Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі Кәсіби шығармашылық факультеті Көркем еңбек және дизайн кафедрасы Тақырыбы: 12 жылдық білім беру тұжырымдамасының мазмұнын талдау

Дата04.01.2022
өлшемі104,53 Kb.
#109594
Байланысты:
12жылдық білім беру

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі Кәсіби шығармашылық факультеті Көркем еңбек және дизайн кафедрасы Тақырыбы: 12 жылдық білім беру тұжырымдамасының мазмұнын талдау.

Орындаған:Сайлаубаева А. Б.

ПОК-301

Тексерген: Сутеева М. А.

12 жылдық білім беру мақсаты

12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.

2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуі басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.

12 жылдық мектеп оқушысының моделі

ҚР 12 жылдық білім беру стандартына сай білімдермен қаруланған

Қажетті білім негіздерін игеріп, білім дағдысы қалыптасқан

Өмірлік көзқарасы құндылық қасиеттері, қалыптасқан

Алған білімдерін өздерінше жүзеге асыра алатын

Бәсекеге қабілетті

Өскелең өмір талаптарына сай бейімделген

Өз бетінше жоспарлап, шешім қабылдай алатын

Өміріндегі өз орнын тауып, өздігінше дами алатын тұлға

12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады:

    • 0 балл – қанағаттанарлықсыз 
    • 1-2 балл – қанағаттанарлықтан төмен 
    • 3 балл – қанағаттанарлық
    • 4 балл – қанағаттанарлықтан жоғары
    • 5 балл – жеткілікті жақсы
    • 6 балл – жақсы
    • 7 балл - өте жақсы
    • 8 балл - үздікке жақын
    • 9 балл – үздік
    • 10 балл - өте үздік 

Білім алушының іс әрекетінің барлық түрін бағалау оқушының алған балдарын қосу әдісімен жүргізіледі.Әрбір оқу пәні бойынша жоғары балл білім алушының белгілі бір оқу кезеңінде, іс - әрекеттің белгілі бір түрін орындағанда, сондай – ақ білім алушылардың іс - әрекеттерін бақылаудың ағымдық, аралық, қорытынды формаларында алған балдарын қосу арқылы анықталады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оларды оқыту және тәрбиелеуде нақты алған нәтижелерді қадағалауды және оларды әрі қарай жетілдіруді көздейді.

Оқу жетістіктерін бағалау түрлері

Сабақ сайын білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалау оқу іс - әрекетінің деңгейіне сәйкес белгіленген баға ауқымы аясында бір сабақ ауқымында жинақталған балдардың орташа арифметикалық мәнін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Орташа арифметикалық мәнді анықтау үшін оқу іс - әрекеті деңгейлеріне ( репродуктивті, продуктивті) сәйкес әртүрлі тапсырмаларды орындағанда алған оқушылардың балдары пайдаланылады. 

Жалпылау, тақырыптық және қорытынды бағалауда мұғалім олардың іс - әрекеттерінің барлық деңгейлерін ( репродуктивті, продуктивті, шығармашылық) ескереді:

  • Ағымдық 
  • Кезеңдік 
  • Межелік 

Бастауыш және негізгі мектепті аяқтағаннан кейін ( 4 және 10 сыныптардан кейін) аралық мемлекеттік бақылау және оқыту нәтижелерін межелік бақылаулар арқылы өткізіледі. 

Бастауыш және негізгі мектепті аяқтағаннан кейін ( 4 және 10 сыныптардан кейін) аралық мемлекеттік бақылау және оқыту нәтижелерін межелік бақылаулар арқылы өткізіледі. 

Жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін (11 (12) сыныптардан кейін) Ұлттық бірыңғай тестілеу ретінде жалпы орта білім сапасын мемлекеттік бақылау түрінде өткізіледі. 

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мониторингі білім беруден күтілетін нәтижеге қатысты әрбір екіжылдық оқыту циклдары соңында өткізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет