Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі



бет6/7
Дата15.09.2017
өлшемі1,17 Mb.
#33226
1   2   3   4   5   6   7

3. Жарық сәулесінің қалыпсыздығының коэффицентті - (коэффициентт пульсаций).

Былай түсінуге болады. Люминисцентті электор лампаларының жарық нұрының өте жақсы жарық жанып, бірде, әлсірей жанып тұрған кездеріндегі олардың бір-біріне қатынасының проценттік мөлшері. Оны мына фомуламен табуға болады:


Бұдан


-жарық нұрының ең жоғарғы деңгейі

-жарық нұрының ең төменгі деңгейі

-жарық нұрының орташа деңгейі

Өндірістік орталарда, жұмыс орындыарында электр жарығын тиісті норма бойынша өлшегенде, оның сан мен сапа қасиеттері түгел есепке алынады.

Ет және сүт кәсіпорындарының өндірістік жарық жүйесінің жалпы араласы және апатты жағдайдағы жарық деп аталатын түрлері қолданылады. Цехтарды көбіне жалпы жарық жүйесі пайдаланады.

Ал шикізаттарды витеринарлық, медициналық сарапқа салған уақытта жалпы жарыққа қосымша мөлдекті жарықта да пайдаланады. (аралас жарық)

Авариялық жарық (апат болатын жағдайда жанатын жарық) фарш жасайтын бөлмелерде, шұжық цехтарында немесе шұжық сүрлеу бөлмелерінде кенеттен жалпы жарық істен шығып, өшіп қалған жағдайларда осы заттарды бүліндіріп алмай, жұмысты аяқтап тастау үшін қажет болатын жарық. Екіншіден, кенеттен апатқа ұшырап, жарылыс болып қалған жағдайда, жұмысшыларды қауіпсіз жерлерге алып шығу үшін де осындай апат жарығы керек. Апат жарығы тоқты бөлек тоқ көзінен алады және ол автоматты түрде жалпы жарық өшіп қалған кезде адамның көмегінсіз өздігінен жанады. Апат жарығының қуаты жалпы мөлшері жалпы жарықтың кем дегенде 5% болуы тиіс. Жарықтың ең төменгі мөлшердегі көз жұмыстарының жағдайына қарай зерттелетін заттардың көлеіне қарай зат пен фонның қатнастарына қарай белгіленеді.

Ет және сүт кәсіпорындарында, мысалы, ет жібіту камераларында, шұжық сақтайтын, кептірілген қоймаларда және ауаның микробтары заласыздандырылатын бөлмелерде, бактерецинды жарық яғни, (бактериаларды жоятын) кеңінен пайдаланады.

Жарық көз ретінде ет және сүт кәсіпорындарнда қазіргі уақытта әртүрлі қызбалы лампаларының қатар люминиецентті (газ толтырылған) лампалар қолданылады.

Қызбалы лампалар: вакуммді-НВ, газ толтырылған -НГ т.б. болады.

Люминиецентті лампалар: күндізгі жарық ЛД, жақсартылған түсбергіші бар күндізгі жарық ЛДЦ, суық ақ ЛХБ, жылы ақ ЛТБ, ақ түсті ЛБ, т.б. болып бөлінеді.

Жарылу қауіпі бар заттар сақталатын қоймаларда тоңазытқыш машиналарының залдарында жарылысқа төзімді газ толтырылған лампалар орнатылады, мысалы: ВЗГ маркалы лампа т.с.с.

Ылғалды және шаң тозаңды көп болатын залдарға осы факторларға төзімд лампалар ПВЛ қойылады. Жұмыс орындарындағы жарықтың (күннің жарығын да, электрдың жарығын да) мөлшерін «люкс» өлшемімен Ю-116 деп аталатын объективті люксметрмен өлшейміз. Алынған мөлшерді санитарлық нормамен салыстырып тиісті қорытынды шығарамыз. Өлшем жүргізілетін орын кафедраның лабораториясы және далада.

Бақылау сурақтары:



1.Авариялық жарық деген не ?

2.Жарық ағынын қолдану коэффициенті нешеге тең (0.53)?

3.Қызбалы лампалар?

4.Люминиецентті лампалар?

5.Ылғалды және шаң тозаңды көп болатын залдарға осы факторларға төзімд қандай лампалар қойылады?

1 Лабораториялық жұмыс
Шаңдардың дисперсті құрамдарын зерттеу әдістері
1 тақырыбы: Жұмыс (өндіріс) орындарында ауа құрамындағы улы газдар мен буларды жедел анықтау жолдары.

(уақыты – 4 сағат)


Жұмыстың мақсаты:

Өндіріс орындарындағы ауаның құрамындағы улы газдар мен буларды УГ-2 маркалы газ сараптаушы құралымен анықтау



Негізгі керекті құрал: газ сараптағыш –УГ-2

Жұмыстың орындалу тәртібі:

  1. Газ сараптағыш құралдың құрамы меноны пайдаланудың жолдарын игеру.

  2. Зерттелген ауадағы улы заттың мөлшерін анықтау

  3. Жүргізілген жұмыс бойынша қысқаша қорытынды шығарып, тұжырымдау. Тұжырымдамада мына төмендегілерге назар аударылуы керек:

  • анықталған улы заттың қауіптілік класы

  • ол заттың уландырғыш қасиетін саралау

  • ол уландырғыш заттан жеке адамның қорғану құралдары және жолдары.

Жұмыс орындарында, атмосфералық ауада улы газдарды анықтаудың басқа да жолдары мен таныстыру: иіс сезу мүшелері арқылы (органолептикалық), индикациялық (анықтағыш қағаздар немесе ұнтақтар арқылы)жолымен.
Индикациялық жолмен сараптаудың негізгі принципі
Ол мынаған негізделген: ауадағы улы затпен қолданылған реактивтің (анықтағыш заттың) арасында химиялық реакция жүрудің арқасында реактивтің түсі өзгереді. Ламборта-Вэридің заңына сәйкес реактив түсінің өзгеруі жылдам да қанықты жүрсе, соғұрлым улы заттың ауадағы мөлшері көп болмақ.

Анықтаудың қортындысын екі әдіспен жүргізуге болады: колориметриялық және сызықтық-колористикалық жолдарымен.

Колориметриялық жолмен анықтағанда сараптаудың қортындысын шығару үшін реактивтің өзгерген түсін стандартты түрлі түсті шкаламен салыстыру арқылы шешуге болады.

Сызықтық-колористикалық әдіс-негізгі әдіс болып саналады, ол практикада ауаның улы газдары мен буларын анықтауда жиі қолданылатын прогрессивті әдіс болып саналады. Бұл әдіс бойынша ауаны сараптаудың қортындысын анықтағанда, түсі өзгерген индикациялық ұнтақтың биіктігін ( немесе ұзындығын) шкалаға салып өлшеу арқылы мг/м3 мөлшерде табуға болады. Төмендегі айтылғалы отырған УГ-2 сараптағышының жұмысы да осы сызықтық-колористикалық әдіске негізделген.


УГ-2 ауа сараптағышының құрлысы
Ауа сараптағыш УГ-2 маркалы құрал мынадай бөлшектерден тұрады: ауа соратын цилиндр секілді кеңірдек сильфон, ол сыртқы ауамен резинка түтікшемен жалғасады, сыртқы темір қорапшаның бетінде шкала орналасатын қондырғысы бар: шток және оны енгізетін тесікше, тесікшенің жақтауында пружинвлы ұстағыш (фиксатор): темір беткейдің бір жақ бұрышында шток салатын тесік бар. Сильфонды сыртқы ауамен қосып тұрған резинка түтікшкнің сыртқы ұшына индикациалайтын ұнтаққа толтырылған шыны түтік кигізіледі. Сильфонмен ауа сорғызылудан бұрын, штоктың көмегімен оны бағыттағыш түтікшеге кіргізіп, төмен қарай басып сильфонды қысады, сонда сильфонның ішіндегі ауа резинка түтікше арқылы сыртқа шығады. Штоктың жақтауындағы екі шұңқыр ойықшаның жоғарғысына дейін штокты қысып жеткізген соң, пружиналы ұстағышпен штокты қайта көтерілуін тоқтатып, ұстатады. Штоктың төрт жақтауында, оның жоғарғы жағындағы қалпақшасының астындағы көрсетілген сан, сол штоктың жоғарғы жағындағы шұңқырдан төменгі шұңқырға дейінгі аралықта ауа сорғыш, қанша ауа соратынына сәйкес келеді. Енді шыны түткішені индикациялық ұнтақпен толтырулы күйінде резинка түтікшеге кигізеді де, қондырғыдағы шкаланы орналастырады. Сөйтіп, штокты алақанмен сәл басып, пружиналы ұстағышты кейін тартып, штокты жібереді. Осы кезде уақытты белгілейді. Бұл кезде сыртқы зерттелетін ауа ұнтақ салынған шыны түтікше арқылы сильфонға сорыла бастайды. Индикациялайтын ұнтақ зерттеліп отырған ауадағы газды анықтауға арналған (специфический порошок) болуы шарт. Осы шарт бойынша ауадағы улы газбен ұнтақ реакцияға түсіп, ұнтақтың түсі өзгереді. Бұл өзгерістің шапшаңдығы мен айқындылығы ауадағы улы газдың көп-азына тікелей байланысты. Штоктың жақтауындағы жоғарғы және төменгі шұңқырдың арасына шток қанша уақыт көтерілетініне әрбір улы газдарға сәйкесті түрде белгіленген. Шток төменгі шұңқыршасына жеткенде ұстағыш сырт етіп сол шұңқыршаға түседі де, штоктың жүруін тоқтатады, бірақ бұдан кейін де сильфонға ауа сорылуы сильфондағы қалдық вакуумның әсері мен біршама тағы одан әрі жалғасады, сондықтан да ұстағыш төменгі шұңқыршаға дыбыс беріп түскеннен кейін де 1-2 минут ұнтақты түтікшені суырмай қол тұру керек. Белгіленген мөлшердегі уақыт еткен соң, ұнтақты түтікшені алып, шкаламен салыстырып, көрсетілген санды 102, яғни жүзге көбейту керек. Бұл табылған санды, яғни улы газды мг/м3 –ке айналдырған болып табылады. Енді табылған санды бір м3 –тегі улы газдың мөлшерін таблица бойынша белгіленген (ең жоғарғы мөлшер) нормамен салыстырып, егер улы газ мөлшері нормадан асып жатса, тиісті шара қолданылуы қажет.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет