Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі


Мұздықтарды кейде мұзарттар деп те атайды



бет4/4
Дата20.10.2022
өлшемі112,23 Kb.
#154188
1   2   3   4
Байланысты:
ПЖ-5. ГВК

Мұздықтарды кейде мұзарттар деп те атайды. Олар – жер бетіндегі мұздардың табиғи жиынтығы. Мұздықтар қатты атмосфералық жауын-шашынның жыл бойы түскен жалпы мөлшерінің оның еріген және ауаға буланған үлесінен артық болған жерде пайда болады. Әдеттте, тау беткейлерінің қар жиегінен жоғары жатқан бөлігінде шоғырланады. Қазақстандағы биік тау өңірлеріндегі мұздықтардың жалпы саны 2700-ден асады. Ал жалпы ауданы – 2033,0 кв.км.
Корженевский мұздығы
Еліміздің ең ірі әрі көлемді мұздыққа Корженевский мұздығы жатады. Ол Іле Алатауындағы Есік өзені алабында жатыр. Оның ұзындығы – 11,7 км, жалпы ауданы – 38,0 кв.км, көлемі – 6,3 куб км. Мұздыққа қарама-қарсы Іле Алатауының ең биік жері – Талғар шыңы (5017 м) орналасқан.
Берг мұздығы
Берг мұздығы Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік-батысында 4247 м биіктікте орналасқан. Мұздықтың жалпы ауданы – 14,4 кв.км, орташа қалыңдығы – 80 м,көлемі – 1,5 куб км. Мұздықтан Лепсі өзеніне келіп құятын Балақора өзені бастау алады. Бұл мұздықтардан басқа Алтай, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей, Қырғыз, Талас Алатауларында да мұздықтар жиі кездеседі. Шыңдеп тау басының сүйірленіп келген төбесін (ұшын) айтады. Олардың биіктіктері де әр түрлі болады.
Хан тәңірі
Қазақстандағы ең биік шың – Хантәңірі. Оның теңіз деңгейінен биіктігі – 6995 м. Ол Орталық Тянь-Шань тау жүйесіндегі Қазақстан, Қытай, Қырғызстан шекараларының түйіскен тұсында орналасқан. Солтүстік және солтүстік-батыс беткейі Қазақстан аумағында, қалған бөлігі Қырғызстан жерінде жатыр. Пішіні сүйір, пирамида тәрізді келген. Оның басын мәңгі мұз бен қар көмкеріп жатады.
Талғар шыңы
Еліміздегі екінші биік шың – Талғар шыңы. Оның биіктігі – 5017 м. Ол Іле Алатауының орта тұсында орналасқан. Оның басында да мәңгі қар мен мұз жатыр.
Мұзтау
Талғар шыңынан кейінгі биік шың Алтай тауларындағы Қатын жотасында орналасқан. Оның биіктігі – 4506 м. Оны Мұзтау деп атайды. Шыңның төңірегінде биік, үшкір тау шыңдары көптеп кездеседі. Оларды жыл бойы қар мен мұздықтар басып жатады. Мұзтаудан Ақ Берел, Қатын, Меңсу өзендері бастау алады. Бұлардан басқа еліміздің ірі таулары мен тау жоталарында да салыстырмалы түрде биік шыңдар бар. Олар: Күнгей Алатауда (3033 м), Көкшетау қыратында (Көкше тауы, 947 м), Кетпен жотасында (Аспан тауы, 3652 м), Жетісу Алатауында (Бесбақан шыңы, 4622 м), Қаратау жотасында (Бессаз тауы, 2175), Маңғыстау облысында (Бесшоқы тауы, 552 м), Орал тауында (Ешкі тауы, 247 м), Баянауыл тауында (Ақбет шыңы, 1026 м), Қарқаралы тауында (Комсомол шыңы, 1403 м), Қырғыз Алатауында (Батыс Аламедин шыңы, 4875 м), Сарыарқада (Ақсораң шыңы, 1565 м), Тарбағатай жотасында (Тастау шыңы, 2991 м), т.б. тауларда бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет