7) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі теріс болған;
8) жұмыскер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да
көп сағат бойы жұмыста болмаған;
9) жұмыскер жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық
(соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік,
есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас)
жағдайын туғызатын заттарды
пайдаланған;
10) тиісті актімен расталған, алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық
жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан
өтуден бас тартқан;
11) өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп
соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі
қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын жұмыскер бұзған;
12) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған, жұмыскер жұмыс
орнында бөтен мүлікті ұрлаған (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе
бүлдірген;
13) ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін жұмыскер кінәлі
әрекеттер
жасаған немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс
берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса;
14) тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер осы жұмысын жалғастырумен
сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған;
15) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік
құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;
16) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап
орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған;
17) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа
жұмысқа ауысудан бас
тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа
ауыстыру кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер
ұсынған;
18) жұмыс берушіге материалдық нұқсан келтіруге әкеп соққан, жұмыс берушінің
атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс беруші бөлімшесі (жұмыс
берушінің актісінде айқындалған
жұмыс берушінің филиалдары, өкілдіктері және өзге де
бөлімшелері) басшысының еңбек міндеттерін бұзған;
19) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жұмыскердің
мемлекеттік құпияларға берілген рұқсаты тоқтатылған;
20) жұмыскер жүктілігіне және босануға байланысты демалыста болған, сондай-ақ егер
ауру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке
қабілетсіздіктің неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар
тізбесіне енгізілген
жағдайларды қоспағанда, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі
айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.
Өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке
қабілеттілігінен айырылған жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі
қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда,
жұмыскер заңды күшіне енген сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін
жоятын
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
22) соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы не ереуілді тоқтата тұру туралы шешімі
жұмыскердің назарына жеткізілгеннен кейін ол ереуілге қатысуды жалғастырған;
23) заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не меншік иесі уәкілеттік берген тұлғаның
(органның) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімімен атқарушы орган
басшысының, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы мүшелерінің, сондай-ақ "Акционерлік
қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі аудит қызметі
жұмыскерлерінің және корпоративтік хатшының өкілеттіктері тоқтатылған;
24) тараптардың өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту
құқығы бар жұмыскер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа
толған;
25) жұмыскер жұмыс берушіге белгісіз себептер бойынша бір айдан астам жұмыста
болмаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.
2. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты осы жұмыс ол үшін негізгі болып
табылатын жұмыскермен еңбек шартын жасасқан жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша
бұзылуы мүмкін.
Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016
№ 483-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: