Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру



Pdf көрінісі
бет32/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   42-бап. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру 
        1. Бос тұрып қалу жағдайында жұмыс берушінің жұмыскерді денсаулық жағдайына 
байланысты қарсы көрсетілімі жоқ басқа жұмысқа оның келісімінсіз, бос тұрып қалудың 
барлық кезеңіне ауыстыруға құқығы бар. 
 
      2. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру кезінде жұмыскердің 
еңбегіне ақы төлеу орындалатын жұмыс бойынша жүргізіледі.
 
 
 
   43-бап. Денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру 
      1. Жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақаттануына, 
кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне немесе денсаулығына 
өндіріспен байланысты емес өзге де зақым келуіне байланысты жұмыс беруші медициналық 
қорытынды негізінде еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік 
белгіленгенге не кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айырылуы белгіленгенге дейін жұмыскерді 
неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға не еңбек, ұжымдық шарттарда жазылған 
жағдайларда оны жұмыстан босатуға міндетті.
 
      2. Жұмыскер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, 
кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өзге де зақым келген кезде не өндіріске 
байланысты емес денсаулығы нашарлау салдарынан неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауысудан 
жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-
тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет