Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
22.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
22.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
«Жастұлпар» және студенттік жастардың басқа да бейресми ұйымдары, алғашқы
қазақ диссиденттері. М. Шаханов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, О. Сүлейменов, І.
Есенберлин және т.б. шығармашылығы.
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты
Идеологиядағы, экономикалық және саяси өмірдегі ауқымды өзгерістер. М.
С. Горбачевтың реформалары. Жариялылық пен демократия жағдайында одақтық
республикаларда туындаған ұлттық қақтығыстар. Экономикалық дағдарыс.
«Қайта құру» мен «жариялылықтың» ел экономикасына әсері. Одақтық басқару
жүйесі тұсында жеке мемлекеттік кәсіпорындардың ұлттық республикаларға
қайтарылуы. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы (1979-1989
жылдар).
Д.А. Қонаевтың қызметі. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа
қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми
түрде ақталуы. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылуы. Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінің сайлауы. «Тіл туралы заңның» қабылдануы және оның
маңызы. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991 жылғы
тамыз төңкерісі. Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы (КОКП) қызметінің
тоқтатылуы. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
(бұдан әрі - ТМД) құрылуы.
Достарыңызбен бөлісу: