Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парк мемлекеттiк ұлттық табиғи парк үшiн белгiленген режимi бар, сондай мақсаттарды алға қоятын және сондай мiндеттердi орындайтын, бiрақ табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесiне ие жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң нұсқасы болып табылады.
Мемлекеттiк табиғи резерват - табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттiк зоологиялық парктер - мәдени-ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметiне, тектiк қорды сақтауға және әдеттегi, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар жануарлар түрлерiн жасанды орта жағдайында өсiруге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттiк ботаникалық бақ - өсiмдiктер дүниесiн, соның iшiнде өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн қорғау, молықтыру және пайдалану жөнiнде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткiзуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттiк дендрологиялық парк - ағаш және бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыру мен пайдалануға арналған аймақтар бойынша белгiленген күзет режимдерi бар табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттiк табиғат ескерткiшi - экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бiрегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендердi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне жатқызылған шығу тегi табиғи және жасанды объектiлердi қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттiк табиғи қаумал - мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiр немесе бiрнеше объектiлерiн сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтiң тапсырыстық режимi немесе реттелмелi режимi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттiк қорық аймағы - мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар үшiн резервке қойылған жер учаскелерi мен су айдындарында мемлекеттiк табиғи қорық қорының объектiлерiн және биологиялық саналуандықты сақтауға және қалпына келтiруге арналған теңдестiрiлген күзет режимiнiң түрлерi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары жүргiзедi.
Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және (немесе) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бiрегейлiгi сипатының iшiнара немесе толық жоғалуына байланысты жүргiзiледi.
Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешiмдi жаратылыстану-ғылыми негiздеме жасалған мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде:
1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы қабылдайды.
Табиғат қорғау мекемелерiнiң құқықтық жағдайы
Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк мекеме нысанында құрылады.
Табиғат қорғау мекемелерiне жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiледi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi табиғат қорғау мекемелерiне жедел басқару құқығымен берiледi.
Табиғат қорғау мекемесiн қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының құқықтық жағдайы
Мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар және мемлекеттiк дендрологиялық парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылады.
Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiледi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар мен ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығымен берiледi.
Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары өздерiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң иелiгiндегi ақшамен жауаптылықта болады.
Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының қалған мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық жағдайы
Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының заңды тұлға ретiнде мәртебесi болмайды және олар мемлекет қорғауында болады.
Заңды тұлға болып табылмайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақта мемлекет меншiгiнде болатын жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жедел басқару құқығы өзiнiң қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ болатын табиғат қорғау мекемесiне немесе мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемесiне берiледi.
Мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдар олардың негiзiнде мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер құру кезiнде республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тiзбелерiнен алынып тасталуға тиiс.
Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң қорғау аймақтары
Қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң айналасында, бұл аймақтар шегiнде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерi мен оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады және (немесе) шектеу жасала отырып, қорғау аймақтары белгiленедi.
Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң қорғалу аймақтарының аумағында табиғат пайдаланудың мөлшерi, шекарасы, режим түрлерi және тәртiбi оларды құрудың жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiмен айқындалып, осы Заңға және Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының шешiмдерiмен айқындалады.
Бұл орайда меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiнiң шекарасы бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша белгiленетiн және жер бетiнде арнайы белгiлер қойылатын қорғау аймағының енi екi километрден кем болмауға тиiс.
Табиғат қорғау ұйымдарының рәмiздерi
Табиғат қорғау ұйымдарының рәмiздерi (эмблемасы мен туы) болады.Табиғат қорғау ұйымдары өздерiнiң рәмiздерiн пайдаланудың ерекше құқығына ие болады және оларды жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде пайдалануға рұқсат етуi мүмкiн
Өзін өзі бақылау сұрақтары :
1.Ерекше қорғалатын табиғат обьектілерін қорғау принциптері
2. Ерекше қорғалу заңнамасы
3.Табиғат обьектілерін ерекше қорғалатын бөлімдерін ұйымдастыру
Тақырып 15. Тақырып 15 Халықаралық қоршаған орта (экологиялық) құқығы
1. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Табиғатты халықаралық-құқықтық қорғаудың объектілері мен субъектілері.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық келісімдер, конвенциялар, шарттар.
1. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы. Табиғатты халықаралық-құқықтық қорғаудың объектілері мен субъектілері
Халықаралық экологиялық құқық жеке мемлекеттердің қоршаған ортасының ұлттық жүйелеріне және ұлттық юрисдикция әрекетінен тыс жердегі қоршаған орта жүйелеріне турлі сипаттағы және түрлі қайнар көздерден келтірілетін залалдардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді.
Түрлі сипаттағы ластанулар экологияға зиянды әсерін тигізеді. Халықаралық экологиялық құқықтың нормалары зиянды салдардың болмауын, оны шектеуді немесе алдын алуды қамтамасыз етеді. Бір табиғат объектісінің өзі бір мезгілде түрлі әсерге ұшырауы мүмкін. Ол жеке-жеке зиянсыз болғанымен, жиынтығында зиянды нәтижелерге әкеп соқтыруы ықтимал.
Түрлі кезеңдерде, түрлі авторлар құқықтың осы саласының мазмұнын белгілеу үшін әр түрлі терминология қолданып келді. Олардың ішінде кең таралғаны "табиғатты халықаралық-құқықтық қорғау", "қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау", "халықаралық табиғат қорғау қүқығы", "қоршаған ортаның халықаралық құқығы", "халықаралық экологиялық құқық" сияқты атаулар. Соңғы ұғым құқықтың осы саласының мазмұнын толық көлемде белгілеп береді.
Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың негізгі объектілеріне:
- құрлық, жер қойнауы, Дүниежүзілік мұхит, аспан денелері, әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі, жердің өсімдіктер және жануарлар дүниесі;
- негізгі ластау көздері: а) өнеркәсштік химиялық қалдықтар, ядролық қару, мұнай және газ, көлік құралдары; б) адамның құқыққа сай және құқыққа қайшы әрекеттері жатады.
Халықаралық қауымдастық қоғамдық қатынастардың осы саласын арнайы құқықтық реттеуге мүдделі болып отыр. Оған экологиялық мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты шарттардың өсуі дәлел бола алады. Халықаралық өкілдік ұйымдар күн тәртібіне табиғатты пайдалану мәселелерін қойып отыр.
Халықаралық экологиялық қуқық — осы заманғы халықаралық құқықтың салыстырмалы түрде алғанда жас салаларының бірі. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымактастық халықаралық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарттардың барлығын жасайды. Халықаралық қауымдастық табиғатқа әскери немесе басқа да қастандық жасау құралдарын қолданып, ықпал етуге ұмтылмауға шақырады. Жердің динамикасын, жағдайын, құрылымын қасақана өзгертуге тыйым салынады. Халықаралық экологиялык құқық халықаралық құқық субъектілеріне қоршаған ортаға әскери құралдарды пайдалану арқылы әсер етуге кімде-кімге көмектесуге, қолдануға, түрткі болуға тыйым салады. Оған бейбіт мақсаттар үшін ғана рұқсат береді. Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі халықаралық ынтымақтастык мақсаттары мынадай:
- адамды және оны қоршаған ортаның ауасын ластанудан қорғау;
- мемлекеттік аумақтағы қайнар көздердің ауаны ластауын шектеу, қысқарту және оның алдын алу;
- ақпараттар, консультациялар, ғылыми зерттеулер және мониторинг алмасу арқылы ауаны ластаумен күресу стратегиясын жасау;
- ауа сапасын реттеудің және оны ластаумен күрес шараларының ең жақсы жүйесін жасау;
- кез келген қайшы әрекеттерге тыйым салу және алдын алубойынша кез келген заңды шараларды қабылдау.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық келісімдер, конвенциялар, шарттар.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі арнайы көпжакты алғашқы конференция 1972 ж. Стокгольмде шақырылған болатын. Ол БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасының (ЮНЕП) жүзеге асуына жол ашып берді.
БҰҰ Бас Ассамблеясының XXVII сессиясында "Қоршаған орта саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі ұйымдық және қаржылық шаралар" деген қарар қабылданды.
Кейінірек, 1975 ж. Хельсинки Қорытынды актісінде "Экономика, ғылым, тсхника және қоршаған орта саласындағы ынтымақтастық" деген арнайы бөлім пайда болды.
Бұл құжатта осындай сипаттағы ынтымақтастықтың келешегі белгіленді. Оның ішінде, халықаралық ынтымақтастық қоршаған ортаны қорғау мен жақсартудан, сондай-ақ қоршаған ортаға және оның ресурстарын қазіргі және келекшектегі адамзат игілігі үшін ұтымды пайдаланудан келіп шығатындықтан, ол экономикалық даму үшін үлкен маңызы бар міндеттердің бірі болып табылады. Мемлекеттер өздерінің аумақтарында жүргізіліп жатқан әрекеттердің басқа мемлекеттің қоршаған ортасының нашарлауына себеп болмауы керектігін түсінуі тиіс. Хельсинкидегі Қорытынды Акті қарастырылып отырған саладағы ынтымақтастық мақсаттарын айқындап берді. Оларға:
- қоршаған орта проблемаларын зерттеу, қоршаған орта проблемаларының кешенді ғылыми амалдарын дамытуды қолдау;
- фактілерді жинауда және саралауда пайдаланылатын тәсілдерді салыстыру және үйлестіру арқылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық және халықаралық шаралардың тиімділігін арттыру; қоршаған ортаның ластану проблемалары мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі білімдерді дамыту;
- қоршаған орта саласындағы мақсатқа сай болатын және оларды үйлестіру мүмкіндігіндегі саясатты жақындастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау;
- қоршаған ортаны қорғау және жақсарту, оның жай-күйін бақылауға арналған құрал-жабдықтарды жасау, өндіру, жетілдіру саласында мүдделі ұйымдардың, мекемелердің және фирмалардың ұлттық және халықаралық деңгейдегі қабылдайтын әрекеттерін қолдау жатады.
Осы бағдарламалық құжаттар халықаралық қауымдастықтың ынтымақтастық саласын айқындап берді:
Ауаның ластануымен күресу.
Суларды және ауыз суларды пайдалануды ластанудан қорғау.
Теңіздің қоршаған ортасын қорғау.
Топырақ қабаты мен жерді пайдалануды қорғау.
Табиғат пен қорықтарды қорғау.
Қоршаған орта мен елді мекендердің жағдайын жақсарту.
Қоршаған ортадағы өзгерістерді іргелі зерттеу, бақылау, болжау және бағалау.
Құқықтық және әкімшілік шаралар.
Осындай сипаттағы ынтымақтастық, нысандары ретінде: ғылыми-техникалық ақпараттар мен зерттеу нәтижелерін алмасу; конференциялар, симпозиумдар және сарапшылар кеңесін ұйымдастыру; ғылыми қызметкерлер алмасу; қоршаған ортаны қорғаудағы түрлі проблемаларды зерттеу мен шешуде бағдарламалар мен жобаларды бірігіп дайындау мен жүзеге асыру таңдап алынды.
1979 ж. Женевада кеңес өткізілді, онда мынадай құжаттар жасалды: атмосфералық ауаны едәуір қашықтықта шекарааралық ластау туралы Конвенция; бұл конвенция күшіне енгенге дейін атқарылатын шаралар туралы қарар; аз қалдықты және қалдықсыз технология мен қалдықтарды пайдалану туралы декларация. Осы құжаттардың құқықтық нормаларына сәйкес, қатысушы мемлекеттер адамдардың денсаулығына, өсімдік және жануарлар әлеміне теріс әсер ететін қалдықтарды атмосфераға шығаруды көбейтпеуге, кейінірек - азайтуға міндеттенеді. Бұл құжаттардың күшіне енуі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да халықаралық-құқықтық акциялар үшін Еуропада ғана емес, сонымен бірге басқа да континенттерде алғышарттар жасады.
1992 ж. маусым айында Рио-де-Жанейрода БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі Конференциясы шақырылды. Қоршаған орта және экономикалық дамудың өзара әрекеттестік мәселелері, Жердін экожүйесін сақтау және қорғау мақсатындағы ғаламдық әріптестік үшін жағдайлар жасау сияқты негізгі мәселелер күн тәртібіне қойылды. 1992 ж. халықаралық экологиялық құқықтың маңызды қайнар көздері қабылданды, атап айтқанда: Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио Декларациясы; Биологиялық алуан түрлілік туралы Конвенция; Климаттың өзгеруі туралы негіздемелі Конвенция. XXI ғасырдың Күн тәртібі қабылданды. Бұл құжат жаңа жүзжылдықта мемлекеттерге, үкімеггерге, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар үшін ұсыныстык сипаттағы бәрін қамтитын жинақ ретінде көрініс тапты, оны орындау қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін болады.
Халықаралық экологиялық құкық қағидаларының жүйесі. Халықаралық экологиялық құқық қағидаларының жүйесі мынадай сипатта белгіленген:
- мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің халықаралық табиғатты қорғаудағы ынтымақтастықтарының қағидасы;
- қоршаған ортаға зиян келтірмеу қағидасы;
- жоспарлы қызметтің шекарааралық салдарын бақылау кағидасы;
- қоршаған ортаны ұтымды пайдалану қағидасы;
- мемлекеттік шекаралардан тыс жердегі қоршаған табиғи орта барлық адамзаттың ортақ игілігі болып табылады;
- экологиялық залал үшін халықаралық жауапкершілік қағидасы;
- қоршаған ортаны және оның құрамындағы бөліктерді зерттеу және еркін пайдалану қағидасы.
1992 ж. Рио-де-Жанейродағы конференция халықаралық экологиялық құқықтың әрекеттегі қағидалар жүйесін жаңа мазмұнмен толықтырды. Қағидаларды жіктеудің жаңа үлгісі ұсынылды, атап айтқанда:
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы адам құқықтарының сақталу қағидасы.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттердің ынтымақтастық қағидасы.
Адамзат қоғамының тұрақты даму қағидасы,
4. Бейбітшілік және экологиялық дауларды бейбіт жолдармен шешу қағидалары.
Халықаралық экологиялық құқықтың негізін қалаушы идеялар, бастау ретінде мынадай тезистер орын алды:
- қоршаған ортаны қорғау - даму процесінің құрамдас бөлігі;
- мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиімді зандарды қабылдауы;
- қоршаған ортаға және адамдарға залал тигізетін ластағыштардың басқа мемлекеттерге өтіп кету фактісінің алдын алу;
- қоршаған орта үшін шекарааралық теріс салдар әкелуі мүмкін шаралар туралы өзара мәліметтер беру;
- Жердің экожүйесін сақтап қалу мақсатындағы мемлекеттердің ғаламдық әріптестіктері;
- қоршаған орта жағдайының нашарлау проблемаларын дер кезінде шешу;
- жоспарланған әрекеттердің ықтимал экологиялық салдарын бағалау;
- қоршаған орта жағдайы нашарлауының алдын алу және сақтандыру үшін шаралар қабылдау;
- халықаралық құқық нормалары мен қағидаларын құрметтеу және қоршаған ортаны қарулы қақтығыстар кезінде қорғауды қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаны қорғау проблемаларының шешімін табу қызмет саласына халықаралық ұйымдардың кең көлемін тартып отыр. Жалпы құзыретті халықаралық ұйымдар қоршаған орта мәселелерімен айналысады. Оларға Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері жатады. 1972 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасы (ЮНЕП) жасалды.
БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің Жарғылық ережелері олардың халықаралық экологиялық құқық саласындағы міндеттемелерін тура бекітіп бермейді. Сонымен бірге, қоршаған ортаны қорғаудың жеке аспектілері осы мекемелердің табиғатты қорғаудағы ынтымақтастыққа іс жүзінде қатысумен расталып та отыр. Қоршаған орта проблемалары мен БҰҰ-ның қандай да бір мамандандырылған мекемелерінің негізгі мақсаттарының арасындағы өзара байланыс түрлі сипатқа ие. Мысалы, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) жарғылық ережелерінің орындалуы табиғат элементтерін ауылшаруашылығы өндірісі мақсаттарына пайдаланумен, табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланумен байланысты болып келеді.
Басқа мамандандырылған мекемелер, мысалы ИМО, ИКАО, МАГАТЭ, теңіздің, әуенің қоршаған орталарын, энергияны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге икемделген. Адамдар өмірінің нақты жағдайларын, денсаулықты, жұмыс күшін, қоршаған ортаны жақсарту мәселелері тұтастай алғанда БДҰ, ЮНЕСКО, ХЕҰ кызметтерінде қарастырылады
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Халықаралық табиғатты қорғау қағидалары
2.Халықаралық дәрежедегі табиғатты қорғау ұйымдары, олардың жұмыстары
Қоршаған ортаны халықараылқ дәрежеде сақтандыру көздері
2.Практикалық сабақтар тақырыптар:
Тақырып 1. Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні
Мақсаты: Экологиялық құқық ұығымын ашу.
1.Мемлекеттің экологиялық қызметі
2.Қоршаған табиғи орта құқық обьектісі ретінде
3.Экологиялық құқық қатынастар түрлері
4.Экологиялық құқық субьектілері мен обьектілері
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Экологиялық құққытық институттар
2.Экологиялық құқық жүйесі
3.Экологиялық құқық сипатамасы
Негізгі әдебиеттер
1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993
2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995
3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005
4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім
5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім
6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995
Тақырып 2. Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері .
Мақсаты: ҚР ның экологиялық құқығының бастауын ашу
1. Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы.
2. Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы заңдар және олардың даму кезеңдері.
3. Экологиялық құқық қайнар көздерінің түсінігі.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Басқа құқық салаларымен қатынасы
2.Экологиялық құқықтың Қазақстандағы кезеңдері
Негізгі әдебиеттер
1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993
2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995
3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005
4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім
5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім
6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995
Тақырып 3. Табиғат обьектілеріне меншік құқығы.
Мақсаты: Құқық обьектісі ретінде табиғат ресурстарынын маңызы
1. Табиғат обьекітілеріне мемлекеттік меншік құқығы түсінгі және жалпы сипаттамасы.
2. Құқықтық қорғау обьектілері мен мемлекетттік меншік құқығының арақатынасы.
3.Мемлекет табиғат обьектілеріне меншік құқығы субьектісі.ҚР-ның Парламенті және жергілікті өкілді және атқарушы органдары мен олардыңтабиғат обьектілеріне меншік құқығын іске асыру жөніндегі өкілеттігі.
4. Табиғат обьектілеріне жеке меншік құқығының түсінгі жалпы сипамамасы.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
1.Табиғат обьектілерінің жалпы сипатамасы
2.Табиғат ресурстарның түрлері
3.Табиғат ресурстарның маңызы қоғам үшін
Достарыңызбен бөлісу: |