Қазақстан 



Республикасының  салық  заңнамасында  реттелетін  қатынастарға  өзге  де 

қатысушылармен  қарым-қатынастарда  өз  мүдделерін  білдіруге  уәкілеттік 

берген жеке немесе заңды тұлға салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті 

өкілі болып танылады.

 

       Салық  төлеуші  (салық  агенті)  -  жеке  тұлғаның,  оның  ішінде  дара 



кәсіпкердің  уәкілетті  өкілі  Қазақстан  Республикасының  азаматтық 

заңнамасына  сәйкес  берілген,  нотариат  куәландырған  немесе  оған 

теңестірілген сенімхат негізінде әрекет етеді, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері 

көрсетіледі.

 

       Салық  төлеуші  (салық  агенті)  -  заңды  тұлғаның  не  оның  құрылымдық 



бөлімшесінің  уәкілетті  өкілі  құрылтай  құжаттары  және  (немесе)  Қазақстан 

Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген сенімхат негізінде 

әрекет етеді, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетіледі.

 

       4.  Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасында  реттелетін 



қатынастарға  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  жеке  өзінің  қатысуы  оны 

өкілінің  болуы  құқығынан  айырмайды,  сол  сияқты  өкілдің  қатысуы  салық 

төлеушіні  (салық  агентін)  көрсетілген  қатынастарға  жеке  өзінің  қатысу 

құқығынан айырмайды.

 

      5. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті өкілінің салық төлеушінің 



(салық агентінің) атынан жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) салық төлеушінің 

(салық агентінің) әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады.

 

       6.  Жеке  тұлғаның  заңды  өкілінің  осы  жеке  тұлғаның  атынан  жасаған 



әрекеттері  (әрекетсіздігі)  жеке  тұлғаның  заңды  өкілінің  әрекеттері 

(әрекетсіздігі) болып танылады.



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет