Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның құзыреті



Pdf көрінісі
бет13/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   17-бап. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның құзыреті 
      Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган:
 
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және 
еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
 
      2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
 
      3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың 
себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
 
      4) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды осы Кодексте және Қазақстан 
Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-
тексереді;
 
      5) жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге 
жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
 
      6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау 
комиссиясының құрамына қатысады;
 
      7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері 
бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
 
      8) жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және 


еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
 
      9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін 
жүзеге асырады;
 
      10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін 
әзiрлейдi және бекiтедi;
 
      11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек 
қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе негізінде кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек 
қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;
 
      12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық 
еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;
 
      13) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша 
қажетті ақпаратты береді;
 
      14) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет