Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі ғылыми жұмыс тақырыбы



бет9/13
Дата08.02.2022
өлшемі490,95 Kb.
#124919
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Ғылыми жұмыс АЛОЕ

Алоэнің химиялық құрамы:
Алоэ шырынында ферменттер,глюкозид, витаминдер көп, оның әр түрлі бактерияларды өлтіретін күші бар.


Алоэнің қасиеті:
Кермек дәмді, усыз келеді.Алоэ шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп, бактерияға қарсы күресе алады. Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегі шығара алады. Сондықтан да оны ұйықтайтын немесе адам көп жүретін бөлмеге қойған жөн.

Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді




Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды.


Алоэнің күтімі:
Тыңайтылған ылғалды топырақта жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суғарып отыру қажет. Жас өркендерін шығарып түпшелеп өсе береді. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммияк селитрасымен (1 л суға 1 г қосып)қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлес өзен құмы болуға тиіс. Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш көмірі қосылады.

Алоэ бұтақшалары және сабақтың төменгі буынында өсетін өркені арқылы көбейтіледі. Өсімдіктің кесіп алынған бұтақшасын 1 тәулік кептіріп содан соң өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға отырғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет