Туберкулезге алоэнің емдік әсері:
Тұмау, бронхит, гайморит, фарингит, демікпе, өкпенің қабынуы, туберкулез-тыныс алу мүшелерінде болатын жұқпалы аурулар. Бұлардың алдын алып, сақтық жасамаса, насырға шауып, індетке айналады.Сондықтан туберкулез-өкпе құрты деп тегін айтылмаған.Мәселен өткен ғасырдың басында Қазақстанда әр жүз мың адамның 400-500 туберкулез ауруына шалдығып, өмірлерімен қоштасқан. Елімізде осындай індет жайлап кетпеуі үшін өкпе туберкулезінің қалай өтіп, әсер етуін зерттейтін, оның алдын алып, сақтандыру шараларының әдісін жүзеге асыратын медицина саласы-фтизиатриа қажырлы еңбек етуде. Қазіргі фтизиатрианың негізгі мақсаты-өкпе туберкулезіне шалдыққандарды неғұрлым қысқа мерзімде құлан-таза емдеп шығару.
Соңғы 30 жыл ішінде Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында дүниеге келген 17 жасқа дейінгі мерзімде 5-6 жылда бір рет туберкулезге қарсы егу нәтижесінде айтарлықтай күрес жүргізілді.Француз микробиологы Альберт Шарлб Кальмет тұңғыш рет туберкулезге қарсы егілетін вакцина жасап, 1921 жылы нәрестелерге ең алғаш екті. Вакцина енген балаға туберкулез жұқпайтыны, жұққанда да баланың ауруға шалдыға бермейтінін ғалымдар анықтады. Егу нәтижесінде соңғы жылдары аталған сырқаттың 2,5 есе азаюына септігі тигендігі мәлім болды.
Достарыңызбен бөлісу: |